Ozon Marketplace Kazakhstan
✔
2.64K subscribers
996 photos
64 videos
833 links
Қазақстандағы Ozon сатушылары мен тапсырыс беру пункттерінің иелеріне арналған арна: жаңалықтар, оқыту материалдары және кәсіпкерлердің оқиғалары https://s.ozon.ru/EIaoa4P

Канал для продавцов Ozon и владельцев ПВЗ в Казахстане https://s.ozon.ru/EIaoa4P
Download Telegram
📆 Қазақстандағы ПВЗ жұмыс кестесі

Жақында белсенді сатылым кезеңі басталады. Сатып алушылар пунктіңіздің қашан ашық екенін нақты білуі, ал сіз барлық клиентті қабылдап, көбірек табыс таба алуыңыз үшін 14 қазаннан бастап пункттің жұмыс кестесін өзгертуге өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатамыз. Жұмыс кестеңіз бұрынғыдай қалады. Оны қайта өзгертуге мүмкіндік болғанда, міндетті түрде хабарлаймыз.

Жұмыс кестесін өзгертуге болатын ерекше жағдайлар:
🔵 ПВЗ-ңыз сауда орталығында немесе өз жұмыс кестесі бар ғимаратта орналасса;
🔵 Ozon-ның стандартты жұмыс кестесіне оралғыңыз келсе: 9:00-ден 21:00-ге дейін, 9:00-ден 22:00-ге дейін немесе 8:00-ден 21:00-ге дейін.

Ол үшін «Турбо ПВЗ» қолдау чатына жазыңыз: «Организационные вопросы» → «Данные агента» → «Изменить график работы» → «Другая проблема». Пункттің атауын және жұмыс уақытын неліктен өзгерткіңіз келетінін көрсетіңіз. Барлығын тексеріп, 7 күн ішінде «Профильдегі» деректерді жаңартамыз. Содан кейін жұмыс уақыты көрсетілген тақтайшадағы жапсырманы ауыстырып, жаңа кесте бойынша жұмыс істей аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📆 График работы ПВЗ в Казахстане

Скоро начнётся период активных продаж. Чтобы покупатели точно знали, когда ваш пункт открыт, а вы могли принять весь поток клиентов и зарабатывать больше, с 14 октября временно не принимаем заявки на изменение графика работы пункта. Ваш график при этом останется прежним. Когда его снова можно будет изменить, обязательно сообщим.

Исключения — когда можно изменить график: 
🔵 если ваш ПВЗ находится в торговом центре или помещении, которое работает по своему графику;
🔵 если вы хотите вернуться к стандартному графику Ozon: с 9:00 до 21:00, 9:00 до 22:00 или 8:00 до 21:00.

Для этого напишите нам в чате поддержки «Турбо ПВЗ»: «Организационные вопросы» → «Данные агента» → «Изменить график работы» → «Другая проблема». Укажите название пункта и причину, почему хотите изменить часы работы. Всё проверим и в течение 7 дней обновим данные в «Профиле» — замените наклейку на табличке с режимом работы и можно работать по новому графику.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
📆 Акцияларға қатысып, барынша тиімді сатыңыз

22 қазан мен 12 қараша аралығында «11.11» жаппай жеңілдік науқаны өтеді. 2025 жылы осы науқан кезінде сатып алушылар акциялар аясында 201 515 371 тауарға тапсырыс берді. Биыл бұдан да жоғары нәтиже күтеміз!

Науқанның басталуына екі аптадан аз уақыт қалды. Демек, тауар қорын тексеріп, соңғы дайындықтарды аяқтайтын кез келді.

Ozon-дағы жылдың басты жаппай жеңілдік науқандары туралы не білу керек
Барлық өзекті ақпаратты сайтта жинадық:
🔴 науқандар кестесі мен сол кезеңге арналған іс-қимыл жоспары;
🔴 сауда қызған маусымда тауарларды ілгерілетудің тиімді құралдары;
🔴 жылдың басты жаппай жеңілдік науқандарына дайындалу туралы вебинар.

«11.11» кезінде барынша көп жаңа сатып алушыны тартып, сатылымды мейлінше арттыру үшін акцияларға қатысыңыз!

