PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Emergency Lawyers: Судан мен Мысыр шекарасында заңсыз алтын іздеушілерге соққы жасалды. Соққыны Мысыр әскері жасады деген күдік бар. Бес зымыран Судан аумағында орналасқан заңсыз алтын іздеушілердің лагеріне түскен. Кемі 72 адам қаза тапты.
🤔57🤬24🤪8🤨6❤2😱2
Le Parisien: Хакерлер Франциядағы супермаркеттерге кибершабуыл жасады. Олар тоңазытқыштардың температурасын +50°C-қа дейін көтеріп жіберген. Салдарынан құны млндаған еуро тұратын тауар түрлері жарамсыз болып қалды. Әзірге шабуылды қай хакерлік топтың жасағаны белгісіз. Алайда гибридті шабуыл болуы мүмкін деген де нұсқа қарастырылуда.
🤔75🤬31🤨9👀7❤4😡1
The Telegraph: Ресейде оба ауруынан бір адам көз жұмған соң, Қытай билігі шекаралық аймақтағы бақылауды күшейтті. Қазір санитарлық бақылау күшейтілді. Порттар мен өткізу бекеттерінде адамдарды тексеру де қатаңдатылған. Ал Ресейден келген азаматтар үшін арнайы ескерту хабарламалары жіберілді. Азаматтар қандай да бір ауру белгісі байқалса, дереу арада ауруханаға жүгінуі тиіс.
👍111🤨16🎃8❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кезекті кемені құрықтау...Франция көлеңкелі флотқа тиесілі танкерді ұстағанын айтты. Бұл туралы Макрон мәлімдеді. DF Peak танкері Реюньон аралына жақын маңда басып алынды. Танкерге Францияның арнайы жасағы тікұшақтан түсіп, экипаж мүшелерін ұстаған.
👏122🔥17👍7❤4
Әзербайжанның тәртіп сақшылары бүгінгі митингте 4 көлікті өртегендерді ұстады. Сонымен қатар, 200-ден астам адам полиция бөлімшесіне жеткізілген.
👏92😁36👍10🤨4❤2😍1
Ресей Киевке соққы жасауда. Бірнеше жарылыс болған. Украин ақпарат көздері дабыл жүйесі тым кеш іске қосылғанын айтуда. Өйткені зымырандардың ұшырылғаны жайлы ақпарат берілмеді дейді. Ал сарапшылар АҚШ тарапы ақпарат беруді тоқтатуы мүмкін деген болжамын келтіруде.
🤬146😡17❤5🤣3☃2👎1🤔1
The Atlantic басылымы Трамптың Путинмен жасасқан келісімі жайлы жазды. Басылым «Трамп Путинді экономикалық дағдарыстан құтқарғысы келеді» дейді. Ол үшін Ресейдің бұғатталған активтерін Мәскеуге қайтарып беру, «Солтүстік ағын» газ жобасын қайта жандандыру, Ресей-АҚШ арасындағы экономикалық жобаларды талқылауы мүмкін екенін жазуда. «Трамп өз әрекеті арқылы Украинаны капитуляцияға итермелеуде» дейді басылым сарапшылары.
🤬170😡20🤣3👍2💯2🖕2❤1🤔1
Камала Харрис бүй дейді: “Трамп пен оның Ирандағы соғысы елімізде дизель отыны мен бензин бағасының шарықтап кетуіне себепкер болды. Оның соңғы айласы — өзінің досы Путиннен жанармай сатып алуы еді. Бұл әрекет әлсіздіктің айқын көрінісі әрі Ресейдің соғыс шығындарын қаржыландыруға көмектеседі. Бұл әрекеті америкалықтардың тұрмысын жақсартуға еш пайдасы жоқ.

Америка халқы өз қамын ойлайтын көшбасшыға лайық. Ал Украина халқы еркін, демократиялық әрі тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күресінде өз жағында нық тұратын одақтастарға лайық.”
💯265👍60❤8🤣7👏1
Bloomberg: Қыркүйек айында Ресей әскерінің шығыны 50 мыңға жетті. Жаралылар мен қаза тапқандарды қосқандағы көрсеткіш осындай болды. Бұл жаңа рекорд деген сөз. Оның ішінде 28 мыңы қаза тапқан.
👏154🔥35👍27❤2🤔1
Most Powerful Countries 2026 рейтингінде Қазақстан 34-орынға жайғасты. Бұл әлемдегі ықпалды елдер рейтингі. Біз бұл көрсеткіште БАӘ, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Иранды артқа тастаған екенбіз. Рейтингті жасау барысында экономикалық жағдай, инвестиция тарту мүмкіндігі, тұрақтылық, әскери әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдарға мүше болу және басқа қарастырылады.

