ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Өмір бойы адал болу - бұл бір керемет қасиет. Ол алтыннан да қымбат, судан таза, пəк қасиет. Қазіргі уақытта ол əрбір адамға керек. Бірақ əрбір адамда бола бермейді!
❤71👍29🥰4
Бәрі де өзгереді.
Өмір де, адамдар да.
Бәрі ойдағыдай сияқты...
Бірақ, кейде бұрынғы сәттерді аңсайсың.
Сол өмірді. Сол адамдарды...

#ойтамшы
❤64💔18👍10❤‍🔥4🔥3👏2
Раббың саған ақ қағаз секілді өмір сыйлайды. Ал сен оны не əдемілеп жазасың, не шимақтап бүлдіресің...

*баланың қолына қалам берсең бүлдіреді ғой) Өмірде өспесең, балалығыңды да кешірмейді...

Ә.Бекмұрат
❤62👍6
😂😂
(What do you think about it?)
😁35👍8
Ол сенің бастан не өткергеніңді, басқалардың саған не жасағанын Ол біледі, Ол естиді, Ол көреді. Сен оған сен, қалғанын оған қалдыр. "Сөзсіз Ол Естуші, Білуші" деген аятты ұмытпа, бауырым... Жүрегіңдегі уайымдар мен мазасыздықтар мүмкін басқа есіктерді ашар. Үмітсіз болма, Алла бар...
❤73👍11❤‍🔥10
Түн ішінде мұңнан тұнық күй тартып,
отыратын,
Маған сенің жазбаларың ұнайды…

Қош келіпсіз, Елігімай❤️
❤40👍5🔥3
Егер сен өзіңе сай жартыңды таппасаң, басқа кез келген жартыға разы болып кете берме.
Өйткені сенің бақытсыздығың саған сай келмейтін нəрсеге разы болған сəтіңнен басталады...

Әуес Бекмұрат
❤71👍13💔1
Республика күні құтты болсын!
❤35👍2
Жақсы адам
Бұл дүниеде мені таң қалдыратын бір нәрсе  болса, ол адамдардың өзін маңызды санамауы болар. Кейбір адаммен сөйлескен кезде "не деген жаны көркем еді" деген ойға қаласың. Бірақ ол оны сезбейді де. Жоқ, бұл қарапайымдылық емес, көп адамның қарапайымдылығы да жасанды боп тұрады. Бұл шамасы адамның фәни дүниемен тепе-теңдік сақтау тәсілі. Сондықтан ол әрдайым болмысына сай өмір сүреді. Адам неғұрлым жан сарайынан қуат алса, соғұрлым түсінік-пайымы тереңдеп, соғұрлым өзгемен дауласуға, қарсыласуға ниетті болмайды. Ол жай ғана жұмыс істейді, өмір сүреді, сүйеді. Дегенмен оның әр ісі табысты, жемісті, өнімді болады. Себебі, шын ниетпен істейді. Өз болмысынан асып түсуге тырыспайтын, жалған тыраштануға жол бермейтін адамдар. Олар тіпті ойланбай үстірт қылық жасаса да жарасымды боп тұрады. Мұндай жандар әдетте әзілқой келеді, өзіне күле біледі. Өздері бақытты болып қоя салмай, күлкің келмей тұрғанда сені де күлдіртеді. Олар сондай жеңіл, себебі арқасына тас қылып, қандай маңызды екенін арқалап жүрмейді. Мұндай адамның қасында көңіл жай, жүрек тыныш табады.

Алина Ермолаева
Аударған @shinarabelda
❤53👍14
ozgeshe
"Неге тағы қуаныштан қайғы өктем?"
Неге тағы қуаныштан қайғы өктем,
Көңілсіз маң... мына көктем қай көктем?
Менің мұңлы жанарымды аймалап,
Жалғыз ғана жымияды Ай көктен.

Еске түсіп өткенімнен үзінді,
Кенет бір сәт кезбе ойлар тізілді.
Аспанға ұзақ көз тастаумен үн-түнсіз,
Айдан сенің көргендеймін жүзіңді.