➡ Тауарларды акцияларға қосу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📆 Вступайте в акции и продавайте с максимальной выгодой

С 22 октября по 12 ноября пройдёт распродажа «11.11». В 2025 году в период распродажи покупатели заказали 201 515 371 товар в акциях. В этом году ожидаем ещё больше!

До старта осталось меньше двух недель, а значит, самое время проверить запасы товаров и закончить последние приготовления.

Что нужно знать про распродажи года на Ozon
На сайте собрали всю актуальную информацию:
🔴 расписание и план действий на период распродаж;
🔴 эффективные инструменты продвижения в высокий сезон;
🔴 вебинар про то, как подготовиться к главным распродажам года.

Вступайте в акции, чтобы привлечь как можно больше новых покупателей и максимально вырастить продажи в период «11.11»!

➡ Добавить товары в акции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
👨‍🎓 Ozon-нан оқыту: осы аптадағы онлайн кездесулер

🔵 20 қазан, Астана уақытымен 14:00 — Ozon-дағы тауар карточкаларын жан-жақты талдау
Онлайн кездесуде сатып алуға ынталандыратын тауар карточкаларын қалай жасауға және олардың қаралым санын қалай арттыруға болатынын талқылаймыз. Контенттің осал тұстарын анықтап, оны жақсарту жолдарын қарастырамыз.
Тіркелу

🔵 20 қазан, Астана уақытымен 17:00 — Ақпараттың шамадан тыс көптігінен қалай қорғануға болады
Мәскеу психология институтының сарапшыларымен қорытынды кездесу өткіземіз. Жаңалықтарды психикаға зиян келтірмей оқудың, артық ақпараттан қорғанудың және үрейге бой алдырмаудың жолдарын талқылаймыз.
Тіркелу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👨‍🎓 Обучение от Ozon: онлайн-встречи на этой неделе

🔵 20 октября, 14:00 по Астане — Большой разбор карточек товаров на Ozon
На онлайн-встрече разберём, как создавать продающие карточки товара и увеличивать их просмотры, подсветим слабые места в контенте и выявим зоны роста.
Зарегистрироваться

🔵 20 октября, 17:00 по Астане — Как избежать информационной перегрузки
Проводим заключительную встречу с экспертами Московского института психологии. Обсудим, как читать новости без вреда для психики, оградить себя от лишнего шума и не поддаваться панике.
Зарегистрироваться
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақстандағы қазіргі және болашақ кәсіпкер әйелдерді өз ісін дамыту жолында қолдайық

Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі миллиондаған әйел батыл идеяларын нақты бизнеске айналдырып келеді немесе жеке ісін бастауға алғашқы қадам жасауға дайындалуда. Олардың оқиғалары туралы бүкіл ел білуі үшін «Бизнестен де артық» байқауын бастаймыз❤️
 
Егер бұл сіз туралы болса — міндетті түрде қатысыңыз. Ал таныстарыңыздың арасында кез келген салада өз бизнесін дамытып жүрген немесе өз ісін ашуды жоспарлап жүрген әйелдер болса, олармен осы жаңалықпен бөлісіңіз.
 
🎁 Жеңімпаздарды күтетін сыйлықтар: Жеңімпаздарға Ozon-да сатып алуға арналған 100 000 балл (1 балл = 1 теңге), Ozon топ-менеджерімен бизнес-таңғы ас, бизнесті дамыту бойынша кеңес және басқа да көптеген сыйлықтар ұсынылады. Ал өз номинациясында бірінші орын алған қатысушылардың оқиғалары Ozon-ның «Бестселлер» медиасында миллиондық аудиторияға таныстырылады!
 
Қатысу үшін бар болғаны үш қадам қажет
1️⃣ 20 қарашаға дейін өзіңізге ыңғайлы әлеуметтік желіде бизнесіңіз немесе кез келген саладағы арманыңыздағы жоба туралы жарияланым жасаңыз.
2️⃣ #ozon_бизнестен_де_артық хештегін қосыңыз.
3️⃣ Байқау сайтындағы формаға посттың сілтемесін тіркеңіз.

➡️ Қатысу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2⚡1🤝1
⚡️ Поддержим действующих и будущих предпринимательниц Казахстана на их пути

Сегодня миллионы женщин по всему Казахстану превращают смелые идеи в реальный бизнес или только готовятся сделать первые шаги к своему делу. Чтобы об их историях узнала вся страна, запускаем конкурс «Больше чем бизнес» ❤️

Если это про вас — обязательно присоединяйтесь. А если среди ваших знакомых есть женщины, которые уже развивают свой бизнес в любой сфере или думают его открыть — поделитесь с ними этой новостью.