Рейтингтің көш басында АҚШ тұр. Артынша Қытай, үшінші орында Үндістан.
👍119🤣40❤6🤨2🖕2🤪2
Reuters: Путин Донбасстың қалған бөлігін басып алмай, соғысты аяқтауға әзір емес. Ол қандай құнмен болса да Донбассты алуға ниетті екенін айтуда.
🤬129🖕51🤣7😱4❤1😡1
Болгария билігі ел жағалауына жақын маңда екі кемеге соққы жасалғанын айтты. «Челси 3» кемесі Болгарияның Бяла қаласына 30 шақырым жерде соққыға ұшыраған.

Azov Concord кемесі де шабуылға тап болды. Кеме суға батып кетті. Экипаж құтқарылды.

Болгария билігі кемеге Ресейдің дрондары соққы жасады деген ойда.
🤬112💯10🤔7❤4
Таяу Шығыстағы жағдай ушығуда. Қазан айында Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында кемелерге шабуыл жасау, кемелердің минаға жарылуы рекордтық көрсеткішке жеткен. Кемелердің басым бөлігі мұнай таситын танкерлер саналады.
😱83🤨8❤4🔥2
ТУРИЗМ…

Соңғы жылдары елімізде ішкі туризм дамып келеді. Бұған бірнеше фактор әсер етті дейді мамандар.

Біріншіден, пандемия жағдайында туристер сыртқа шығуға қауіптеніп, ішкі туризмді жаппай қолдай бастаған.

Екіншіден, туристік орталықтар мен мемлекет бұл салаға көбірек қаржы бөле бастаған. Инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржы еселеп артқан. Қазір Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында 3 әуежай салынып жатыр. Рахман қайнары, Көлсай, Баянауыл, Зеренді және Кендірлі туристік бағыттарына апаратын жолдарды жақсарту жоспары іске асуда.

Алакөл, Балқаш, Түркістан, Бурабай және Каспий жағалауына ұшатын рейстерге субсидия беру артқан. Әйтпесе көп компания бұл бағытқа ұшуға құлықты емес. Мемлекеттік субсидия берілген соң, ұшу рейстері көбейді. Бұл ішкі туризмді дамыту үшін жасалған шара.

Ішкі туризм дамыған сайын қонақүйлер, демалыс базалары, қоғамдық тамақтану орындары, гид қызметтері мен жергілікті таксиге сұраныс артып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады. Сондықтан бұл саланың дамуы маңызды.

Ұлттық парктерге барушылар саны артыпты. Соңғы 6 жылда 2 есе көбейіпті. 2025 жылы 3,6 млн адам ұлттық парктерге барып, табиғатымызды тамашалап қайтыпты.

“Бозжыраға барамыз” деп отбасымызбен әлі жүрміз. Көктемде барған дұрыс сияқты. Суреттерде көктемгі көрінісі керемет болып тұр. Бозжыраға жақын маңда тағы қандай көретін жерлер бар? Маршрут сызып алып, жеңіл көлікпен көріп шығу керек-ау.
👍101❤15🖕3🥴1🤣1
Politico: Трамп Зеленскийге қысым жасау үшін, Украинаны барлау ақпаратынан айырып, Маскке өтініш жасау арқылы Starlink жүйесін де өшіруі мүмкін.
🤬150🖕26😡8😐5🤣4❤1🤔1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Бәсекелестікті қорғау агенттігі inDrive қызметін ұсынушыға ескерту жасады

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive қызметіне ресми ескерту жасады. Бұған 11 қазанда "Яндекс Go" қосымшасында ақау пайда болғаннан кейін inDrive тасымалдау құнын күрт өсіретінін хабарлағаны себеп болған.

Агенттік дерегінше, тұтынушылардың балама тасымалдаушы іздей бастауы inDrive қызметіне сұранысты күрт арттырған. Нәтижесінде кейбір бағыт бойынша жолақы құны үш есеге жуық өскен. Мемлекеттік орган монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында алдын ала ескерту жасап отырғанын нақтылаған.

