ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Жер бетіне шашып жіберген тағдырлар арасынан жанына жақын кісіні тауып алу - миллионнан бір адам ғана ұтатын лоторея билетінің иегері болумен тең...

© Алишер Рахат
❤25
"Бәрі бәз-баяғыша сақталған жерге қайта оралып, өзіңнің қаншалықты өзгергеніңді сезінуден асқан бақыт жоқ."
❤16
"Тән құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. «Бір көргеннен ғашық болдым» дегеннің өзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады, көре сала соны құшуға құмартқан жүгенсіз ұшқыр тілекті көрсетеді. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ащы немесе тұщы екенін, астында не барын бірден білмейді. Мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам ғана айта алады. Сол сияқты бір көргеннен адамның бойындағы барлық адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды. Оны анықтамаған соң ғашық болу да мүмкін емес"
❤33
"Шіркін-ай, он бес жыл бұрынғы бейкүнә сәби кезім-ай. Қазір мен мұңды, көңілсіз, ықылассыз, құлықсыз күйдемін. Нәпсіге ерем деп рухым әбден кірлеп, жаралы күйге түскен. Мына фәни өмірде ең бейкүнә шақ осы балалық шақ пен ондағы естеліктер екен-ау..."
❤89
Forwarded from ermek ushin…
уайымдағаннан кейін уайымың әрекетке ұласпайтын болса, уайымның қажеті не?
❤42
Forwarded from жеті қарақшы
әйелді өзіңнен бір саты төмендетпеу керек. керісінше, өзің одан бір саты жоғары бола білуің керек
#көліктегілекция
❤71👏1
"Біздің «сол жылдарымыз» - махаббат, қызықтан гөрі дәл төбеңнен күркірей жауған жаңбырдың бұлты басқа жаққа аунап, оның әр жерінен бой көрсеткен найзағайдың қысқа ғана жарқылы іспеттеніп, күннен-күнге, айдан-айға аулақтанып, шегініп, ұзап барады… "
❤31
"Өміріңізде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды істей алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті. Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз бар"
❤66
Темірлан ағайдан
❤34
Forwarded from Ең жақсылар… (арна жұмысын тоқтатты)
Раббым маған әділдігіңмен емес, мейірімділігіңмен жар бұйыршы. Әділдігіңмен бұйырсаң мен өкініште боламын. Себебі, өзімнің қандай екенімді сен білесің ғой…

Мен естіген керемет дұға.
❤102
Темірлан ағайдан
❤36
Forwarded from أبو خديجة
- Көңілді жұбататын да, жұмсартатын да - Рахманның ұлы аяттары.
❤76
Сенің шынайы болмысың мен басқаларға көрінуге тырысып жүрген болмысыңның арасы алшақтаған сайын, сол аралық қайғы-мұңға тола береді.

©️психолог Ясир Хузейми
❤52
"Кеудені кернеген сезім ақыры сыртқа шықты"
❤41💔1
Forwarded from K u n d e l i k📚
дәл қазір көңіл күйімнің көтеріңкі болуына 2 нәрсе себепші:
1. жаздың аяқталуы
2. күздің басталуы
❤26
Бұл өмір әлі талай рет сенің әрбір ешқашан мен әрдайымыңды сынға алады.
❤39
Т.Б.
❤40
Мен осы күнге дейін көп қателестім. Ғұмырымның қиралаң жолдары енді басталып жатса да, жаза басқан сәттерімнен көз ашылмайды.

Иә, қазақы дархан көңілге салып, адасқанның айыбы жоқ дерсіз. Бірақ, адасқанның салдары болады екен. Ол салдар сені көпке дейін жібермейді. Тіпті мүлдем жібермеуі де мүмкін.

Конфуций айтады ғой «Ең үлкен қателік – өз қателігіңді түзелтпеу» деп. Ең өкініштісі, кейбір қателіктер түзелмейді.

Сондықтан да, ақ жүріп, адал сөйлеуге тырысу керек. Сондықтан да Шәкәрім айтқан «ар білімінің» түбіне түсу керек екен ғой.

https://t.me/ecstazye
❤23
...
❤20