Лечение в Ташкенте у Саидова Джамшита!
2.46K subscribers
1.12K photos
389 videos
168 links
Админ ‼️❗️Арзу ‼️❗️И все эти отзывы с моей группы !!!!!Здесь только отзывы ,основная группа для общения в Whats App.(+77016777442)для добавления в группу в Whats App
Download Telegram
Қайырлы кеш, баршаңызға!
Біз Алланың қалауымен 1 курс 10 күндік емімізді аяқтадық.
Ең алдымен, бізге себепші болған Арзу ханымға алғысымды айтқым келеді жаным сол🫶🏻❤️ Сіздің арқаңызда біз Джамшид мырзаны жолықтырдық, ұлымыздың емін уақытында бастадық. Осындай кезде дұрыс адамды табудың өзі үлкен бақыт екен. Сізге Алла разы болсын! Жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеп қайтсын! Әрқашан осылай адамдарға көмектесіп, талай ананың үмітін оятуға себепші бола беріңіз! 🌹

Джамшид мырза және сол кісінің командасына да үлкен рақмет! Ұлымды емдеп, бізге үміт сыйлап жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Алғашқы нәтижелерді көріп, қатты қуанып отырмыз. Джамшид мырза Алла еңбегіңізге береке берсін, қолыңыз шипалы болсын! Қаншама баланың сауығуына себепші болып, ата-аналардың қуанышына ортақ бола беріңіз! 🤲❤️
Сонымен қатар, Ташкентте бізді жылы қарсы алып, пәтерін жалға берген Алишер ағамызға және де оның ұлы Бексултан мырзаға да ерекше рақмет! Үйіңіз таза, бәрі жайлы болды. Өзімізді бөтен жерде жүргендей сезінбедік. Таңертең қолыңыздан келгенше апарып әкеліп, талон алып беріп, көмегіңізді аямадыңыз. Осындай қиын кезде жанашырлық танытып, қол ұшын созғаныңыз үшін Алла разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға береке берсін! ❤️
Эльбек мырзаға көптен көп рақмет, қажетті кезде ақшамызды суммға алмастырып беріп отырдыңыз. 🙏🏻

Және де ерекше алғыс айтқым келеді осы группадағы Асель ханымға🫶🏻 Асель ханым қалайсыз🙋🏻‍♀️ сізге көп рақмет, білмей тұрған нәрселерімді сізден сұрап отырдым, көмегіңізді аямадыңыз нұсқаулықтар беріп отырдыңыз, айтып отырдыңыз көп рақмет сізге🙏🏻
Шынымды айтсам, осындай жақсы адамдардың кездескеніне қатты қуандым. Бөтен қалада жүріп, бейтаныс адамдардың осылай көмектесуі жүрекке жылулық сыйлайды екен. Әрқайсыңыздың жасаған жақсылықтарыңызды ұмытпаймын. Біз үшін ұлымыздың әрбір кішкентай жетістігі өте маңызды. Алла қаласа, әлі де жақсы нәтижелерге жетіп, баламыздың қуанышты күндерін көрейік. Барлық ата-ананың тілегі бір ғой, баламыз аман болып, қатарынан қалмай, жақсы сөйлеп, жақсы дамып кетсе екен дейміз. 🥹🤲❤️

Арзу ханым, Джамшид мырза, Алишер аға, Бексултан мырза, Эльбек мырза барлығыңызға мың алғыс! Алла ниеттеріңізге қарай сауаптарын берсін! Өздеріңізге де, бала шағаларыңызға да денсаулық, амандық, бақыт тілеймін. Жасаған жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шықсын! ❤️🌹
Жақсылықтарыңыз ешқашан ұмытылмайды! Алла бәріңізге разы болсын! 🤲❤️

Арзу ханым біз сізді жақсы көреміз🫶🏻🫶🏻❤️❤️❤️😘😘😘
❤4
Всем здравствуйте
Мы первый раз приехали на лечение своим ходом ,мы не знали о группах,о таких сплоченых командах ,о том что заранее все решается
Приехали и низнали куда идти ...
Огромная благодарность Арзу Ханым,что случайно меня заметила с ребенком с чемоданом ,и не прошла мимо,позаботилась чтобы мы зашли к Джамшуд ага,и о квартире,не оставила нас на улице 😍
Сыну 9 лет,диагноз был ЗППР,онр 3...
Здесь поставили умственная отсталость лёгкой степени
Сегодня 5 день лечения
И я сегодня слушала как сын пересказывал сказку очень большую ,которую я ему читала один раз
Я просто в шоке 😭
Сын ,который не хочет учиться в школе ,начал просить книгу ,и пересказ все в деталях ,я не понимаю ,это чудо🙌🏼🙌🏼🙌🏼
Мы не остановимся !!!!!!
❤2👍2💘1