"Біз біргеміз" қоры кезекті сборын жариялады. Өзіміздің таныс адамымыздың анасы рак ауруымен күресіп жүр. Алдында 45 000 тг дәрілеріне ақша жіберген болатынбыз.
Жалғыз қызы анасына көмектесіп жүрген.
Біз болып сіз болып көмектесетіп жіберсек дәрілерін алып беруге мейірімді жандар❤🫂.
Осыған дейін ешкімнен көмек сұрамай өзі төлейтін барлық қаражатты. Қазір дәрінің қымбат болғанын ескерсек жағдай қиын екені рас.
Каспиым: 4400 4302 1477 7317 Айдана Д.

❤5👍3
– Бұл дүниеде бүп-бүтін боп тұрған не бар дейсің. Бақыт деген құстың, егер бар болса, бір қанаты сынық па деймін...
Оралхан Бөкей
“Өз отыңды өшірме”
Оралхан Бөкей
“Өз отыңды өшірме”
🔥29❤9💔8👍3
"Әйелдің дамуы не только курс оқу, бір заттар жасау кейде жай бос уақытта зікір, салауат айту да даму.
Ой босаса-шайтан ой салып бастайды
Депрессия=дүние мен руханияттың баланста болмауы
Үйдің тірлігі, бизнесте табысты болудың кілті-көркем мінез"
Ой босаса-шайтан ой салып бастайды
Депрессия=дүние мен руханияттың баланста болмауы
Үйдің тірлігі, бизнесте табысты болудың кілті-көркем мінез"
❤43👍7
Forwarded from Orientalist's Notes
"Өзіне керек болған кезде ғана іздеп, жағдайымды сұрайды" деп, қандай да бір танысыңызды, бауырыңызды сөгіп қоймаңыз. Оны сол қажетімен сізге жіберіп тұрған Алла Тағала.
Біз мына өмірдің сынақ екенін ұмытып, кейде түрлі сөздерді аузымыздан шығарып қойып жатамыз.
Сені өзгеден сұратып емес, сенен сұратқызып сынағанына шүкір ету керек дерміз...
Біз мына өмірдің сынақ екенін ұмытып, кейде түрлі сөздерді аузымыздан шығарып қойып жатамыз.
Сені өзгеден сұратып емес, сенен сұратқызып сынағанына шүкір ету керек дерміз...
❤63👍4
Тотыдайын [muzstars.kz]
Төреғали Төреәлі
Тотыдайын,
Бір сөйлемді қайталап отырайын.
Түнек басқан жүректі серпіндірсін,
Түсір күннің сәулесін, о, Құдайым!
Күнсің маған...
Күнім барын менің де білсін ғалам!
Жан азабы біте ме жаназамен?
Нұрын аңсап бір жүрек жүрсін аман!
Шоқы-жарға
Адасыппын, Алланың соты барда...
Тоты байғұс адамға, ал пенделер
еліктесе несі айып тотыларға?
О, Құдайым,
Сағыныштың сөнбесін оты дәйім!
Сүйгенімнің қамашы кеудесіне,
Тотыдайын еш мұңсыз отырайын!
А.Мауданов
(не деген сөздер, иә...)💔
Бір сөйлемді қайталап отырайын.
Түнек басқан жүректі серпіндірсін,
Түсір күннің сәулесін, о, Құдайым!
Күнсің маған...
Күнім барын менің де білсін ғалам!
Жан азабы біте ме жаназамен?
Нұрын аңсап бір жүрек жүрсін аман!
Шоқы-жарға
Адасыппын, Алланың соты барда...
Тоты байғұс адамға, ал пенделер
еліктесе несі айып тотыларға?
О, Құдайым,
Сағыныштың сөнбесін оты дәйім!
Сүйгенімнің қамашы кеудесіне,
Тотыдайын еш мұңсыз отырайын!
А.Мауданов
(не деген сөздер, иә...)💔
❤24👍1
Forwarded from Мезеттік күй
Былтырғы көктем тым бақытты еді сосын тым биік еді...
