«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
2025 жылғы наурыз - қараша айлары аралығында өткен шетелдегі отандастарымызға ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған домбыра ойнауға үйрету курсы сәтті аяқталды.

Шетелдегі отандастарды домбыра ойнауға оқытуды ұйымдастыру жобасы дәстүрлі өнерді кеңінен таныстыруға және отандастардың ұлттық санасын рухани жаңғыртуға негізделген.

Жобаның негізгі мақсаты: шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасында дәстүрлі өнерді дәріптеу; домбыра үйрену арқылы қазақтың музыкалық мұрасын насихаттау; мәдени байланыстарды нығайту.
Өзбекстандағы Ташкент облысы, Аққорған және Шыршық аудандарынан, Өзбекстандағы Науайы облысынан, Ресейдің Омбы қаласынан, Түркияның Ыстамбұл қаласынан 80 қатысушы қатысып, барлығы 468 сағат сабақ жүйелі түрде ұйымдастырылды. Үйірме жұмысы барысында қатысушылар домбыра құрылымы, негізгі қағыс түрлері, нота сауаты және ырғақтық ерекшеліктер бойынша жоспарланған оқу материалдарын толық меңгерді. Сабақтар тек техникалық дағдыларды үйретумен шектелмей, музыкалық шеберлікті, шығармашылық импровизация қабілетін дамытуға бағытталды. Домбыраның қоңыр үні шетелдегі отандастарымызға рухани байланыс сыйлап, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын одан әрі арттырды.

@otandastar
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы төлемдері туралы келісімге келді

Толығырақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың қосымша баяндамасында көрсетілген.

@otandastar
👍1
2025 жылдың 10 желтоқсанында «Отандастар қоры» КеАҚ және Азия зерттеулері институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Қоғамның вице-президенті А. Жұрқадам және нститут директоры, профессор Г. Ким қатысты. Меморандумның мақсаты – шетелдегі отандастарды зерттеу, олардың мәдени мұрасын сақтау және ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту. Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуге, конференциялар мен ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға, далалық экспедициялар өткізуге және жас зерттеушілерге қолдау көрсетуге келісті. Бұл келісім шетелдегі отандастарды зерттеу мен халықаралық ғылыми әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

@otandastar
👍4❤1
🔸Қазақстан мен Татарстан: өзара тиімді серіктестіктің үлгісі
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1125034?lang=kk


🔹 Казахстан и Татарстан: пример взаимовыгодного партнерства
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1125034?lang=ru
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.

Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.

Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.

Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

t.me/aqorda_resmi
👍2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің заңды нәтижесі, ел тарихындағы ең қастерлі әрі тағдырлы мерекелердің бірі. Тәуелсіздік бізге өз тағдырымызды өзіміз айқындауға, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға және болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде дамудың өзіндік бағытын қалыптастырып, бейбітшілік пен келісімді басты құндылық ретінде ұстанып келеді.

Тәуелсіздік - тек саяси еркіндік қана емес, ол ұлттың рухы, бірлігі мен жауапкершілігі. Бұл күн әрбір азаматты ел тағдырына бейжай қарамауға, ортақ болашақ үшін аянбай еңбек етуге үндейді. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген барша отандастарымызға алғыс білдіре отырып, елімізге тұрақтылық, бірлік және жарқын келешек тілейміз.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

@otandastar
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇿 Өзбекстандағы отандастарымыз Қазақстан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Өзбекстан Республикасы Парламентінің «Халқ сўзи» / «Народное слово» газеттерінің жауапты хатшысы, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің аға оқытушысы Нұрлан Усманов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.

Құттықтауында ол Қазақстанның егемен ел ретінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, мемлекетке тұрақтылық, өркендеу, бейбіт өмір мен мол табыс тіледі. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді.

@otandastar
❤7🔥3👍1
KAZINFORM: Қазақстан Тәуелсіздік алғанда Баян-Өлкеде 10 мыңдай қазақ алаңға жиналған

1991 жылдың 16 желтоқсаны Түркі дүниесі тарихында айрықша күн. Себебі дәл осы датада барлық түркітектес халықтардың қарашаңырағы саналатын Қазақстан араға 2 ғасыр салып тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. Бұл жаңалықты әлемнің басқа елдерінде өмір сүріп жатқан қазақ диаспоралары қалай естіді және қалай қабылдады? Осы сұраққа жауап іздеген KAZINFORM тілшісі Моңғолиядағы қазақтарға қатысты қызықты жайттан хабардар болған.

Толығырақ: kaz.inform.kz

@otandastar
❤4👍1
TURKISTAN газеті: Оксфордта қазақ тілін үйретіп жүрген Дидар

Былтыр сәуір айында Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылған. Мұнда жасасқан негізгі келісімдердің бірегейі - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу. Қазақ тілінің әлем алдындағы беделін көтеру мақсатын көздеген бұл жоба биыл қазан айында іске қосылды. Жылдар бойы әлемнің ең үздік университеттері рейтингінде көш бастап келе жатқан әйгілі білім ордасында қазақ тілі курсының пилоттық жобасын жүргізіп жүрген жас ғалым Дидар Садықпен TURKISTAN газетінің тілшісі хабарласып, әңгімелескен еді.

Толығырақ: turkystan.kz

@otandastar
❤4👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

✔️Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.

– Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.

✔️Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6