"Инсайт
Аллах бір арманды беретіннің дәл алдында, жақын қалғанда сені дызылдатады екен. Жылдар бойы армандап жүрсең де аяқ астынан құлшынысың артып, соны тек сұрай бергің кеп кетеді екен.
Дұғаларыңның бәрі, тахаджудке дейін сол болып кетеді екен)
Осыны байқадым."

❤54
Forwarded from Dei saldym
Мен Алладан даналық сұраймын. Ойлағанда да, істегенде де соны “нысанасына” дәл тигізуің де — даналық. Ал оны оқып үйрене алмайсың, меңгере алмайсың.
Даналық сұрап алатын нәрсе екен. Оны Құдайдың өзі береді.
Себебі Құранда “Ол хикметті (даналықты) қалаған пендесіне нәсіп етеді. Кімге даналық берілген болса, расында, оған қыруар игілік берілгені. Алайда (бұл ақиқатты) тек шынайы ақыл иелері ғана терең түсініп, ғибрат ала алады" деген.

❤37👏2
Forwarded from Перизат Мырзахмет
Адам әділ емес, құдай әділ.
“Түсінбеймін, осындай ақымақ болуға бола ма?” десең, құдай ұғындырады. Әйтеуір бір күні бәрін түсініп шығасың.
“Мен ешқашан бүйтпеймін!” десең, құдай “бұл қалай өмір бойы бүйтпей өтеді” деп жасатқызып, дәмін татқызады.
Өзіңнің өмірің туралы ойлансаң, құдай өз өміріңді түсіндіруге көмектеседі. Біреудің өмірін ойласаң, құдай біреудің өмірін түсіндіреді. Біреудің өмірін түсініп болам дегенше өз өміріңе қолың тимейді. Ал құдайдың алдында өз өмірің үшін жауап бересің.
Адам проблема көп деп жылайды. Құдай берген жалғыз проблема - құдайға жол табу. Бірақ адам біреу салған жолмен тезірек барам деп ойлап, жолшыбай жұрттың проблемасын арқалап алады. Адам жүрегіндегі құдайды емес, басындағы шуылдаған ойларды тыңдайды. Сөйтіп жүріп адасады.
Адамның әуелгі реттеулерінде (setting) мін жоқ. Бірақ дүниеге келген сәттен бастап, адамның қолына түседі. Реттеулер бұзылады. Адам “құдай мені осылай қылды” деп налиды, “құдайдың қылғанына не амал?” деп өзгеруге құлық танытпайды. Адам бұзғанды адам өзгерте алатынын мойындамайды…
Құдай өзі реттеп алады.

❤36👏7
"Кеудеден жан шықпаған соң бәріне көне бересің, бәрін көре бересің, бәрін көтере бересің)
Бірақ соның ішіндегі ең ауыры — етің өліп кету мен жұтылып кету..."

❤43💔14👏7🕊3
Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған.
Раббым, осы жылы анама "уфф" демейтін тағдыр берші маған.
Раббым, осы жыл бойы біреу менен қарыз сұрап келсе "Мә, алағой" дейтін жүрек берші маған.
Раббым, бала-шағама дұрыс тәрбие беретін тағдыр берші маған, көңіл бөлмеппін мен оларға.
Раббым,туысқандық байланысымды реттеп алатын тағдыр берші маған.
Раббым, түңгі намаздарымды Тәхәджуд оқитын тағдыр берші маған.
Осы үшін келген Қадір түні.
Уайымың жүрегіңізде күшті болсын, сол уайыммен жазылады тағдырыңыз.
© Ұстаз Ерлан Ақатаев

❤85🕊2
“жақсы ит өлгенін көрсетпейді” деуші ме еді. соған орай өтірік-шыны аралас бір мақал айтайын – “жақсы жігіт намаз оқып жатқанын көрсетпейді”. телефон тіреп қойып дұға ететіндер бар тағы. оның жайнамазы, неше түрлі “ситаталарды” бұрқырататыны, иектегі сақалы ешнәрсені білдірмейді.
ешкіде де бар сақал. жігіт сақалы салмақтылықты аңғартса керек. жалпы үндемейтін кісінің жанында даналық бар.
https://t.me/arynqunanbai

❤51👏7🕊1
Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жолсерік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты. Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдің алтын босағасы - достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі семьяны ғана көрші ұнатады, коғам құптайды.
(с) Әзілхан Нұршайықов, "Махаббат қызық мол жылдар"

❤50🕊4
Forwarded from Beybit Argınbay
Көп сөйлейтін адам көп қателеседі. Көп қателесетін адам көп күнә жасайды деп Ислам ғалымдары топ айтқан ғой
Красноречивый адамдардан парасат күткен дұрыс емес өзі

👏17❤6
Болашақ жарыңды несіне қарап таңдаған дұрыс?
1. Реакция. Өзіне ұнамаған мәселелерді қалай шешеді, соған мән беру керек. Агрессия арқылы, жымию арқылы, біреуге хабарласу арқылы, тб.
2. Құндылықтары. Не нәрсе ол үшін маңызды?
Оның тысындағы көп нәрсе түзелетін нәрселер. Саған жақын мәдениеттен алған дұрыс.
© Ә. Мәдиұлы

🕊23❤13
"...адам баласы жалғыздықтың ащы дәмін татып, өз мадағын да, өз сәтсіз қадамын да жалғыз еңсере білген кезде...адам баласы өзгереді."
©біреу
©біреу
👏20💔10❤5
Жалғыз сен
Kairat Nurtas
Бүгін күтпеген жерден еске түсті осы ән.
Жай, үйден шығып баспалдақпен түсіп бара жатқанда терезеден аспанның көңілсіз күйін көріп қалдым. Аузым мен миым келісіп менің еркімнен тыс өзі айта жөнеліпті🕊️

❤14🕊2
Forwarded from Essizdik is the New Black!
Сосын үйлену тойы әлеуметтік желіде үн-түнсіз өтетін адамдардың ішкі табиғаты әсем болатын сияқты.
❤40👏2
Жолданбаған хат
Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.
Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.
(с) Есенғали Раушанов
Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.
Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.
(с) Есенғали Раушанов
👏9❤6💔1
Forwarded from бeсін
Бірте-бірте көп нәрседен ажырайды екенбіз. Өзіміздегі, өз ішіміздегі, сыртымыздағы. Қалған ғұмыр соларды аңсаумен, сезінуге тырысумен-ақ…
❤27💔5