«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
📖 Бүгін — ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні (1845–1904).

Абай қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салды, ұлт болмысын әлемге танытты. Оның мұрасы — дүние жүзіне тараған қандастарымызды туған тілі мен төл мәдениетіне жақындататын рухани темірқазық.

👉 Абайдың өмірі мен мұрасы туралы қысқаша — каруселден оқыңыз ⤴️⤴️⤴️

@otandastar
❤3
4% квота арқылы 2 378 қандас түлек Қазақстанға оқуға түсті

2026–2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына 2 497 грант бөлініп, игерілу көрсеткіші 95,2% құрады. Ең сұранысқа ие бағыттар — инженерия, педагогика және IT.

Барлық жаңа грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Қандастарға арналған мүмкіндіктер туралы толығырақ @otandastar_qory

Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

“Отандастар қоры” КеАҚ Баспасөз қызметі

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отандастар қоры «Абай және Орта Азия әдебиеті» атты кітапты басып шығарды

Абайдың Орта Азия әдебиетіндегі орнын айшықтап, рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында 2025 жылы «Отандастар қорының» «Ұлы дала» жобасы аясында әдебиеттанушы ғалым, профессор Қалдыбек Сейдановтың «Абай және Орта Азия әдебиеті» атты құнды еңбегі жарық көрді.

Кітапты «Отандастар қорының» онлайн кітапханасынан оқи аласыз.

@otandastar
🔥5👏1
“Отандастар қорының” өкілі Лашын Жанарбек Моңғолияның ең биік нүктесі — Алтай Таван Богд тау жүйесіндегі Хүйтэн шыңын бағындырып, 4374 метр биіктікте Қазақстанның көк туын желбіретті

Моңғолияға еңбек демалысын отбасымен бірге өткізуге барған Лашын үшін бұл сапар күтпеген сынаққа әрі ерекше тәжірибеге айналды. Кәсіби альпинист ағасы Нұрбек Жанарбектің ұсынысымен ол 15 жастағы інісін ертіп, ағасымен бірге үш адам болып Хүйтэн шыңына аттанған.

Мәңгі мұздықтармен көмкерілген шыңды бағындыруға ағайындыларға 15 сағат уақыт кеткен. Олардың айтуынша, бұл — отбасының тауға шығудағы жеке рекорды.

«Әдетте Хүйтэн шыңына шығу үшін 2-3 күн уақыт бөліп, жол бойындағы кемптерге қонатынбыз. Бұл жолы ауа райының қолайлы болуы және үшеуіміздің бірлесіп әрекет етуіміздің арқасында кемптерге тоқтамай, бірден шыңға көтеріліп, қайта түстік», — дейді Лашын.

Хүйтэн шыңы — Моңғолияның ең биік нүктесі. Биіктігі 4374 метр болатын шың Алтай Таван Богд тау жүйесінің құрамына кіреді. Аймақ күрделі табиғи жағдайымен, қатал климатымен және мәңгі мұздықтарымен ерекшеленеді.
Ағайындылардың айтуынша, бұл сапар тек тауды бағындыру емес, отбасы мүшелерімен бірге сыннан өтіп, ортақ естелік қалыптастырған ерекше сәт болды.

@otandastar
❤3🔥1
30%-дан 95%-ға дейін артты: қандастарға бөлінген гранттар қалай игеріліп жатыр

2026–2027 оқу жылында ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған 4% мемлекеттік білім беру квотасы бойынша 2 378 қандас талапкер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылданды. Биыл бұл квота аясында барлығы 2 497 грант бөлініп, оның игерілу деңгейі 95,2%-ды құрады — бұл квота тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Бөлінген орындардың басым бөлігі техникалық, жаратылыстану-математикалық және педагогикалық бағыттарға тиесілі болды. Ең көп талапкер инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын (667), педагогикалық ғылымдарды (489), ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (415), сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, математика және статистиканы (367) таңдады. Денсаулық сақтау бағытына 108, қызмет көрсету саласына 87 қандас қабылданды.

Соңғы жылдары квота бойынша грант иеленген қандастар саны тұрақты өсіп келеді. 2022 жылы игерілу деңгейі не бәрі 29,46%-ды (654 грант иегері) құраса, кейінгі жылдары көрсеткіш едәуір артты: 2023 жылы — 801, 2024 жылы — 1 604, 2025 жылы — 2 140 қандас грант иегері атанды. Ал 2026 жылы бұл сан 2 378-ге жетіп, игерілу деңгейі 95,2%-ды құрады.

Көрсеткіштің артуы — соңғы жылдары қабылданған нақты шаралардың нәтижесі. 2023 жылға дейін гранттардың игерілу деңгейі 40%-ға да жетпейтін. Оның басты себептері — шетелде қазақ тілінде толыққанды орта білім беретін мектептердің тапшылығы, білім бағдарламаларының сәйкессіздігі, Қазақстан тарихы пәнінің шетелде оқытылмауы және ҰБТ-да барлық пәннен шекті балл жинау талабы болатын.

«Отандастар қоры» КеАҚ бұл мәселені бірнеше жыл бойы жүйелі түрде көтеріп келді. Қор мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жұмыс тобының үйлескен әрекеті нәтижесінде 2024 жылы маңызды нормативтік өзгеріс қабылданды: қандас талапкерлер үшін әр пәннен шекті балл жинау талабы алынып тасталды. 2025 жылдан бастап олар тек үш пәннен — оқу сауаттылығы және екі бейінді пәннен тест тапсыратын болды. Осы жеңілдіктер этникалық қазақтардың тарихи Отанында сапалы жоғары білім алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті.

«Отандастар қоры» алдағы уақытта да қандастардың білім алуына жәрдемдесіп, олардың бейімделуі мен ел игілігіне қызмет етуіне қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмысын жалғастырады.

@otandastar
🔥6