ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Forwarded from Belgisiz ūly
"Жалғыз" тал сіріңкенің бүкіл орманды өртеп жіберуге шамасы жетеді. Елеусіз санайтын күнәларыңа абай бол.

#өзіме
👍41🕊6
Forwarded from үшбу
«Махаббаттың түрі көп» деп те, «Махаббат біреу» деп те уәж айтатын адам көп. Әйтеу махаббат туралы адамдардың аялай айтатыны ұнайды...

Меніңше, махаббат — нұр сияқты, сәуле шашып тұрады...

Бір адам сенің қасыңда емес, өмірде бар болғаны үшін-ақ бақытты бола алсаң, сол махаббат шығар. Бір адамның күйін, халін болмысыңмен сезе алсаң, сол махаббат шығар. Саған ең қиын кездерде, жаның қиналған кездерде «қайғымды бірге көтер» деген сөзді оны қинамау үшін айтпай қалсаң, сол махаббат шығар. Мен не болсам болайын, сен аман бол дей алсаң, сол махаббат шығар. Тіпті көлеңкемнің кесірі тиіп кетпесе екен деп алаң болсаң, сол махаббат шығар. Барыңмен бөлісуге асық болсаң, сол махаббат шығар. Бір оқиғаға кез болса, «ол не дер еді» деп ойласаң, сол махаббат шығар. Әлде бір кітаптан, әуеннен, өлеңнен ол айтқысы келген сөздерді оқи алсаң, сол махаббат шығар. Күлгенін естіген сайын балқып кетсең, сол махаббат шығар... Оны тыңдаудан жалқы сәт жалықпасаң, сол махаббат шығар. Білмеймін... Өмір ұстаз махаббаттың анықтамасын айтып бермеді әлі...

Махаббатта ғұмыр да, ереже де жоқ сияқты. Сосын махаббаттың жалған не шынайы деген анықтамасы да жоқ дер ем, себебі махаббатты қолдан жасай алмайсың ғой...

Махаббат «сүйетініңді дәлелде» деген сөз айтылған күні өледі. Оған сезім жоқтау айтады. Ал сосын қарым-қатынас салтанат құрады... Обал...

Біреу үшін махаббат толассыз кездесу, сөйлесу, хат алмасу, бір болу, ал біреу үшін — бақытты сәттерді есте сақтап қалу мен сүйгеніңнің бұл өмірде бар екеніне қуану, оның бақытын өз бақытыңнан артық көру...

Махаббатта бақай есеп жоқ.

#үзінділерБүгін
❤‍🔥36👍25❤11🕊4😢3
👍77👏7❤5
"Құшағыңды 1001 гүлге толтырмаса да,
1001 дұғасының бірінен де тастамаған адамдар бар шығар..."
❤142👍16🕊9👏5
Forwarded from Мезеттік күй
Түптің түбінде, адамдар махаббатты да, бақытты да, өмірді де өз биігінен сипаттайды, жаттап алған ойлар, сөздер әр оқиғаның түбінде аялдап қап кетеді. Өзіңмен соңына дейін бірге баратын да, кез келген жағдайға тап келгенде қашып құтыла алмайтының да — ойың мен болмысың, сондықтан әдемі сөздерді жаттаудан гөрі, әдемі сәттерді сезіну маңыздырақ)
❤59👍16
👍29❤4👏3
Ішсарайымды имани нұрға толтыра гөрші. Ертеңімнен үміт етпеген, елп етпеген енжар, құрсүлдер шақтарымды, жыланша жиырылып, ытырына қалатын сәттерімді кешірші. Қарадай жанымды қинап несіне торығам?! Өзің барсың ғой менде❤️!

Қым-қуыт, ырду-дырду арпалыста,тасбауыр тірлікте шыр-пыр боп шырылдап жүріп, өзіңе шүкіршілік ете алмаған болсам, кешірші құлыңды. Құдіреті күштім, Әлемнің Раббысы, жылулығыңа бөлей гөр.
Дүниеде және ахиретте жақсылығыңды нәсіп ете гөр!

