Forwarded from نور على نور
كل إنسان يحتاج إلى أحد يفهمه
Әрбір адам өзі түсінетін бір адамға мұқтаж…
Әрбір адам өзі түсінетін бір адамға мұқтаж…
❤82👍5👏5🕊1
Жылау үшін түсіну емес, сезіну керек. Көзіңнен қанша жас ақса да, шын мәнінде жүрегің жылап жатыр. Алла Тағала адамның жүрегін тазартқысы келсе, оны көз жасымен тазартады.
Көз жасы — махаббаттан өртенген жүректі сергітетін жалғыз су. Оның үстіне жүректегі отты арттыра отырып, адамды сергітеді.
Көз жасы — жүректің тәржімешісі. Жаратушыға тілің жеткізе алмаған нәрсені жеткізеді.
Көз жасы — тозақ отын сөндіре алатын сулардың бірі.
Бірақ мұны түсінбес бұрын, басыңнан өткеруің керек...

❤96👍21👏8❤🔥7💔4
Беймезгіл шақта ол қайтып келді,
Тағдырдан, әлде, жаңбырдан...
Жанының мұңын жолға айтып келді,
Жол қайтып келді абдырған.
«Қайтқан ойлардың кемел ме бәрі,
Ұшарда оны не қақты?!» -
Тәкаппар таулар төмен қарады,
Таза бұлақтар кері ақты.
Құс қайтып келді:
Омбы қарларға,
Көшкен сеңдерге «қош» десіп.
...Анау бір төрде домбыра қалды,
Анау бір жерде бос бесік...
Жабуы жүктің желпілдеп келді,
Селдіреп келді желегі,
Ботадай көзі мөлтілдеп келді –
Боздамаса екен дегені...
Махаббат әні – мұңдарда қалар,
Махаббат – мұндар, шерменде!
Қыжыл сөз ізі құмдарда қалар,
Көз жасы ізі – көлдерде.
Өтеуі жүрек – өкпелі болса,
Жасасын ұлы құштарлық!
...Көшкен бір жұртта көктемі қалса,
Қайтармаңдаршы құстарды!
Тағдырдан, әлде, жаңбырдан...
Жанының мұңын жолға айтып келді,
Жол қайтып келді абдырған.
«Қайтқан ойлардың кемел ме бәрі,
Ұшарда оны не қақты?!» -
Тәкаппар таулар төмен қарады,
Таза бұлақтар кері ақты.
Құс қайтып келді:
Омбы қарларға,
Көшкен сеңдерге «қош» десіп.
...Анау бір төрде домбыра қалды,
Анау бір жерде бос бесік...
Жабуы жүктің желпілдеп келді,
Селдіреп келді желегі,
Ботадай көзі мөлтілдеп келді –
Боздамаса екен дегені...
Махаббат әні – мұңдарда қалар,
Махаббат – мұндар, шерменде!
Қыжыл сөз ізі құмдарда қалар,
Көз жасы ізі – көлдерде.
Өтеуі жүрек – өкпелі болса,
Жасасын ұлы құштарлық!
...Көшкен бір жұртта көктемі қалса,
Қайтармаңдаршы құстарды!
❤14👍10
Forwarded from Gareeb / غريب 🤍 (Ushkyn Omirali)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"كنت ميتا" (Кунту-майтан)
Араб тілінде кең таралған нащидтердің бірі.
Негізгі мағынасы түсінген адамға ауыр келеді. Бірақ қаншама адамдар бүл нашидты қосып алып билеп жүр...
Жоғарыдағы видеоны Әуес Бекмұрат бауырым https://t.me/murid_kz аударған еді. Мағынасына ой жүгіртіп көріңіздер. Пайдалы болсын!

👍15🔥4
Құлдарым...
Кім маған бір елі жақындаса,
Мен оған бір білек жақындаймын.
Кім маған бір білек жақындар болса,
Онда мен оған бір құлаш жақындаймын.
Кім маған қарай жүрсе, мен оған қарай жүгіремін...
Раббымыз Алла баршамызды өзінің ең жақын құлдарынан етсін...
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤204👍21❤🔥6🕊5👏3🔥2💔2😢1
Таңертең төсектен тұрған уақытта...
Бір рет "Бисмилләһ" - деп тұрыңыз. Өміріңізде бұл нәрсені әдетіңізге айналдырып алыңыз. Тұрған кезде:
Раббым...
Мені жаратқан күннен бастап, өмір сүретін сәтке дейін..
Білген, білмеген, байқаған, байқамаған қандай нығмет бар болса, әр бірі үшін бөлек-бөлек саған сансыз шүкірлер болсын, - деп тұрыңыз...
Бауырлар ризықтарыңызда береке болады.
Алла: "Егер шүкір етсеңдер, сендерге берген ризық несібені арттыра беремін" — дейді.
Денсаулығыңыз жақсы болады. Себебі денсаулық нығмет... Ауруыңыз бар болса, кетеді... Көп шүкірлік қылыңыз. Ақша тапқыңыз келе ме? Көп шүкір етіңіз. Проблемалардан құтылғыңыз келе ме? Көп шүкір етіңіз. Бірақ, бұл таңмен басталсын...

