ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Forwarded from qalqam
Егер біз "махаббатқа дейін" және "махаббаттан кейін" бірдей адам болсақ, демек біз жеткілікті түрде жақсы көре алмадық.


📚 Махаббаттың қырық ережесі
❤16🕊7
“Рас, өмір кейде езіп жібереді, сындырып жібереді. Жаның шырқырап ауырғанда он екі мүшең сау екенін де ұмытасың, безіп кеткің келеді. Бірақ сен өзіңде өзің ғана барсың ғой. Жаныңның қаншалықты ауырып жатқанын өмірге әкелген ата-анаң да, бірге туған бауырың да сезбейді. Себебі, ауырып жатқан сенің жаның, демек, оны құтқаратын сен ғана! Түсінгенім: Құдаймен гармонияда өмір сүргенде ғана адамның жаны тыныштық табады. “
❤62
“Сүю — тірі жан екеніңді сездіретін нағыз шынайы сезім, мүмкіндік болса, дәмін көру керек)”
❤29🕊5👏4
​
Тәңірім,
бейтаныс біреудің сөзі боп,
ең сұлу арудың көзі боп,
айтасың әрдайым нені сен?!
адасып жүргенім – қателік,
онымен келісем.

Бірақ та,
сөз таппай айтатын өзіме,
өзіңнің қолыңды сезіне,
сәттерді сүйемін жоғалған.
мен саған "шүкір" деп айтушы ем,
бұл күні доғарғам.

Ұлыңа
ең ауыр дарынды сыйлаған,
төрт шумақ өлеңге сыймаған,
жүректі бергенін дұрыс па?!
сондықтан, ашумен жыр жазсам,
сен маған ұрыспа.

Білемін,
сен мені сүйгеннен сынайсың,
дедің бе тағы да мұңайсың,
...біздегі қатынас – үлгілі.
жұмаққа ұмтылу бос әуре –
ақынның тағдыры белгілі.

Құдайым,
өзіңді жырлаймын ұдайы,
келгенде біз жаққа күз айы,
сезетін шығарсың себебін.
Өтінем,
таңдаудың асылын бер маған,
алып қап өзіне керегін.

https://t.me/essizdick
❤9🕊2💔2
«Саған еш жақсылығы өтпесе де, сен үшін ниеті таза адамдар бағалы...»
❤37🕊4
“Осыны анық түсініп алайықшы: адам өзгені пайдалы болғаны үшін, біреуден артық болғаны үшін, жақсы болғаны үшін сүймейді. Жүрек таңдаған адамды сүйеді. Бір қылығы үшін, не болмаса жайдан жай сүйеді. Жүректі дір еткізгені үшін сүйеді. Сыртқы сымбаттың, асқақ жетістіктің, ешбір зұлым күштің, ғажап сұлулықтың, асқан ақылдың махаббатқа еш қатысы жоқ. Сезімнің разылыққа да түк қатысы жоқ. Махаббатты сезіну үшін лайықты болу шарт емес. Махаббатты тек сыйлай аласың — ол сезіміңді қабылдайды не қабылдамайды.”
❤36👏13🤔1🕊1
Forwarded from my liberation notes
Өмірді қалай сүру керек екенін өмірдің өзі ғана үйрете алады. Индивидуально.
😁11❤3
Жанабай Отегенов Периза...
Renat Aubakirov
Қанша жылдан кейін тыңдаған бір күшті сезім екен
❤10
Сондықтан, бастағы таптаурындарға біреудің сақалына қарап, ұлтына қарап нәтиже шығарта беруге рұқсат бермейік.

Сақалы бардың бәрі адал, орамалы бардың бәрі ақ көңіл, орыстың бәрі агрессор болса, дүние бәлкім жұмақ болар ма еді?!

Бәрі оңай болса, бұл өмір сондай қиын болмас еді.
👏5❤4
"Әдетте, қарым-қатынастың аяқталуының себепшісі, қарым-қатынас басында көз жұма қараған дүниелер болады…"

“Өзіңізбен абслютно шынайы болу, ең пайдалы жаттығу” (с) З.Фрейд.
❤34👏4
“Жазылмаған дәптерлер мен әттеңдерден,
Ұшырылмаған кептерлер менен сәттер, күндерден:
тұрады өмір”
❤23💔8
“Өзіңді салыстырма. Бөлме. Жүрекпен алыс. Құдайды тап. Ішіңде не болса, сыртыңда сол. Бақытты болу өнерін меңгер.”
❤36🕊1
“…қандай білім, ақыл, керемет инструмент болсын… Ішкі әлемнің, адамның ішкі ойлары, установка, убеждения и опытынан, сезімдерінен асып түсе алмайды❤️‍🩹”
❤26👏1
- Менде бәрі бар, бірақ ештеңе жоқ. Өйткені жүрегім бос, оны ештеңе толтыра алмайды.
- Жүректі қанағат қана толтырады. Бірақ пенде баласы барға шүкіршілік етпей, жоққа ұмтылады. Жоқты іздеп - барын жоғалтады. Адасу деген сол. Әр адам өз жоғын іздеп, үміт дүниесін кезген жолаушы секілді.

Тұрысбек Сәукетаев
"Мен жындымын"
❤28💔5
Forwarded from Meyrkhanus+ (Meir Amangeldiyev)
Бұл өмірде кез келген адамның төрт ұстазы болады:

1. Дедлайн;
2. Стресс;
3. Форс-мажор;
4. Ақша дефициті.

Осы төртеуінен жақсы сабақ алған адамды суға салса батпайды, отқа салса жанбайды.
😁17
Бір жолығу бүгінде бұйырмады...
Сəтсіздіктің неліктен үйір бəрі?!
... Сіздей бəрі болғысы келгенімен,
Сіздей ешкім ұқпай жүр, күйімді əлі.

Жалғыздықтың мекен ғып мұнарасын,
Жүргенімді Сіз ғана ұға алар шын...
Жүрегімді мен бүгін жұбатпаймын,
Жылағысы келсе егер, жылап алсын...

А. Т
❤31
“Біз осы “түсінем, мінсіз адам болмайды…” деп қанша қайталасақ та айналамыздағы адамдардың “тап-таза, мінсіз бола алмағаны үшін өкпелейміз…қызықпыз жалпы…”
❤43
Forwarded from бeсін
«Біз раушан деп атайтын гүл, басқа атпен де солайша жұпар шашып тұра бермей ме?»
❤15
Forwarded from экстаз
Баяғыдай емеспін. Суыппын. Яки өмірмен достастым ба екен...Әйтеуір қайғыра беруді қойппын. Мұңнан да жалыққам-ау шамасы. Ішімде өлі тыныштық. Бұрыңғы аласұрған сезім, қиял, өкініштердің бірі де жоқ. Сүйкімді хәл. Үлкендер айта беретін «биіктен қарауды» үйренген секілдімін. «Ұзағынан болғай» дейін десем, мұздап кетем бе деп қорқамын. «Даналыққа ұласқай» дейін одан да. Иә...Даналыққа ұласқай!
❤58🕊4💔3👏2
«…бірақ жүз жылға жалғасқан жалғыздықты қайтесіз. Қайғыда шек бар ма, қуанышта қандай береке бар, баянсыз өмірдің бақыты — Құдай берген денсаулықтың қадірін білу ғана шығар.

Басқаның бәрі – бос сөз.»
❤27