InDrive платформасының негізін қалаушы Арсен Томский баға өсуін сұраныс күрт артты және бос көлік тапшы деп түсіндірді. Оның сөзінше, сапар құнын жолаушы мен жүргізуші өзара келісіп белгілейді. Компания жағдайды тұрақтандыру үшін 19 қалада жүргізушіден алынатын комиссияны 1 пайызға дейін төмендеткенін әрі саудаласу кезіндегі бағаның шамадан тыс өсуін шектегенін хабарлады. Томский платформаға жаңа жүргізушілер қосылғаннан кейін баға біртіндеп төмендей бастағанын, әйткенмен кей аймақта әдеттегіден жоғары болып отырғанын айтты.

11 қазанда "Яндекс" қызметіндегі ауқымды ақау Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында да байқалды. Сол күні компания Ресейдің Владимир қаласындағы дата-орталығы дрон шабуылынан кейін жұмысын тоқтатқанын мәлімдеген. Оған дейін Рязань және Калуга облыстарындағы "Яндекс" нысандары дрон шабуылынан зақымдалған.
👍87❤10🤨8🤝3👏1
Forwarded from Mezgil.kz
НАТО Ресеймен соғыс жоспарын таныстырды. Ол “Жеңіс теориясы” деп аталады. Жоспар үш кезеңнен тұрады. НАТО бұл жоспарды бірнеше жыл бойы жасауда.

Үш кезең: “Бұғаттау”, “Соққыны әлсірету”, “Талқандау”.

Ресей шу ете қалды. Калининградты атқылап, Балтықты бұғаттап, Петерборды соққылау.

Млндаған әскер, 20 мың авиация, 3 мыңға жуық кеме…Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9103
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤72👍56🔥11👏8
БАҚ: Майамидегі кездесу барысында Украина мен АҚШ тарапы бейбіт келісімнің шарттарын талқылады. Келісім төрт түрлі тармақтан тұрады.

Бірінші. Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру. Дүниежүзілік банк пен BlackRock инвесткомпаниясы елді қалпына келтіру үшін қаржыландыру механизмін жасамақ. Ол бойынша барлық қираған аймақтарды қайта қалпына келтіріп, қаза тапқан немесе жараланған сарбаздардың отбасы мүшелеріне өтемақы төлеп, Украина экономикасын жандандыру шарттары іске аспақ. Шығын көлемін нақтылау үшін АҚШ тарапы Киевтен нақты ақпарат сұраған.

Екінші. Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру. Егер Ресей қайта басып кірсе, АҚШ пен Еуропа Киевке дереу әскери көмек беруі шарт.

Үшінші. Украина, Ресей және Еуропа арасындағы экономикалық әріптестік. Бұл Ресейдің энергиясын ЕО сатып алу арқылы іске асуы мүмкін. Газ құбырынан түскен пайда Ресей мен Украина арасында теңдей бөлінбек. Осы келісім ішінде Ресейге салынған санкцияларды кезең-кезеңімен алып тастау жағы да қарастырылады.

Төртінші. Ұрысты тоқтату. Қазіргі майдан шебі бойынша ұрысты тоқтату ұсынылуда. Ең үлкен мәселе осы болып отыр және территория мәселесі.
👍79🤔23❤8🖕2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украина әскері шабуыл барысында ТМ-62 миналарын жиі қолдануда. Минаны жау әскері бекінген ғимаратқа лақтырып, қашықтықтан жарады. Жойқын жарылыс әдетте бірнеше қабатты құрылысты опырып түседі.
👍149🔥24👏10❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әзербайжанда мектеп формасына қатысты шешімнің соңы хиджаб дауына ұласты. Наразылардың бірі мектепті өртеп жібермек болған. Ол 10-11 оқитын бес оқушыны үгіттеп, мектепке от қойған. Күзетші бұл әрекетті байқап, полиция шақырған. Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы кешеден бері Әзербайжанда 300-ге жуық адам ұсталған. Олардың кейбіріне ауыр баптар бойынша қылмыстық іс ашылуы мүмкін. Наразылықты ұйымдастырушылардың деструктивті ағымдарға қатысы бар-жоғы тексерілуде дейді Әзербайжан БАҚ-тары.
👏116😱31👍9🤨4❤2🤔1