PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей. Новороссийск. Украин дронының портқа соққы жасаған сәті.
👍118🤝85🔥13🤣4😍3❤2
Ростовта «Аксайкардандеталь» зауыты отқа оранды. Зауытты өнімдері әскери мақсатта да қолданылған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
👏136🔥54👍10❤7
Ресей бүгін Ровнодағы ЖОО-ға соққы жасады. 25 адам жараланды. Екі адамның жағдайы ауыр.
🤬140😢10😡6❤1🌚1
The Economist болжамынша, Конгресс сайлауында демократтар басым түспек. Сенатта 51 демократ, 49 республикалық болмақ дейді. Ал Өкілдер палатасында демократтар 240 орын, республикалықтар 195 орын алады деп топшылауда.

Егер бұл болжам шындыққа айналса, Трамптың жағдайы өте қиын болмақ.
🔥171👏58👍26❤14🤣4🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРУДЕ?

Алматыда Розыбакиев көшесінің 6,4 шақырымдық бөлігінде көркейту жұмыстары жалғасуда.

Бүгінге дейін 22 мыңнан астам бұта мен 183 ағаш егіліп, жүргінші жолдарын жарықтандыруға арналған 130 бағана орнатылды.

Қазір жүргінші және велосипед жолы салынып, тротуар плиткалары төселіп, автоматты суару жүйесі орнатылуда.

Жұмыс барысында жасыл желектерді сақтауға, жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығына ерекше көңіл бөлінуде. Көркейту кезінде тұрғындардың жүріп-тұруына мүмкіндік сақталған.
👍106❤6👏6🤣3🤨1
БАҚ: Ресейдің "Рассвет" спутниктер тізбегіндегі (Starlink баламасы ретінде шығарған) екі спутник жерге жақындап келеді. Қос спутник күніне 1,5-4 шақырымға жуық биіктікті жоғалтуда. Осылайша екі спутник жақын аралықта орбитада жанып кетуі мүмкін.
👏142🤣56👍43❤2🤪1
Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылы Қазақстан мұнай өндіруші 10 елдің қатарына кіруі мүмкін. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Кувейтте мұнай өндіру және экспорттау көлемі азаюда дейді мамандар.
👍144❤8😁6🤨2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтердің Йемен үкіметінің жасақтарын талқандаған сәті. Ашық алаңда шабуылға шыққан үкімет жасақтары тас-талқан болыпты. Хуситтер миномет, пулемет, танкке қарсы қарумен күтіп алыпты. Ақпарат көздері Йемен үкіметі ондаған сарбаз бен бірнеше бронды техниканы жоғалтқанын айтуда.

Қос тарап та ескі әдіспен соғысыпты. Тіке шабуылдау және қарсылық таныту. Дәл мына ұрыста заманауи техника, дрон байқалмайды.
😱72🤬18👍14❤3🤨2🦄1