Еңкілдейді көкте бұлт егілмей кеп,
Жер-дүние киіп ап керім көйлек,
Құбыладан жел есер,
Қобалжыған
жас жігіттің жып-жылы деміндей боп.
Мына көктем мен күткен көктем бе еді?
Гүл біткенді қырып сап бөктердегі,
Шыр айналып билеген қара құйын
көз алдымнан кетпей жүр көптен бері...
Көптен бері көз алдым астаң-кестең...
Астаң-кестең дүние-ай бастан көшкен.
Жер бетіне қай кезде құлап түстің?
Жарығым-ау,
Алты қат аспанда өскен!
Құлатты ма құйындар құлдилатып?
Жалқы үмітті бір құрап...
бір қиратып...
Жалықтым мен сүреңсіз тіршіліктен,
Ширегін де ғасырдың сүрмей жатып.
Сенің жаның адами мұңнан аман,
Мені де ала кетсең ғой бұл қаладан!
Жұбата алмай өлеңді аласұрам,
Жүрегімнің ішінен іңгәлаған.
Көңіліңнің аспаны күлгін еді!
Көңілімнің мың қатпар мұңды реңі.
Алты жыл сап араға,
қайта оралған
КӨКТЕМ - сенің есімің...
Кім біледі?..
Мені де ала кетші!
Ару Қыпшақ
Жер-дүние киіп ап керім көйлек,
Құбыладан жел есер,
Қобалжыған
жас жігіттің жып-жылы деміндей боп.
Мына көктем мен күткен көктем бе еді?
Гүл біткенді қырып сап бөктердегі,
Шыр айналып билеген қара құйын
көз алдымнан кетпей жүр көптен бері...
Көптен бері көз алдым астаң-кестең...
Астаң-кестең дүние-ай бастан көшкен.
Жер бетіне қай кезде құлап түстің?
Жарығым-ау,
Алты қат аспанда өскен!
Құлатты ма құйындар құлдилатып?
Жалқы үмітті бір құрап...
бір қиратып...
Жалықтым мен сүреңсіз тіршіліктен,
Ширегін де ғасырдың сүрмей жатып.
Сенің жаның адами мұңнан аман,
Мені де ала кетсең ғой бұл қаладан!
Жұбата алмай өлеңді аласұрам,
Жүрегімнің ішінен іңгәлаған.
Көңіліңнің аспаны күлгін еді!
Көңілімнің мың қатпар мұңды реңі.
Алты жыл сап араға,
қайта оралған
КӨКТЕМ - сенің есімің...
Кім біледі?..
Мені де ала кетші!
Ару Қыпшақ
❤6😢5👍3🔥3
Ойлап отырсам:
Алдымен есеюге асығамыз.
Ата-анамыздан бөлек шығуға асығамыз.
Сосын 📉
Бакалаврдан докторантураға дейін.
Жай қызметкерден мекеме басшысына дейін.
Бір бөлмелі пәтерден коттеджге дейін.
Жас келіннен әжеге дейін
қарбаласпен өмір өтеді.
✅ Оның барлығына үлгереміз.
Оның барлығына да жетеміз.
⁉️Тек содан кейін не болмақ?
Қалып қоюдан қорқып асығып, уақтылы қолымыздағымен қуанып үлгермесек кейін жеткеніміз де бақыт сыйламайды.
Барлық мақсатым орындалғанмен жанымнан өмір өтіп кетті деп өкінбес үшін қазір, күн сайын көбірек қуан.
СЕЗІМ МЕН СӘТТЕРДІ жинауға асық.
Бақытты сүрілген өмірдің нәтижесі уақтылы болған жылы, әдемі естеліктерден тұрады. Осыны ұмытпа!
Д.Б.

👍21❤3👏1
Forwarded from Аслан Орақбай
Дүниедегі ең әдемі сезім не деп сұрайсың ба?
Дүниедегі ең әдемі сезім өзіңді салмақты сезіну. Яғни өз орның бар екендігін ұғыну.
Қателессең де ешкім сені жазғырмайтынын сезіну.
Қасыңдағының барлығы сені түсінетінін сезіну.
Жақындарыңның барлығы сені қабылдай алатынын сезіну.
Ең керемет сезім, қанша теріңе сыймай, өз-өзіңді тәрк етіп кеткің келсе де өз кейпіңнен артық, одан жақсы орынды таппайтыныңды сезіну…
📘АйҚызым