❤100👍18❤🔥6👏6🕊5🔥1
Forwarded from Мезеттік күй
— Ағай, жәй ғана бақытты болайықшы!
— Қалай бақытты болайық?
— Ештеңені күрделендірмей, адам сияқты бақытты болайық.
— Расында да, қалай бұрын осыны түсінбегем. Өзіміз екенбіз ғой барлығын күрделендіріп алатын. Шыныменде, жәй ғана бақытты болайық, оның несі айып!
— Иә! Ағай, бақытты болайықшы, билейікші!
©
Сөйтейік)

❤42👍9💔5
Қолымнан келсе жіберер едім уақытты артқа, оралғым келеді алаңсыз балалық шаққа!
👍38❤🔥14❤9🕊5🔥3👏1
Бала кезімізде барлығына қол жеткізу үшін тезірек есейгіміз келетін. Ал, енді есейдік...
Енді қазір барлығынан алыстау үшін қайта бала болғымыз келеді...
Келісесіз бе?)
Енді қазір барлығынан алыстау үшін қайта бала болғымыз келеді...
Келісесіз бе?)
❤67👍28💔14😢8❤🔥4🕊3🔥2👏2
"Күрмеуі қиын көңілді де, аласұрған жаныңды да, тыншымайтын жүректі де, әрқилы сезімді де бақыт бесігіне салып әлдиімен тербейтін, елжірететін, шаттыққа бөлейтін сағыныш пен махаббат қана шығар осы"
👍26❤7🔥2
Легенда бол!
Сен оны емес, ғашығың сені ойласын!
Жәй ғана ойлай салмай, кең ойласын.
Онда да көптің бірі сынды көрмей,
Неткен ғазиз жан еді деп ойласын.
Сен күтпегін, сүйгенің өзі күтсін!
Мөлтілдеп терезеден көзі күтсін.
Сен жылама, жалғыз қап сол жыласын,
Түк етпес, сәл кешігіп кезігіпсің.
Сен сағынба! Сағынсын өзі ғана,
Болсыншы болмысынан төзім ада.
Кеткейсің адастырып, ал артыңнан,
Жетсінші сағынышты сөзі ғана.
Бір хабар күтсін дәйім сенен ғана ол,
Өмір мәні - махаббат деген жан ол.
Оның не кінәсі бар дей көрмегін,
Сен өзің аңызға айнал, легенда бол.
Б.С.
Сен оны емес, ғашығың сені ойласын!
Жәй ғана ойлай салмай, кең ойласын.
Онда да көптің бірі сынды көрмей,
Неткен ғазиз жан еді деп ойласын.
Сен күтпегін, сүйгенің өзі күтсін!
Мөлтілдеп терезеден көзі күтсін.
Сен жылама, жалғыз қап сол жыласын,
Түк етпес, сәл кешігіп кезігіпсің.
Сен сағынба! Сағынсын өзі ғана,
Болсыншы болмысынан төзім ада.
Кеткейсің адастырып, ал артыңнан,
Жетсінші сағынышты сөзі ғана.
Бір хабар күтсін дәйім сенен ғана ол,
Өмір мәні - махаббат деген жан ол.
Оның не кінәсі бар дей көрмегін,
Сен өзің аңызға айнал, легенда бол.
Б.С.
👍53❤12🔥7😁5
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".
Әбу Дәуіт/1531.
Әбу Дәуіт/1531.
❤53🕊10👍7❤🔥1🔥1
Құранды хатым етіп отыру мақсатында WhatsApp тобы ашылды. Тәжуид білетін жандар болса,ер кісілер және әйел кісілер қосылыңыздар.
Талап:
⚠️ жауапкершілік;
⚠️ берілген параны уақытылы тапсырып отыру;
⚠️ Құранның маңызын түсініп, сауапқа ұмтылу.
"Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады".
✍ Әбу Нуайм.
Қосыламын десеңіздер, t.me/+77470579451 Бекболат

❤8👍2
"Биыл қыс - басқа қыстан салқынырақ,
Жүргем жоқ тұтас әлем шалқып, ұнап.
Біреу кеп, бір-ақ сәттік сезім сыйлап,
Өзімен кеткен сынды артығын ап.
Жауабын іздеуменен бұл қалайдың,
Таң атса бірге ағарып, Түн қарайдым.
Қар-қырау қатып қалған жүректі кеп,
Жалаңаш қолдарыммен тырналаймын.
Табылса, іздегенім - таптатқызбан!
Аршып сәл алайыншы қатқақ, мұздан.
Неге ызғар соқты мұнша аппақ қардан,
Неге мұң қалды мұнша аппақ қыздан?
Бастағы болып барлық індетке емші,
Сол мұңға себепші жан, жыр боп келші!
Жүректен мұз құрсаулы тоңып қалған,
Жылытып, алақанымды үрлеп берші?"
Жүргем жоқ тұтас әлем шалқып, ұнап.
Біреу кеп, бір-ақ сәттік сезім сыйлап,
Өзімен кеткен сынды артығын ап.
Жауабын іздеуменен бұл қалайдың,
Таң атса бірге ағарып, Түн қарайдым.
Қар-қырау қатып қалған жүректі кеп,
Жалаңаш қолдарыммен тырналаймын.
Табылса, іздегенім - таптатқызбан!
Аршып сәл алайыншы қатқақ, мұздан.
Неге ызғар соқты мұнша аппақ қардан,
Неге мұң қалды мұнша аппақ қыздан?
Бастағы болып барлық індетке емші,
Сол мұңға себепші жан, жыр боп келші!
Жүректен мұз құрсаулы тоңып қалған,
Жылытып, алақанымды үрлеп берші?"
👍22❤8🔥3🕊3