🎁 Победительницы получат: 100 000 баллов на покупки на Ozon (1 балл = 1 тенге), бизнес-завтрак с топ-менеджером Ozon, консультацию по развитию бизнеса и многое другое. А истории тех, кто займёт первое место в своих номинациях, расскажем на миллионную аудиторию в медиа Ozon «Бестселлер»!

Для участия — три простых шага
1️⃣ До 20 ноября расскажите в удобной соцсети о своём бизнесе или проекте мечты в любой сфере.
2️⃣ Добавьте хештег #ozon_больше_чем_бизнес.
3️⃣ Прикрепите пост к форме на сайте конкурса.

➡️ Участвовать
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2⚡1🤝1
👩‍💻 Миллениалдармен қалай жұмыс істеу керек

Миллениалдар — шамамен 1981–1996 жылдар аралығында туған адамдар. Оларды өз бетінше жұмыс істей алатын, икемді әрі тіл табысуға оңай қызметкерлер деп санайды. Бірақ олармен жұмыс істеу шынымен де соншалықты оңай ма? Олардың ынтасын сақтауға не көмектеседі?

«Бестселлерде» мына сұрақтарға жауап іздедік:
⚪️миллениалдар үшін әр тапсырманың мәнін түсіну неліктен маңызды;
⚪️кәсіби өсуге көмектесетін кері байланысты қалай беру керек;
⚪️қызметкер шағымданбаса да, оның кәсіби қажуын қалай байқауға болады.

➡Мақаланы оқу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1⚡1🤝1
👩‍💻 Как работать с миллениалами

Миллениалы — люди, родившиеся примерно с 1981 по 1996 год. Их принято считать самостоятельными, гибкими и удобными сотрудниками. Но действительно ли с ними так просто работать? И что на самом деле помогает им оставаться мотивированными?

В «Бестселлере» разобрались:
⚪️почему миллениалам важно видеть смысл в каждой задаче;
⚪️как давать обратную связь, чтобы она помогала расти;
⚪️как заметить выгорание, даже если сотрудник не жалуется.

➡️Читать статью
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3⚡1🤝1
🇰🇿 Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

Еліміздің барлық тұрғындарына зор денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз. Қазақстанның дамуы ешқашан тоқтамай, әр шаңырақта береке, жайлылық пен молшылық орнасын!

Барлық істеріңізге сәттілік, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз!

—————————
🇰🇿 Поздравляем с Днём Республики Казахстан!

Желаем всем жителям страны здоровья, счастья и новых достижений. Пусть Казахстан никогда не останавливается в своем развитии, а в каждом доме царит уют и процветание!

Удачи во всех делах и исполнения задуманного!
❤4
📲 Мобильді қосымшаға «Товары на Ozon» бөлімін қостық

Енді Ozon Seller мобильді қосымшасының «Меню» → «Аналитика» →
«Товары на Ozon» бөлімінде басқа сатушылар Ozon-да сәтті сатып жатқан тауарлардың көрсеткіштерін бақылай аласыз. Ассортиментті кеңейтуге арналған идеяны өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта таба аласыз.

Қосымшада қандай функциялар қолжетімді

Әзірге бөлімнің барлық мүмкіндігін көшірген жоқпыз, бірақ қазірдің өзінде сіз:
🔵соңғы 7 немесе 28 күндегі танымал тауарлар тізімін кесте немесе тауар карточкалары түрінде көре аласыз;
🔵тауарларды тапсырыстар сомасы мен саны немесе айналым динамикасы бойынша сұрыптай аласыз;
🔵тауарларды атауы немесе артикулы бойынша іздеп, санаты мен бағасы бойынша сүзгілей аласыз.

Әрине, бестселлерге айналу мүмкіндігі бар қолайлы тауар тапсаңыз, оның карточкасын бірден өз дүкеніңізге көшіре аласыз.

➡️ «Товары на Ozon» туралы толығырақ

🏪 Ozon Seller қосымшасын жүктеп алу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📲 Добавили раздел «Товары на Ozon» в мобильное приложение

Теперь можете следить за метриками товаров, которые успешно продают на Ozon другие продавцы, в разделе «Меню» → «Аналитика» → «Товары на Ozon» мобильного приложения Ozon Seller. Найти идею для расширения ассортимента можно будет в любой удобный момент.