❤39👍7
Махаббаттану
Оқыған кітаптарың көп болса да, соларға қарап махаббатты тану, түсіну мүмкін емес. Біреудің ақыл-кеңесін тыңдау да бекер. Бірде бір терең кинофильм өмірлік тәжірибені алмастыра алмайды. Тек өзің қателесіп, қатеңді түзеу арқылы махаббатқа тереңдейсің, шын сүюді үйренесің. Жүрек кітапхананың шаң басқан бөлмелерінде емес, тек ашық майданда парасатпен толысады. Айналаңда сүю үшін не істеу қажетін керемет біліп, дәлелдегіш адамдар толып жүрсе де, әр адам сезімнің қадірін өздігінше түсініп үйренбек.
«Чтобы звёзды дрогнули...»
Аударған Шынар Әбілда

❤19👍7🔥1🤔1
Forwarded from Мезеттік күй
Бұры-ы-ын ше, бұрын, бұр-ы-ы-ы-ында ескі Қазақстанда адамдар бір-біріне «көз тиген» немесе «суық тиген» деп диагноз қоятын, кәз жаңа Қазақстанда ондаймес, біз қазір дамып кеткенбіз, шүкір.
Бұрынғы көз тиген мен суық тиген деген диагнозды ауруың көзге көрінгенде барып қоятын, ал қазір аузыңды ашып сөйлей бастасаң бірден «сенде апатия», «сен ата-анаңды кешір», «миыңда блок бар», «сенде токсинді қатынас», «ол тиран, абюзер», «ақшамен қарым-қатынасыңды реттеу керек», «установкаңды өзгерту керек», «дұрыс армандай алмайсың» деп диагноздың түр-түрін қойып тастайды. Шынымен дамып жатырмыз, шүкір!)

😁34❤6👏1
Forwarded from Belgisiz ūly
Қыздар :
Сізге әрдайым “Ұлы Қытай қорғанынан” да артық болатын;
Еркіндігіңіз бен еркелігіңізге жол ашатын;
Керек кезінде “ұстаз” бола білетін;
Тәкәппарлықтың қызыл сызығынан өтіп кетпей, ынжықтықтың батпағына батпай, сенімділікті серік еткен;
Сізбен бірге бақытты болуға барын салатын;
Сізбен әңгімелескенде : әр сөзінен жылулық пен сезім самалы есіп тұратын;
Сізге ғана емес, барша әйел қауымына қамқор болуды адамдық деп санайтын;
Орынсыз шектеп, қызғаныштың қызыл итіне жем болмайтын;
Махаббат кемесінде сізбен сенім мен сезім желкенін кең жайып, өмір айдынында ескекті тең есе алатын;
Сізді шартсыз сүйіп, болмысыңызды қабылдап, үнсіз түсінетін;
Ең бастысы жүрегі Аллаға махаббат пен иман нұрына толы, сізді “Аманатым “ деп қабылдайтын жігітке ғашық болайық!
@Belgisizuly

❤78👍11🔥2👏2
Өмірдің мәні
"Адамның бәрі жақсы досым болса дейді, бірақ ешбірі жақсы дос болсам демейді" деген тәмсіл бар.
Қазіргі заманда адамның бәрі "маған болса" дейді. "Балам болсын" дейді - ана болғым келеді демейді. "Күйеуім болсын" дейді - мен жар болайын демейді. Тағысын тағылар... Сөздің бұлай құбылуы адамның өмірге деген көзқарасын астарлап көрсетеді... Қазіргі адамдардың ұраны: не - мен біреу үшін, не - өзгелер мен үшінге саяды. Болсын деген тілекпен талай тағдырды хан талапай жасап, жүректерге шемен қатырып келеміз. Ақырында жалғыздықтан зардап шегеміз. "Болып-толған" адам қолда барға қанағат қыла алмайды. Ақша аз, билік аз, бір әйел аз, досы аз, өзіне-өзі азғантай боп тұрады. Бойындағы өз менін оятпаған, өмірдің мәнін таппаған адам қолда бар дүниесінің көлеңкесі ғана.
Sinan Duymaz

👍24❤10
Forwarded from Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев
Адамның сыны себебінен сынағы ауырлайды.
Өйткені, "адам бауырының жасаған бір ісі себепті оған жоғарыдан қараса, өзі соны жасамай өлмейді"

🔥20❤7