Forwarded from Azattyq - Азаттық
❗Қазақстан ресейлік белсенді Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты
Ресейлік белсенді, Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянова Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды. Бұл туралы Емельянованың адвокатына сілтеп, "Ковчег" құқық қорғау жобасы мәлімдеді.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, белсендінің ісі бойынша келесі отырыс 27 ақпанда өтпек.
Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.
Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.

👍66🤔18❤11🤬3🥴1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Германия канцлері Фридрих Мерц Қытайда жүр. Қытай тарапы оған гуманоид роботтарды көрсетуде.
😱87👍33🤣29😁11🤨5❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Белгород аймағының губернаторы Гладков отырған пойыз бұзылып, ол жолдан көлік тоқтатып, межелі жерге жетіп алмақ болады. Теміржол маңынан көлігі бар жергілікті тұрғынды көреді. Бірақ тұрғын көлігінің екі адамға арналғанын айтып, оны апарып тастаудан бас тартыпты.
Енді Гладков “халықтың билікке өкпесі бар сияқты” деп мәлімдеме жасауда. Ал Белгород аймағының халқы оның сөздеріне жауап қатып, мыңнан астам пікір, видео қалдырған. “Әрине наразымыз, өкпеміз қара қазандай. Аймақта жарық, жылу ұдайы өшеді. Дрондар мыңнан астам адамды өлтіріп, жарақаттады. Күнде атқылаудан оянамыз”, - дейді тұрғындар.

🤣153🤪16❤6🍾4🖕3
Оралдық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Орал қалалық соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті үш жылға бас бостандығынан айырды.
Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныған.
Ақпарат: Азаттық арнасы

👍60👎13🤨13❤5👏4😱3🌚2🍾1
БАҚ: Украина дрондары екі күн бұрын «Дорогобуж» химиялық кешеніне соққы жасады. Кешен жарылғышқа арналған қосындыларды шығарады. Бүгін сол операцияның мән-жайы толық белгілі болды. Шабуылдан зауыт толық істен шыққаны айтылуда. Соққы салдарынан 7 адам қаза тапқан, 10 адам жарақат алған.
🔥141👍61👏8❤4👎1
The Wall Street Journal: АҚШ Иранмен келіссөз барысында қатаң талаптар қоюда. АҚШ тарапы Ираннан Фордо, Натанз, Исфахан ядролық кешендерін толық жоюды, барлық байытылған уран қорын АҚШ-қа беруді, келісімді мерзімсіз етуді, Иран аумағында уран байытуды толық тоқтатуды талап етуде. Бұл талаптарды Иран орындаса, АҚШ кей санкцияны жеңілдетеді.
👍129🖕43😱31🤣16🤔6❤4
Израиль әскері Ливандағы “Хезболла” күштеріне соққы жасауда.
👍91🤬37🖕13🤨5😡5❤3😐2
БАҚ: Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекаралас аймақта қиян-кескі шайқас басталды. Пәкістан әскері Ауғанстан аумағына ұшақтармен соққы жасаған. Ал тәлібтер бронды техниканы шекараға жақындатып, ұрыс салуда. Тараптар бір-бірін артиллерия, миномет, пулеметтермен атқылап жатыр.
🤣62🤬46👍10🤨9❤5😡5😐3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Щучинск қаласындағы “Палау орталығы” кафесінде жарылыс болып, 6 адам көз жұмды. Оннан астам адам жарақат алған. Жарылыс газдан болуы мүмкін.
😱113😢24❤5😨3🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пәкістан мен Ауғанстан (тәлібтер) арасында шекара маңында шайқас жалғасуда. Екі тарап та қарсыластың ондаған сарбазын жойғанын айтуда.
😱83👍12🤣8❤5🤨2