PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Украина энергияны үнемдеу үшін бүгіннен бастап жарықты сағаттап беру режиміне көшпек. Бұл өндіріс ошақтарына да қатысты шешім.
😢108🤨14🔥4❤3🤝3🤣2
Ресей Украинаның Волынь аймағындағы қоймалар желісін соққылады. Жергілікті билік екі елді-мекеннің (ауылдың) халқын эвакуациялануға шақырды. Өйткені қоймадағы өрттен химиялық түтін ауаға тарауда дейді.
🤬133❤3😱3👌2😡2🤣1
Кезек Италияға келіп жетті. Студенттер, кәсіподақ өкілдері, мигранттар тәртіп сақшыларымен бірнеше қалада “шайқасып” жатыр.
😱80🤨9🔥5
PARANOIA.KZ
Кезек Италияға келіп жетті. Студенттер, кәсіподақ өкілдері, мигранттар тәртіп сақшыларымен бірнеше қалада “шайқасып” жатыр.
Ал мынау Албаниядағы “айқас”. Полиция наразы халыққа резеңке оқ жаудырып, көзден жас ағызар газ қолдануда. Наразылыққа шыққандар тас атып, отшашумен жауап қатуда.
😱76🤨7🔥5❤4
Франция, Италияда халықтың бір тобы білім саласын реформалауды, қымбатшылықты тоқтатуды талап етіп, ұрандатып жатыр.

Енді бір топ дүкендерді тонап, көліктерді өртеп, ғимараттарды қиратуда.
🤬90❤4🔥3🤨3😡1
СЫЙҒА ТАРТЫПТЫ...

KNUS жайлы жастардың көбі біледі. Қазақ ұлттық спорт университеті осыдан 5 жыл бұрын құрылды. О баста 150-ге жуық студент білім алса, бүгінде 5 мың студент осы оқу орнында түрлі мамандықты игеріп жатыр екен.

Университеттің негізін Нұрасыл Медеу деген жігіт қалаған еді. Ол 5 жылдың ішінде инвестиция тартып, өз қаражатын құйып, университетті жан-жақты дамытуға үлес қосады. Халықаралық әріптестіктер орнатады. Студенттер әлемдік сайыстарда жүлде алуда. Мысалы, әлгінде ғана Жапонияда өткен Азия ойындарына KNUS-тың 17 студенті қатысып, 14-і жүлде иеленіпті. БАҚ солай дейді. Жақсы жетістік.

Енді осы оқу орнын Нұрасыл Медеу тұтастай мемлекетке сыйға тартыпты. Бұл туралы өзі айтты. Өзі негізін қалап, уақытын, қаржысын, энергиясын сарп еткен, жан-жақты дамытқан университетті мемлекетке еш өтеусіз беремін дейді. «Туған еліме жасаған өтеусіз сыйым осы болсын», – депті Нұрасыл Медеу.

Университеттің студенттер алдындағы міндеттемелері сақталады дейді. Ішкі білім беру гранттарын да сақтап қаламыз деп отыр.

Жалпы ол меценаттықтың жаңа үлгісіне жол ашқан сияқты. Бұған дейін азаматтардың қаржы аударғанын, млрдтап қайырымдылыққа бергенін көріп келдік. Бірақ өзі құрған жобасын мемлекет иелігіне беру біздің елде бірінші рет болып тұрған сияқты. Мүмкін болған болар, мен білмейтін шығармын.

Әлемдік тәжірибеде бұндай мысалдар бар. Мысалы 1941 жылы Ford компаниясы бұрын автомобиль өндірген Сиэтлдегі зауыттың меншігін АҚШ федералдық үкіметіне сыйға тартты. Мемлекет оны соғыста әскери-логистикалық мақсатта қолданды дегендей. АҚШ пен Еуропада осындай бірнеше мысал бар. Енді сол тәжірибе бізге де ақырындап келетін сияқты. Алғашқы мысалы осы KNUS болса қажет.
👍104🤣17👏8❤7🤨2🖕2🆒2🤪1
Рубио бүгін былай деді: “Украинаға Starlink жүйесінің жылдамдығын шектеген жоқпыз. Ақ үйдің де, Пентагонның да қатысы жоқ. Өздігінен болған жағдай болса керек. Білуімше қазір бәрі реттелді”, - дейді.
🤬108🤣20🖕10❤1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Петербургқа соғыс басталғалы бергі ең рі шабуылдардың бірі жасалды

“Петербург мұнай терминалы”, "Ручьи" мұнай қоймасы, Вконтакте дата орталығы, Ozon қоймаларына соққы тиді. Дрондардың бірі көпірге түсті.

Губернатор Беглов жексенбі күні таңертең бір адам қаза болғанын, тағы бес адам жараланғанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, зардап шеккендердің саны 10-ға жетті. 12 тұрғын үй бүлінді.

Екі трансформаторлық станцияның жұмысы тоқтады. 20 мың тұрғын жарықсыз қалды. Пулково әуежайында шабуылдың салдарынан ондаған рейс кейінге қалдырылды, жолаушылар терминалдан эвакуацияланды.

Видео: Exilenova арнасы, Ozon қоймасындағы өрт
🔥139❤17👍16🍾3💯2
Франция. Париж. «Республика» алаңы. Палестина, Суринам, Алжир және басқа елдердің туын көтерген топ, алаңды басып алды.
🤬103👍23🖕8🤔4🤨2❤1
The Guardian: БАӘ Йемендегі хуситтерге қарсы күштерді қаржыландыруды қайта бастамақ. Саудия мен БАӘ бұл мәселеде келісімге келді. Сауд Арабиясы әуеден қолдау жасайды, ал БАӘ Йеменнің заңды үкіметінің элиталық жасақтарын қаржыландырады.
👍95🤣7🤨6👏2🌚1