Какие функции доступны в приложении

Пока перенесли не все возможности раздела, но уже сейчас вы сможете:
🔵посмотреть список популярных товаров за 7 или 28 дней в виде таблицы или карточек товаров;
🔵отсортировать товары по сумме и количеству заказов или динамике оборота;
🔵найти товары по названию или артикулу, отфильтровать их по категории и цене.

И конечно, если найдёте подходящую позицию, у которой есть шанс стать бестселлером, можно сразу скопировать карточку в свой магазин.

➡️ Подробнее о «Товарах на Ozon»

🏪 Скачать Ozon Seller
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1⚡1🤝1
✨ Тауарға үлгі немесе сипаттама бойынша фон жасаңыз

Кіріктірілген фоторедакторда нейрожелі көмегімен тауар фотосуреттеріне қосымша ақысыз фон жасауға болады. Енді қажетті фонды мәтінмен сипаттай аласыз немесе нейрожеліге басқа фотосуреттегі қолайлы фонның үлгісін көрсете аласыз. Ол тілектеріңізді ескеріп, тауарға фон жасайды.

Тауардың фонын қалай басқаруға болады
1️⃣ Тауарды жасау немесе өңдеу кезінде «Медиа» қадамында «Открыть фоторедактор» түймесін немесе фотосуреттегі қарындаш белгішесін басыңыз.
2️⃣ Фотосуретті таңдап, «AI-редактор» қойындысында «Сгенерировать фон» түймесін басыңыз.

Қажетті фонды сөзбен сипаттағыңыз келсе, «По описанию» жасау тәсілін таңдаңыз. Айналадағы орта, жарық, түстер, бөлшектер мен стиль туралы айтып беріңіз. Мысалы: «Ваза стоит на деревянном столе, рядом свеча, мягкий вечерний свет, уютная атмосфера».

Қолайлы фоны бар фотосуретіңіз болса, «По примеру» тәсілін таңдап, қайталағыңыз келетін орта мен стиль бейнеленген фотосуретті жүктеңіз.

Баптаусыз фон жасаудың негізгі тәсілі де қолжетімді болып қалады. Бұл тәсілде нейрожелі фонның екі нұсқасын ұсынады. Олардың бірін таңдай аласыз немесе жаңа нұсқалар жасай аласыз.

➡️ AI-редактор туралы толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✨ Создайте товару фон по примеру или описанию

Во встроенном фоторедакторе можно создать фон на фотографиях товаров с помощью нейросети — и без доплат. Теперь вы можете описать нужный фон текстом или показать нейросети пример подходящего фона на другой фотографии, и она создаст фон товару с учётом ваших пожеланий.

Как управлять фоном товара
1️⃣ При создании или редактировании товара на шаге «Медиа» нажмите «Открыть фоторедактор» или на иконку карандаша на фото.
2️⃣ Выберите фото и нажмите «Сгенерировать фон» на вкладке «AI-редактор».

Если хотите описать нужный фон словами, выберите способ генерации «По описанию». Расскажите об окружении, освещении, цветах, деталях и стиле. Например: «Ваза стоит на деревянном столе, рядом свеча, мягкий вечерний свет, уютная атмосфера».

Если у вас уже есть фото с подходящим фоном, выберите «По примеру» и загрузите фото с окружением и стилем, который хотите повторить.

Базовая генерация без настроек также остаётся доступной. В этом способе нейросеть предложит два варианта фона, сможете выбрать из них или сгенерировать новые.

