Forwarded from Шексіздік 🌀 (Dinara Bolat)
Рұқсат пен тыйым салынған, нағыз қажет пен уақытша құндылық, жауапкершілік пен өзіңе көп алмау, қалау мен ұят, өзіңді сыйлау мен эгоизмнің, былайша айтқанда Ақыл мен Жүректің арасындағы қарама-қайшы ойлардың ұтымды шешімін таба білу өте маңызды. Сана мен жүрек арасындағы тепе-теңдік бақытқа апарар жол.
❤23
Ойланатын адамдар көбейсе екен. Қалай болса солай өмір сүретін емес, өзін қадірсіз күйге түсіріп, болмайтын бос нәрселерге жұмсайтын емес, біреу мен туралы былай деді деп қайғыра беретін емес, өткенімді қалай ұмытам деп зарлай беретін емес, шыныменде ақыл тоқтатып, асыл өмірімді, қадірлі рухымды қандай игі іске жұмсасам екем деп ойланатын адамдар көбейсе екен.
Мына әлемді дамытатын тұлғалардың тізіміне кірсін деп Аллаһ мені жаратты деп сенетін, Пайғамбардың (ﷺ) қалдырған мирасын жерге түсірмей, сол бір жұмақ әлемді жаңадан қайта құратын үмметі болуым керек деп кәміл сенетін адамдар көбейсе ғой.
Осыны оқып бұл маған айтылмаған шығар деп өзіне үмітсіз қарайтын емес, керісінше, не болса да Аллаһ бос нәрсе жаратпайды, тіпті барлық жаратылыстың ішінде, мені бастапқы отаны да, соңғы тұрағы да жұмақ етілген адам етіп жаратты дей алатын, өз өзін сыйлай білетін адамдар көбейсе екен. Әмин...
— Tabigat Kautay
https://t.me/oshpesiz

❤41
🔹сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», – деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.
أَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ🔹
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيمِ
اَللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَ أَنَا عَبْدُكَ وَ أَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَ وَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَ أَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ. (٣)
🔹Оқылуы:
А‘уузу билләәһи минәш-шәйтаанир-ражиим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Аллааһуммә әнтә раббии ләә иләәһә илләә әнтә халәқтәнии уә әнә ‘абдукә
Уә әнә ‘аләә ‘аһдикә уә уа‘дикә мәстәта‘ту А‘уузу бикә мин шәрри мәә сана‘ту
Әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнбии
Фәғфир лии фә иннәһу ләә йағфируз-зунуубә илләә әнтә. (3 рет)
🔹Мағынасы:
Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана тілеймін!
Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!
Уа, Алла тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай көр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре көр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
🔹Ерекшелігі:
Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны «Сәйидул-истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі) деп атаған, өйткені бұл дұға құлдарының тәубасын қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған.
(Сахих Бұхари, да’ауат 5831; Сунәну Нәсәи, исти’аза 5427; Сунәну Ахмәд, Муснәду әш-шәмиин 16488)

❤15
Мына үш қасиетті бойына бірдей жиған адам шынайы иманның дәмін татады:
1) Алланы және оның елшісін бәрінен де артық жақсы көру;
2) Біреуді жақсы көрсе, тек Алла разылығы үшін жақсы көру;
3) Алла тағала күпірліктен құтқарған соң, қайтадан сол күпірлікке қайтып оралудан отқа түскеннен бетер жаны түршігіп, аза бойы қаза болатын адам.
(Бұхари, Мүслим)
#хадис

❤45
Алладан қорған сұрау дұғасы:
Уа, Алла тағалам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай көр!
Оқылуы :
Аллааһуммә иннии а‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазән, уә а‘уузу бикә минәл-‘ажзи уәл-кәсәл, уә а‘уузу бикә минәл-жубни уәл-бухл, уә а‘уузу бикә мин ғалабатид-дәйни уә қаһрир-рижәәл (3 рет).
#дұға

❤47
Лұқпан хакім:
“Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Адам сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: – төрт уақытта төрт нәрсені: намазда – көңілді, халық арасында – тілді, жеп-ішуде – тамақты, біреудің үйіне барғанда – көзді қорға; – екі нәрсені: Алланың ұлылығы мен өлетініңді ұмытпа; – екі нәрсені: біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіңе істеген жамандығын ұмыт.” - деген екен.
#өсиет

❤29
Уа, мәңгі Тірі әрі күллі жаратылысты Меңгеріп тұрған Алла! Шексіз мейіріміңе сүйене отырып, бір Өзіңнен жәрдем сұраймын. Менің барлық ісімді оңынан жарылқай көр әрі мені қас-қағым сәтке болса да нәпсіммен оңаша қалдыра көрме!
Оқылуы: Я, Хайю! Я, Қайюуум! Бирахмәтикә әстәғиису аслих лии шә'нии кулләһу уә ләә тәкилнии иләә нәфсии тарфәтә ‘айн.

Лұқпан хакімнің баласына айтқан өсиетінен :
Балам, бос уайымға салына берме. Жүректі ондай нәрседен босат. Ашкөздіктен сақтан, тағдырға риза болғын. Алланың саған берген нығметіне қанағат ет. Міне, осылайша өмір салтың айқын, көңілің жай, өмірің жарқын болады. Дүниенің байлығы сенің қолыңда болсын десең, адамдардың қолындағы дүниеге көз алартпа. Өйткені пайғамбарлар мен сыддықтар осындай қасиеті арқылы жоғары дәрежеге жетті.

❤53
“Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір - біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтты» – делінген.
(Бухари)
Палестинадағы қынадай қырылып, қатты қиналып жатқан мұсылман бауырларымыз үшін дұғада болайық, бауырлар.

❤36
ozgeshe
“Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деген мақалдың мағынасы не? #пікір
Бір әңгіме үстінде ұстазымыз : “ мақалдағы алтау - иманның (сенімнің) алты шарты:
1) Аллаға иман.
2) Періштелерге иман.
3) Пайғамбарларға иман.
4) Кітаптарға иман.
5) Тағдырға иман.
6) Ақірет күніне иман. Сол алтаудың біреуі кем болса, ауыздағы иман кетеді. Ал төртеу деген 1) иман келтіруден кейінгі парыздар :
2) Намаз;
3) Ораза;
4) Зекет;
5) Қажылық. Төртеу түгел болса, Алла сұрағаныңды береді - деген мағынада” деп түсіндірген еді.

❤35👏1
Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
“ Мұсылманның діндегі кемелдігінің белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы*.
*(Яғни, кәміл мұсылман – өзіне қатысы жоқ барлық іс-әрекет-терден (ой, сезім, сөз) бойын аулақ салған адам.” деген.
(Тирмизи)
#хадис
“ Мұсылманның діндегі кемелдігінің белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы*.
*(Яғни, кәміл мұсылман – өзіне қатысы жоқ барлық іс-әрекет-терден (ой, сезім, сөз) бойын аулақ салған адам.” деген.
(Тирмизи)
#хадис
❤23
Forwarded from Шексіздік 🌀 (Dinara Bolat)
Біздің бар мәселеміз алтын ортасын ұстай алмауда болып тұр. Біреу езіп әйел энергиясымен бір жақты кетеді. Біреу кіжініп, тістеніп тек мықты бол дейді. Нәзіктік пен қайсарлық сияқты бір-біріне қарамай қайшы қасиеттерді орнымен қолдануды үйрететіндер аз. Әр адамның бойында жасырылған, оянбаған, бұғып қалған әлсіз, мықты тұстарымыз бар. Орнымен жұмсай білсек бізден әдемі адам жоқ.
❤26