ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
- Адамның ғұмыры немен өлшенеді?

- Адамның ғұмыры “оралыңның барында ойна да күлмен емес”, ойла да жүрімен.
Жасымен емес —  жақсылығымен, аз ғұмырымен емес — мазмұнымен өлшенсе керек. Құдды бір мақтаны мамықтығымен емес, соңында таразыға тартып есептейтініндей…

@sayatedu
❤37
M.A.
Бір қағаз. Бір қалам. Бір өлең.

Бір бөлме. Бір өзім. Бір есік.
Сіңірім қалғандай сіресіп.
Бір тағдыр. Бір ажал. Бір өмір.
Келемін үшеумен тіресіп.

Бір ғұмыр. Бір жолым. Бір бағыт,
Бұйырмай қойғаны бір бақыт.
Бір тыныс. Бір өкпе. Бір демім.
Тоқтайды. Білемін бір уақыт...

Бір ана. Бір әке. Бір кіндік.
Кіндіктен түсе сап сілкіндік.
Бір сезім. Бір үміт. Бір қайғы.
Үшеуі үш түрлі мүмкіндік.

Бір Құдай. Бір елес. Бір әлем.
Туғанда несіне жылап ем...
Бір көзім. Бір құлақ. Бір басым.
Шындыққа шыдамай тұр әрең...

Бір жалған. Бір шындық. Бір өлім.
Бір-ақ рет өлемін, білемін.
Бір түні. Бір сәтте. Тоқтайды...
Тимеңдер, біреу-ақ жүрегім!

Бір тамшы. Жүз жанар жылаған,
Ешкім жоқ ештеңе сұраған...
Бір жолмен барады бір күні
Бір табыт. Көтерген мың адам...
❤49🔥1👏1
«Ұққаным – есейгенде дос та азаяды, есейген жан досқа мұқтаж да болмайды. Таңдап сүйген жалғыздығы асау жүйріктей ешкімді маңайлата бермей жанталасады. Өзімен-өзі болғысы келіп, өз жанын өзі бір сәт ұйып тыңдағысы келіп оңаша қалғанды қалайды. Жылқы үйірінен адасқанда кең даланың төсін айырып, ұшқан құстай желіп бара жатпай ма? Парлап бара жатқан бойындағы ащы тер ме, ащы жас па, жаратылысы ғана білер...»
❤64
Forwarded from MAUARA-NAHR ما وراء النهر (Данияр Кенжеұлы)
Қазір дін саласында бір адам топ жарып танымал болып кетсе, оны айналадағы адамдар жеке мүддесіне пайдаланып кететін заман. Көзі кітаптан, қолы қаламнан, аяғы мешіттен басқа жерді көрмеген адамға әлгілердің әлемі өзгеше боп көрініп, әп сәтте жұтылып кетеді.

Елімізде өзімен хайп ұстауға мүмкіндік бермеген бір-екі ұстаздар ғана қалды. Алла оларды соңына дейін жұтылмауға жазсын.
❤42
"Әңгіме Оның Мейірімділігі туралы болғанда, ешқандай күнәнің үлкендігі болмайды.

Әңгіме Оның Мәрттігі туралы болғанда, ешқандай амалдың кішілігі болмайды."
❤51
"Принципі жоқ адамдардан қашам... Олар кез келген кезде сатып кетеді."
👏30❤9
Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?

// Абай
👏25❤9🕊2
"Жақсы тәрбие – тамақты төкпей ішу емес, біреудің төгіп алғанын байқамау."
❤63👏4
Жұбаныш Жексенұлы - Өмір...
Zhuldyz TV
Кейде Жұбанышты тыңдап жұбанып алатынымыз бар…
❤17
"Аллада адамдарды алалау деген болмайды ғой.
Оның әрбір тағдырға жасырған Өз хикметі бар❤️"
👏33❤16🕊5
"Сен ойдасың. Бірақ ойдағы сен - өмірдегі сен емессің, сол уақыт, кешегі бейнең бүгінгі образдың мәні бола ала ма.."
❤34👏7🕊3
"Жаныңды кірлеткің келмейді...Жандүниеңді барынша таза ұстағың келеді...Бірақ бар болғаны пендесің...Жаның тым нәзік болса, тіпті қиын... "
❤51👏2
"Кез келген интровертті тереңірек қазса, түбінде бір ұялшақ әрі бұрын экстроверт болған адамды табуға болады))"