💔34❤5👍2👏1
Forwarded from Aidana's notes
Құрметті оқырман, телеграм арна əкімшілері болып @podkast_time жобасын бастадық.🥰
Жобамыз «Подкаст емес, əңгіме» деп аталады.🤩
Бұл арнада əртүрлі тұлғалармен əңгімелер, поэзия кештері, қызықты тақырыптар жайлы дауысчаттар жасалып, подкаст ретінде шығып отырады.
Басты мақсат жан-жақты дамыған жеке тұлға, сапалы һәм саналы орта қалыптастыру
@podkast_time арнасына жазылып, бізбен бірге дамыңыздар.🤗

❤6👍1
Бір сезім болады байқалмай жететін,
Бір сезім болады айта алмай өтетін...
Құрлықтар сияқты сілкініп көрмеген,
Мұхиттар сияқты шайқалмай кететін...
Бір сезім болады ренжіме, кек соңы,
Бір сезім болады, бақытты етші оны...
Қоңырау сияқты белгісіз нөмірден,
Саңырау сияқты еститін тек соны...
Бір сезім болады ұнатып көрмейтін,
Бір сезім болады жұбатып келмейтін...
Өлімге ұқсайды күлдіріп алатын,
Өмірге ұқсайды жылатып жерлейтін...
Бір сезім болады таусылып бітетін,
Бір сезім болады жүйкеңді түтетін.
Бір саты сияқты пәтерден шықпайтын,
Бір сәкі сияқты аулада күтетін...
М.А
Бір сезім болады айта алмай өтетін...
Құрлықтар сияқты сілкініп көрмеген,
Мұхиттар сияқты шайқалмай кететін...
Бір сезім болады ренжіме, кек соңы,
Бір сезім болады, бақытты етші оны...
Қоңырау сияқты белгісіз нөмірден,
Саңырау сияқты еститін тек соны...
Бір сезім болады ұнатып көрмейтін,
Бір сезім болады жұбатып келмейтін...
Өлімге ұқсайды күлдіріп алатын,
Өмірге ұқсайды жылатып жерлейтін...
Бір сезім болады таусылып бітетін,
Бір сезім болады жүйкеңді түтетін.
Бір саты сияқты пәтерден шықпайтын,
Бір сәкі сияқты аулада күтетін...
М.А
😢17❤12👍2
Forwarded from Belgisiz ūly
Әл-Фараби да сіз секілді адам болған, 70-ке жуық тіл білген, 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, тіпті грек ғалымдары мен мұсылман ғалымдары түсінбеген Аристотель еңбектеріне түсіндірме жазған. Илон Маскқа да 24 сағат берілген. Моцарт 7-ақ нотадан ғажап туындылар дүниеге әкелген. Сұлтанмахмұт Торайғыр 27 жыл ғана өмір сүрген, 19 жасында Құранның 13 парасын жатқа білген, артына үш томнан аса еңбек қалдырған.
p.s. Уақыттың немесе құралдың саны емес, салмағы маңызды.
#бүгін
#суға_лақтырған_тас
#өзіме
p.s. Уақыттың немесе құралдың саны емес, салмағы маңызды.
#бүгін
#суға_лақтырған_тас
#өзіме
❤41👍4🔥3👏2
Forwarded from Tabigat Kautay (Tabigat Kautay)
Салем...
Тем кто хотелбы давать по мелочи на благотворительность
4400 4302 1477 7317
Айдана Д.
Рахмет...
Тем кто хотелбы давать по мелочи на благотворительность
4400 4302 1477 7317
Айдана Д.
Рахмет...
❤5
Forwarded from Скромный, Великолепный (Саду)
АДАМДАР БОЛАДЫ...
Өкпеге қисаң да, өлімге қимайтын,
Сағынып барғанда құшаққа сыймайтын.
Кешіріп тұрсаң да, кездескің келмейтін,
Адамдар болады... Үн -түнсіз іздейтін.
