Будапештте отандастар бас қосты
Мажарстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 30-дан астам қазақстандық студент Лакителек Халық университетінде ұйымдастырылған арнайы кездесуге қатысты. Шараға «ELTE», «Corvinus», «Debrecen», «BUEB» және «Pecs» университеттерінің студенттері келді. Іс-шара Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежактың патронаждығымен өтіп, Қазақстанға арналды.
Кездесуге Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров, сондай-ақ Лакителек Халық университетінің профессоры әрі Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті мен ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытатын мажарлық азаматтар да шақырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастармен байланысты нығайту, олардың отансүйгіштік рухын көтеру, мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.
Толығырақ: oq.gov.kz
@otandastar

🔥4
«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Диаспора істеріне жауапты министрлері мен мекеме басшыларының 7-ші отырысына қатысты.
Отырыс 2025 жылғы 2 желтоқсанда Будапештте өтті. Бұл жоғары деңгейдегі диаспоралық кездесу Венгрияда алғаш рет ұйымдастырылды. Қазақстан атынан іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров және Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысып, мемлекетіміздің өкілдігін қамтамасыз етті. ТМҰ мүшелі елдер тарапынан Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркиядан өкілдер қатысты.
Отырысқа ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев пен Мажарстанның шетелдегі Мажар қауымдастықтарына жауапты мемлекеттік хатшысы Лоринц Нача төрағалық етті.

👍2