➡️ Подробнее об AI-редакторе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️ Қазақстандық әйел кәсіпкерлерді қолдайық — бизнесті дамытуға арналған жүлделер ойнатамыз

«Бизнестен де артық» байқауы жалғасуда! Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен өз ісін бастап, айналасындағы өмірді жақсартып жүрген әйел кәсіпкерлердің хикаяларын көбірек біле бастадық. Егер осындай әйелдерді танитын болсаңыз, оларға байқау туралы айтып беріңіз. Ал егер бұл сіз туралы болса, міндетті түрде қосылып, құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

🎁 Қандай жүлделер күтіп тұр
🔵 Ozon-ның «Бестселлер» медиасына сұхбат — жеңімпаздардың хикаясын миллиондаған аудиторияға таныстырамыз.
🔵 Ozon топ-менеджерімен бизнес-таңғы ас — идеяңызды қалай жүзеге асыруға немесе бизнесіңізді қалай дамытуға болатынын талқылаймыз.
🔵 Ozon-да сатып алуға арналған 100 000 ұпай (1 ұпай = 1 теңге) — ісіңізді дамыту үшін.
🔵 Бизнесті дамыту бойынша консультация — сарапшылар сіздің жобаңызды немесе идеяңызды талдап, нақты әрекет жоспарын құрады.
🔵 Және басқа да бағалы жүлделер!

Қатысу жолдары
20 қарашаға дейін кез келген әлеуметтік желіде #ozon_бизнестен_де_артық хештегімен өзіңіз бен бизнесіңіз туралы жазба жариялап, байқау сайтындағы формада сол жарияланымға сілтемені қалдырыңыз.

➡️ Жүлделерге жол
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️ Поддержим предпринимательниц Казахстана — разыграем призы для развития бизнеса

Конкурс «Больше чем бизнес» продолжается! Мы получаем всё больше историй предпринимательниц со всего Казахстана, которые строят своё дело и меняют жизнь вокруг к лучшему. Если знаете таких женщин, расскажите им про конкурс. А если это про вас, обязательно присоединяйтесь и получайте шанс забрать ценные призы.

🎁 Какие призы ждут
🔵 Интервью для медиа Ozon «Бестселлер» — расскажем истории победительниц на миллионную аудиторию.
🔵 Бизнес-завтрак с топ-менеджером Ozon — обсудим, как воплотить вашу задумку в жизнь или сделать бизнес сильнее.
🔵 100 000 баллов на покупки на Ozon (1 балл = 1 тенге) — для развития вашего дела.
🔵 Консультация по развитию бизнеса — эксперты разберут ваш проект или идею и составят чёткий план действий.
🔵 И другие ценные призы!

Как участвовать
До 20 ноября выложите пост с хештегом #ozon_больше_чем_бизнес в любой соцсети, расскажите о себе и своём бизнесе и оставьте ссылку на публикацию в форме на сайте конкурса.

➡️ За призами
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩 Дофаминдік тауарлар тренді: одан қалай табыс табуға болады?

Терезенің ар жағында қарашаның сұрғылт күндері, ал қолыңыз еріксіз ашық түсті саптыаяққа немесе жаңа піскен тәттілердің хош иісі бар шамға созыла ма? Құттықтаймыз, сіз трендтесіз! Ozon-да «дофаминдік» сөзі бар іздеу сұраныстары 2,8 есе артты, ал дофаминдік әшекейлерді 7,5 есе жиі іздей бастады.

Сатып алушылар сұрғылт түстерден шаршап, «кішкентай қуаныштар» іздейді. Егер сіз косметика, ыдыс-аяқ, декор немесе аксессуарлар сатсаңыз, осы тренд арқылы табыс табудың дәл уақыты келді.

Мақалада мыналарды талдадық:

🔴 жарқын декорға деген қызығушылықтың неліктен артқанын және өзіңізді қуанту неге қалыпты екенін;
🔴 сатып алушылардың «кішкентай қуаныштарға» қанша ақша жұмсауға дайын екенін;
🔴 трендке сай болу үшін тауар карточкаларын қалай жаңарту керектігін.

➡️ Мақаланы оқып, сатылымды арттырыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩 Тренд на дофаминовые товары: как на нём заработать

За окном серый ноябрь, а рука сама тянется к яркой кружке или свече с ароматом выпечки? Поздравляем, вы в тренде. На Ozon запросов со словом «дофаминовый» стало в 2,8 раза больше, а дофаминовые украшения ищут в 7,5 раз чаще.

Покупатели устали от серости и ищут «маленькие радости». Если вы продаёте косметику, посуду, декор или аксессуары, самое время на этом заработать.

В статье разобрали:

🔴 откуда взялся бум на яркий декор и почему баловать себя нормально;
🔴 сколько покупатели готовы тратить на «маленькие радости»;
🔴 как пересобрать карточки, чтобы встроиться в тренд.

➡️ Читать статью и поднимать продажи
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM