БАҚ: Украинаның OSINT зерттеушілері интерактивті карта жасап, оған ресейлік қару-жарақ өндіретін 6088 кешенді енгізген. Сонымен бірге бұл кешендерде жұмыс істейтін 1,2 млн адамды анықтаған. Олардың телефондарын, паспорт нөмірлерін, электронды адресін білген. 16 санаттан тұратын арнайы ақпараттар базасын жасаған. 6088 кешеннің 2290-на санкция салынған, қалғаны санкцияға ілінбеген. Енді қалған кешендерді санкцияға іліктіру үшін белсенділер, Украина билігі әрекет етпек.
👍224🔥25❤8👏6😁1🍾1
Қазақстан Ресейден ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салды. Ресейдегі Алтай аймағы, Кавказ, Томбы, Новосібір, Қалмақия және басқа аймақтардың өнімдерін кіргізуге тыйым салынып отыр. Бұл аймақтарда төрт түлік арасында ауру тарап жатыр дейді.
👍288💯37🔥11👏7❤3😱3🍾1
PARANOIA.KZ
Қазақстан Ресейден ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салды. Ресейдегі Алтай аймағы, Кавказ, Томбы, Новосібір, Қалмақия және басқа аймақтардың өнімдерін кіргізуге тыйым салынып отыр. Бұл аймақтарда төрт түлік арасында ауру тарап жатыр дейді.
Россельхознадзор Қазақстанның ресейлік ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салуын заңсыз деп атауда. Олар біздің тарапқа хат жазып, қабылданған шараның заңсыз екенін айтыпты.
Өздері шекарада тексерісті күшейтіп, түрлі өнімдерімізді өткізбеуді жиілетті. Осы арқылы ЕАЭС дегенді өз қолдарымен құнсыздандырып жатыр. Онысы біз үшін тіпті жақсы...

👍289🤡42🔥12❤6🍾3🖕1
Орбан Зеленскийге хат жазыпты. Ол өз хатының бір бөлігін парақшасында да жариялады.
Қысқаша айтқанда: «Украина билігі Венгрияның бұл соғысқа қатысты позициясын қабылдамай келеді. Мақсаттарың бізді осы соғысқа тарту, қатыстыру еді. Сіздер Брюссельдің және Венгрия оппозициясының қолдауына ие болдыңдар. Енді Венгрияда билікті ауыстырып, украинашыл билік қоймақсыңдар. Соңғы күндері Венгрия үшін аса маңызды саналатын «Дружба» құбырын бұғаттап тастадыңдар. Бұл мажар отбасылары үшін ең маңызды жобаның бірі саналады. Сол үшін де мен сіздің антимажарлық саясатыңызды өзгертуді сұраймын! Біз, мажар халқы, Украинадағы жағдайға еш жауапты емеспіз. Біздің украин халқына жанымыз ашиды, алайда соғысқа қатысқымыз келмейді. Біз соғысты қаржыландырғымыз келмейді, сонымен бірге энергия үшін де тым қымбат қаржы төлеуді қаламаймыз. Мен сізден шұғыл арада «Дружба» құбырын іске қосуды және енді Венгрияның энергия көздеріне шабуыл жасамауды сұраймын», - дейді.

🤣145🤡30🖕24❤9👍4🤨4💊3🌚2☃1😁1
Financial Times: Иран АҚШ-тың әскери операциясын болдырмау үшін, Трампқа бизнес ұсыныс жасамақ. Ядролық келісімнен бөлек, Иран билігі Трампқа газ және мұнай қорын, сирек кездесетін минералдар кешенін ұсынбақ. Сонымен бірге, АҚШ компанияларын жарылқау үшін, АҚШ-тан азаматтық мақсаттағы ұшақтарды да сатып алатынын айтпақ. Бұл ұсыныстар бұған дейін де келіссөз барысында, жабық форматта айтылған. Алайда енді Тегеран ұсыныс ауқымын кеңейтуге мүдделі.
🤣112🤔25👍19😱18🤡7❤4🤪4🖕1
Fars: Женевада Иран мен АҚШ арасындағы үшінші келіссөз басталды. Иран делегациясын СІМ басшысы Аббас Аракчи бастап келген. Ал АҚШ тарапынан Уиткофф пен Кушнер қатысуда.
🤝56😁15🤷♀13🤔9🤨3❤2🤪1
Forwarded from Mezgil.kz
Старлинк сөнді. Майдан даласында жағдай қалай өзгерді? Ресей әскері қандай амал қолдануда?
Украинаның Mustang лақап атымен танымал барлаушысы былай дейді: «Біз артиллериялық және минометтік соққының азайғанын байқадық. Дрондармен шабуыл жасау да еселеп азайды, ал соққылары барлаудың қиындауынан ауытқып жатты», - дейді.
Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7752

mezgil.kz
Starlink сөнді, әскер көнді: Майдан даласында жағдай қалай өзгерді?
Politico Exclusive бөлімі Илон Масктың Украина аумағында тіркелмеген Starlink терминалдарын сөнді
👍140❤17🤔5👏3🍾1
Әдетте экономикалық, әскери келісімдер көп жағдайда бізде жариялана бермейді. «Ол келісімде не жазылды» деп қоғам кейін үкіметтен талап етіп жатқанын желіде талай көрдік. Мысалы біздегі көптеген экономикалық келісімдер 90-шы жылдары жасалды. Инвесторлардың бірі мұнай саласына, бірі газ саласына, енді бірі тау-кен саласына келді. Одан кейін де түрлі инвестор келіп, келісім жасалды. Ол келісімдердің мерзімі 10-15 жыл, ал кейде тіпті 20-25 жылға созылады. Бірақ сол келісімдердің көбінің мәтіні ашық жарияланған емес. Тараптар қандай шарттар бойынша келісім жасасқаны ашық айтылмай келеді. Бұл қоғамның билікке деген сенімсіздігін арттыратын жайттың бірі.
Келісім мәтіндері ашық жариялануы тиіс. Әсіресе ол экономикалық салаға қатысты болса. Кім қандай пайда табады, қанша үлес алады, инвестор не істейді, не істемейді, бәрі ашық айтылып, көрінгені абзал. Сонда қоғам тарапынан артық сұрақ та, күмән де болмайды. Бұл сайып келгенде сенім капиталына қатысты сұрақ қой.
Қазір бәрі конституцияның жаңа жобасын талқылап жатыр. Сол жобада «Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады» деген тармақ бар. Бұл дұрыс. Егер бұл жоба қолдау тапса, онда осыдан кейін ратификацияланатын келісімдер жарияланатын болады.
Қазір бізде мұнай-газ саласындағы көптеген келісімнің мерзімі аяқталайын деп тұр. Олар осыдан ондаған жылдар бұрын жасалған келісімдер еді. Енді жаңа келісімдер жасалынуы тиіс. Ал ол келісімдердің мәтіні халыққа ашық көрсетілуі шарт. Өйткені басты заң (қолдау тапса) соны міндеттейді. Бұлғақ тартып, келісімді министрліктер жариялаудан қашқақтай алмайтын болады. Әдетте халықаралық шарттарға экономикалық келісімдер де кіргізіледі. оның ішінде: Сауда туралы келісімдер, инвестицияларды қорғау туралы келісімдер, кедендік одақтар туралы шарттар, еркін сауда аймақтары туралы келісімдер, қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдер және басқа.
Әскери-техникалық саладағы келісімдер (қандай қару алды, қандай өндіріс ашпақ, көлемі қандай) дегендер құпия қалатын болар. Әскери сала құпиялылықты қажет етеді. Бірақ басқа халықаралық келісімдер, экономика, саяси, мәдени, медициналық, ядролық қауіпсіздік және басқа ашық көрсетілуі шарт.

👍103❤13🤡6💯4🔥3🤣1
АҚШ-та F-35 ұшағын тізгіндеген бұрынғы ұшқыштың Қытайдың ұшқыштарын оқытқаны айтылуда. Ол МемДептің рұқсатынсыз қытайлық ұшқыштарды үйреткен. Есімі Джеральд Эдди Браун. Ол 2023-2026 жылдары Қытайдың ұшқыштарын оқытып, дайындағаны анықталды. Бүгін осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтпек. Бұл ақпаратты АҚШ медиасы қызу талқылауда. Ұшқыш "сатқындық" деген айыппен, ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
😱94👍55❤8🤔4🤬2😡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украин және Батыс арналары роботты ату жүйесінің Донбасста екі ресейлік сарбазға оқ жаудырған видеосын жариялауда.
🔥141👍59❤5👏4🍾3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Польша астанасы Варшавада билік соғысқа дайындалуда. Қала билігі соғыс жағдайында метроны қауіпсіз орын етпек. Қаланың мэрі Рафал Тшасковский метродағы азық-түлік, дәрі-дәрмек қоймаларын көрсетті. Podziemna Tarcza (Жерасты қалқаны) жобасы іске асуда. Метрода кемі 100 мың адам зымыран, бомба және дрон соққысынан қорғана алады дейді мамандар.
👍167😱13🔥10❤7
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
ЖАПАРОВ: КЕТСЕ КЕТЕ БЕРСІН!
Қырғыз президенті Садыр Жапаров досы Қамшыбек Ташиевтің елден кетуіне қатысты бүйдейді:
- Бұл бір трагедия емес. Тіпті дұрыс та болды. Өмір тоқтап қалмайды. Егер ол кетсе, менің артымда 7 млн досым тұр. Мен үшін мемлекет пен халық бірінші орында. Елдің тыныштығын кім бұзса, соны жазалаймыз. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді, - дейді.

🤣163😁16🤔12👍7❤6🤬6🤷♂5🖕3😍1
Амалбек Тшановтың немере інісі есірткі тасымалын ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалыпты дейді ақпарат көздері. Мәселе былай болған екен.
Кеденшілер Таиландтан келген пошталық сәлемдемеден күмәнді сұйықтықты байқайды. Тексеріс барысында оның каннабис майы екені анықталған.
Күдіктінің есімі Жамалбек Бақдәулет деседі. Оған халықаралық есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылып отырған көрінеді. Ауыр айып. Қазір Жамалбек Бақдәулет тұтқындалып, қамауға алынған. Күдікті Жамалбек Бақдәулет Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік қызмет атқарған қайраткерлердің бірі Амалбек Тшановтың туысы екен. Ақпаратты EGOV.PRESS арнасы жазыпты.
Кінәлі немесе кінәлі еместігін сот шешеді ғой әрине. Сол себепті де күдікті деп атайды. Кінәлі болса, кімнің туысы болса да, қылмыс жасаған адам жауапқа тартылуы тиіс. Кінәсіз болса босатылуы қажет.

🤣68👍23🤔11❤6👎6🌚5😐4🤨3