(Ботакөз Бексары)
❤55👍15🕊2👏1
❤20👍13
Forwarded from Dei saldym
ISLAM QUIZ - шариғат шеңберіндегі сұрақтарды қамтитын интеллектуалды ойын. Жүктеу тегін⬇️
https://onelink.to/kngrhc
👍6👏2
Forwarded from Белгісіз галактика (Khassenovs ✌)
Тіпті адамның бақытының өзінде бір мұң болады...
(с) Чехов
❤42👍12
Қыс - мүміннің көктемі! Түні ұзақ құлшылыққа ыңғайлы. Ал күндізі қысқа ораза ұстауға жеңіл...

Əбу Сайд əл-Худри, Байхақи
❤‍🔥61❤13👍12
"Кенеттен бөгде жан үшін өзімнің қаншалықты маңызды екенімді сезіндім. Мен қасынан табылғаныма ол шексіз бақытты екенін көрдім. Мұндай сөздер бір қарағанға қарабайыр көрінеді. Алайда, тереңіне үңілсең, ұланғайыр ұлылықты түйсінесің. Адам жанында дауыл туғызатын, оны сұлуландыратын жайт. Бұл махаббат. Әрі мүлде басқа бірдеңе. Өмір сүруге жетелейтін сезім".

Эрих Мария Ремарк "Үш жолдас"
❤31👍14🕊7
Forwarded from Dei saldym
Уақыт зымырап жатқан жоқ. Біз сәттерді есте сақтап үлгере алмай жатырмыз.
💔42👍9🔥5❤2
Бұл жалғанда бәріне қол жеткізсем деген тойымсыздық, адам жанын азапқа душар етеді. Ол қалағанына қол жеткізгеннен кейін, одан айырылып қаламын ба? - деп қатты қорқады. Айырылып қалса, тағы да қайғыға батады. Яғни, пенденің жүрегі дүниеге байланса, барлық өмірі азаппен, қайғы жұтумен және қиналумен өтеді. Адамның қалауы шексіз ғой. Алайда, оған қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі. Мұндай тойымсыздықты жүрегің ақыретке байланғанда ғана жеңуге болады. Себебі, осыны түсінген адам, Бақыт дегеннің алу емес, беру керек екендігін ұғынады. Осыны өмір мәніне айналдырған адам дүниеге бас ұрып, ешқашан мехнат шекпейді. Сондықтанда ол адам Алланың разылығын табады және де оның жүрегі тынышталады...
❤31👍11🔥6
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

Бердібек Соқпақбаев
😢50👍15❤1
"Жылы-жылы сөз айтшы,
Алматыда күн суық..."
❤51💔10👍6
Көңіл-күйіңіз бұзылса, мені еске алыңызшы. Көңіл хошыңыз көтеріңкі болғанда да, мені ойлаңыз🖤. Мен сіздің еске алуыңыз арқылы "мәңгілік өмір сүретін" боламын.

Үнемі-үнемі еске алып тұрыңызшы, Жаным!

...Махаббат мастығынан ес жиып, жастығым көз жасыма тұншығатын түндерден енді ғана айығып, жаңа өмір бастағым келіп, өмірім мен жүрегіме басқа жанды енді ғана енгізе бергенімде, неге алдымнан Сіз шыға келесіз?! Сіз емес. Сіз жайлы ойларым...

Сіз - менің өмірбойғы Кедергімсіз! Өзімшіл, менмен, өзіңізден өзгені ойлауға мүмкіндік бермейтін Кедергімсіз! Сізге деген ып-ыстық іңкәрлігім, сізге деген құмартқан құштарлығымның күші мәңгілікке  қайтпай, менің түбіме жетеді ме деп те қорқамын. Жан әлемімді ауырта бермеңізші. Махаббатымды, бұрынғы "Өзімді" өзіме қайтарып беріңізші, өтінем...🍂

© Сәлеммен, Сезім

Б.Бексары
❤31👍21💔6❤‍🔥4🔥3
Үмітім менің, неге алдадың.?!
💔35😢11👍5