Көргендеймін сұлу, нәзік қалпыңды,
Кезгендеймін бақыт құшқан бал күнді,
Айдан да ұзақ екеніңді ұққанша,
Жүрегімді қарып өтті салдындық.

Тал-теректі сыбдырлатып жел есіп,
Көктен түсер сәулеленіп елесің.
Күлімсіреп қарайсың да таяу кеп,
үнсіз ғана өбесің...

Өбесің де шашырайсың ақ нұрға,
Жазмышымда болып пе еді бақ құрбан?!
Құлазумен қолым созып қаламын,
Кінә арта алмай, мін арта алмай тағдырға

Көңіл солай баса алмады тағы аптық,
Күрсіністер таусып бітті тағатты.
Көктегі Ай да ғайып болды қош айтып,
Сосын...
сосын таң атты...

Ерасыл Сәдуақас
👍14🔥2❤1
Forwarded from үшбу
Естеліктерді аялай білу керек. Себебі сағынғанда, көңіл құлазығанда, сөзіңді өзіңдей ұғар жан аңсағанда, қаңбақ күндердің қаңғалақтап қыр асып кеткені өзекті өртегенде естелікті парақтайсың. Сол кешкен күй, мұң, бақыт, толқу, қуаныш, жорта өкпелеу — бәрі-бәрі сана түкпірінен дәл сол сәттегідей жүрекке жетіп, жанды тербеп, сағыныш бесігінде әлдилейді...
❤47👍7🔥4
Жалғыз досым...

Жалғыз досым, алыстасың менен сен,
Жалғызсырап түсті бүгін өр еңсем.
Жас балаша қуанушы едім мен,
Көздеріңнің шуағына бөленсем.

Ойлаймын мен, ой-мұң кейін шегінсе,
Иығыңа басым қойып егілсем.
Жұбатар ең, бір ақылды сөз тауып,
Тіршілікке талпындырар едің сен.

Қиналдым мен, бірақ сендей кім ұқсын,
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың.
Өмір - ащы, өне бойым сыздайды.
Өз жарасын жүрек қалай ұмытсын...

К.Ахметова
👍17❤9🔥5
Forwarded from Мезеттік күй
Көңілсіз неге көшкен күн?!
Қоңыр күз—біздің кешкен мұң.
Өксігін басқан өткеннің—
Қараша, досым, қош келдің!

Азап-мұңыма араша —
Қош келдің, досым,
Қараша!
Аспаным бұлтты демесең,
Басқаның бәрі тамаша!

Сенсіз де соны білгем мен!..
Не пайда жалған күлгеннен?!
Талықсып тұнжыр түндермен—
Қаншама жырым бірге өлген...

...Өкініш осы мендегі,
Күйдірді үміт кермегі.
Сағынбағандай мен оны,
Сағынбағандай ол мені—

жүреміз...
(білмегендей боп)
Сонда да біздің сөнбейді от!
Күйе аласың ба, досым-ау,
Сүйе аласың ба мендей боп?..

Қаусатып қайғы көлемін,
Өткеннің өртеп дерегін,
Бақытты болғың келсе егер,
ҰМЫТУ—жалғыз жолы оның!..

P/S
«Сағыныш енді келмейтін шығар бұл маңға...»


Д. Т

P/S: келді)
👍21❤3
Тарыдай бір мейірім таппағанда, сағынып кетем өзіңді
👍43❤29🔥2
Forwarded from Ózime aıtamyn... (Baurrr)
~ қорқыныш болғаны жақсы, бірақ қорқыныш шектеу болмауы керек
👍17
Адамзат деген асқақ сөзді айтпас бұрын, адам деген ұғымның одан әсте кем еместігіне келісіп алған жөн шығар. Адам, жеке адам ғана адамзатты ойландыратын, толғандыратын, абыржытатын, мазасын алатын, қайғыландыратын сұрақ қояды. Сол сұрақтың ең әділеттісі, ең өзектісі, ең ауыры адамзаттың сұра­ғына айналады. Шындық пен өтіріктің өзі сұрақтан кейін туады.

Ерлан Жүніс
👍16❤10