Meyrkhanus
❤36
Forwarded from Belgisiz ūly
Өмірдің ең ғажап һәм ақиқат формуласы :

⤵️ Алладан
↪️ Алла үшін
⤴️ Аллаға

#суға_лақтырған_тас
❤45
"Әрбір ситуация бөлек. Әрбір жүрек бөлек. Әрбір сынақ бөлек. Сенің жаныңды түсінетін Алладан басқа кім бар? Жүрегіңе тыныштық беретін, Алладан басқа кім бар, айтшы? Шексіз армандарды орындайтын, қауқарлы, әрбір жығылғаннан кейін алдына барсаң да, одан асқан кешірімшіл, одан асқан мейірімді кім бар мына жалғанда, м?

Оған қайта ғой, оған ең жақсы жолмен қайта ғой. Жүрекпен бар, жүректің жолымен бар..."
❤74🕊3
Жүректің көзі ашылса,
Хақтың түсер сәулесі
❤20
Forwarded from Meyrkhanus+ (Meir Amangeldiyev)
Мен төртінші сыныпта: Құдай, XXI ғасырда өмір сүрген қызық емес. Барша ғылыми жаңалықтар 300-400 жыл бұрын жүзеге асқан. Енді ешқандай жаңалық ашу мүмкін емес.

Құдай: Галактикада адам баласы білмейтін нәрсе көп. Қаласаң ғарышты зертте.

Мен: Жасым әлі онға толғамаған. Галактика мен үшін тым қиын.

Бірнеше жыл өткен соң

Құдай: Міне саған интернет. Өте пайдалы.

Мен: Мегалайнның 1 гб интернетін қайда жеткізем? Айына 10 мың теңге төлейтін ақшам жоқ.

Құдай: Интернет түнде арзандау болады. Оған қоса әлем әдебиеті шедеврлерін жүктеп алып, офлайн оқи бер. Астраномияны зертте.

Мен: ол не?

Құдай: ..

Тағы бірнеше жыл өткен соң

Құдай: Керемет коммерциялық ұсыныс. Интернет арқылы кітап, киім, бәрін сатуға болады. Сонымен айналысып көр.

Мен: интернеттің ішіне оның бәрі қалай сыйады?

Құдай:..

Тағы бірнеше жылдан кейін.

Мен: Болашақта бай адам болғым келеді.

Құдай: Онда стоматологияға оқуға түс.

Мен: Жеті жыл универ оқығым келмейді.

Құдай: Онда биткоин деген нәрсе бар. Соны сатып ал. Болашақта миллионер боласың.

Мен: 1 шт биткоин 4 доллар тұрады екен. Тым қымбат.

Құдай: Подкаст жазып баста. 15 жылдан кейін бәрі подкаст түсіретін болады.

Мен: Подкастты ешкім тыңдамайды.

Тағы бірнеше жылдан кейін

Құдай: Мүмкін әлі де биткоинға ақша саларсың?

Мен: бір биткоин 3000 доллар тұрады ғой.

Құдай: 4 доллар кезінде алуың керек еді.

Мен: Бұлай қымбаттап кететінін кім білген?!

Құдай: Мен!

Тағы бірнеше жылдан кейін

Мен: Пандемия?

Құдай: Иә!

Мен: Біз не істеуіміз керек?

Құдай: Жаңа мүмкіндіктерді игеріңдер. Қор нарығы құлдырайды, акцияларды арзан кезінде сатып ал. Пандемиядан кейін қайтадан бәрі өседі.

Мен: 42500 теңге алып алайын.

2024 жылы

Мен: Құдай, XXI ғасырда өмір сүрген қызық емес. Барша ғылыми жаңалықтар  300-400 жыл бұрын жүзеге асқан. Енді ешқандай жаңалық ашу мүмкін емес.

P.S. Аллаһ Тағала бізге күн сайын сансыз мүмкіндік береді. Пендешілікке салынып, оларды байқамай жүргендейміз..
❤37👏5
"Адамға ең қиыны – күн сайын адам боп қалу" деген сөзді енді түсініп келем.
❤49👏10
Ми мен жүрек - бейне бір ерлі-зайыпты секілді жұп. Бірін бірі қолдап тұрса - Бақ, қорлап тұрса - Сор.

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
❤51👏1