Хабарсыз кетсең де, алаңдап күтетін,
Алыстан көргенге шүкір деп жүретін.
Шын сүйіп тұрса да, ақырын ойлайтын,
Адамдар болады...Тағдырың қоспайтын.
Мың сынақ көрсе де, иіліп сынбайтын, Байлыққа мастанып,ұясын бұзбайтын.
Жақсылық жасаса, жар салып айтпайтын,
Адамдар болады...Ұятын сатпайтын.
Қайғырып тұрса да, қуаныш сыйлайтын,
Өсектеп жатқанда сабырмен шыдайтын.
Елеусіз жүрсе де, ерлікке баратын,
Адамдар болады... Жүректе қалатын !
Фатима ЗАБУРАҚЫЗЫ

👍26❤13💔10
Forwarded from Marat Äbdıramankhan
Адамдар болады…
алыста болса да тым жақын,
жаныңды жылытып, ұғатын.
бақытты сәттерде еске алып,
дұғаға қосатын күнде атын.
Адамдар болады…
өзіңнен қорғағың келетін,
үнемі сөзіңмен, көзіңмен,
жып-жылы сезіммен қолдағың келетін.
жаралы жанына жамау боп,
өзіңдей өзгеше сенетін
ең жақсы адамдар болады…
болса екен әрдайым…
алыста болса да тым жақын,
жаныңды жылытып, ұғатын.
бақытты сәттерде еске алып,
дұғаға қосатын күнде атын.
Адамдар болады…
өзіңнен қорғағың келетін,
үнемі сөзіңмен, көзіңмен,
жып-жылы сезіммен қолдағың келетін.
жаралы жанына жамау боп,
өзіңдей өзгеше сенетін
ең жақсы адамдар болады…
болса екен әрдайым…
❤45👍4
Forwarded from Ең жақсылар… (арна жұмысын тоқтатты)
Өз-өзіңмен қалып, Алланың жаратылысы туралы ойлану… өз-өміріңдегі болған оқиғалардан Алланың хикметін іздеу… ғибадат екен… кейде осындай интроверттік тафаккур, бірнеше миллионға сатылатын курстарда бермейтін инсайттар беріп жатады. Тіпті, өмірлік принциптар мен қағидаттар сыйласа таң қалмаңыз.
👍26❤13
Forwarded from Абылай Кенжалы
Ризық артуын ойлаған кезде ең алдымен мал-мүлікті соңғы орынға қояйық.
(Имам әш-Шағрауилер (рахимаһулла) ақша-дүниені ризықтың ең төменгі сатысына жатқызған)
Мысалға, салауат айтсақ ризық артатынын білеміз.
Алайда “салауат айттым болды” деп, артынша мал-мүліктің көбейгенін күтіп, ол көбеймей жатса, қапаланып, асығыстық танытуға болмайды.
Бәлкім, салауат айтқан соң, құлшылық амалдарды жеңіл жасайтын болдың. Бәлкім, күнәні тастау өте жеңіл бола бастады.
Бәлкім, саған төнгелі жатқан бәле-жаладан Алла сені сақтап қойды.
Бәлкім, саған келе жатқан жаман аурудың Алла бетін қайтарды.
Бәлкім, күтпеген жерден, өміріңді жақсы жаққа өзгертетін адамды немесе сені қараңғылықтан жарыққа шығаратын ұстазды жолықтырдың.
Бұның барлығы да – ризықтың үлкен бір түрі.
Сондықтан, осы секілді нығметтер жан-жақтан жауып жатқан кезде, құдды бір бізге дым берілмегендей түр жасауымыз – шүкірсіздіктің шыңы екенін естен шығармайық.

👍19❤14
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Istihara x Dastan Kurmanbayev.pdf
528.7 KB
Ассаламуғалейкум! Құрметті бауырлар, истихара туралы көбісі сұрайтын болғандықтан осы жерге білгенімді, есіме түскенін жаздым. Оқып, алатын пайда болса аларсыздар 😉
👍6❤2