PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Украин дрондары Ресейдің Тамбов облысындағы Мичуринск қаласының маңында орналасқан «Никольское» желілік-өндірістік диспетчерлік станциясына (ЛПДС) шабуыл жасады.

Бұл станция авиациялық керосин, дизель отыны, бензин және мазутты жөнелтумен айналысады.

Станция Ресейдің орталық аймақтарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді.
👏124🔥36👍7❤2
БАҚ: Иран Ормуз бұғазындағы суасты интернет кабельдерін істен шығаруы мүмкін. Бұл туралы Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Хусейн Мохабби айтты.

“Ормуз бұғазының астымен әлемдегі интернет пен саудаға қатысты деректерді жіберіп отырған жеті ірі кабель өтеді. Біз жауымызға осыны ескерткіміз келеді”, - дейді ол.
🤬78👍41🤨11😡3❤1😍1
Ал мынау оккупациядағы Донецк. Украина түнде қаладағы бірнеше нысанға соққы жасаған. Шабуылдың бірі қаладағы басты интернет және телефон байланыс орталығына жасалды.
👏104🔥29👍11
Әзербайжан «Ертұғырылдың қайта өрлеуі» сериалының актеріне халықаралық іздеу жариялады.

Әзербайжан Бас прокуратурасы халықаралық іздеуге жариялаған адамдардың арасында түрік актері Абдуррахман Тумер де бар.

Ол Түркияда тұратын, іздеуге жарияланған жеті адамның қатарына енген. Оларға Әзербайжанның конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге шақырды және діни радикализм негізінде зорлық-зомбылыққа үндеді деген айыптар тағылып отыр.

Абдуррахман Тумер ақын, жазушы, сценарист және телекомментатор ретінде танымал.
👏61👍25👎6🤨5🤔4❤3🌚3😁1🤣1
PARANOIA.KZ
Әзербайжан «Ертұғырылдың қайта өрлеуі» сериалының актеріне халықаралық іздеу жариялады. Әзербайжан Бас прокуратурасы халықаралық іздеуге жариялаған адамдардың арасында түрік актері Абдуррахман Тумер де бар. Ол Түркияда тұратын, іздеуге жарияланған жеті адамның…
Жалпы Әзербайжан Түркияның жеті танымал азаматына іздеу жариялады. Оларға іс ашылуда. Себебі “олар Әзербайжандағы хиджаб дауына араласып, мемлекеттік билікті төңкеруге үндеді” дейді.
👏95👍39👎11🤨5🤣4❤2🖕2🌚1
Ресейлік тарап оккупацияда қалған аймақтың логистикасына украин дрондарының шабуылы азайғанын айтты. Бұл құбылысты олар Starlink жылдамдығының шектелуімен байланыстыруда.
🤬111😡17🤣3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украин тарапы Доброполье бағытындағы “Өлім жолын” көрсетіп, жол бойында қырылып жатқан ресейлік сарбаздардың әуеден түсірілген видеосын таратты.
🔥128👏25👍9😍2🤨2👎1😱1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
🇺🇳 БҰҰ Газа секторына азық-түлікпен көмектесуді азайтады

БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Газа секторы тұрғындарына берілетін көмек көлемін қаржы азаюына байланысты қысқартатынын хабарлады.

Қыркүйек айында бөлінген қаржы 1,6 миллион адамды қамтуға жеткен болса, енді бөлінетін қаражаттың кемуіне байланысты көмек алатындар қатарынан Газаның 500 мың тұрғыны шығып қалғалы тұр.

WFP барынша көп адамды қамту үшін бір адамға берілетін тағам көлемін азайтпақ. Мұқтаж жандар бұрынғыдай аптасына екі емес, бір ғана азық-түлік жиынтығын алады, оның өзінде көлемі бұрынғыдан аз болады. Таратылатын ыстық тамақ саны 250 мыңнан 150 мыңға дейін қысқарады.

"Қатынау қиын аймақтарда, соның ішінде Израиль әскери бақылау орнатқан "сары сызыққа" жақын жерде тұратын отбасылар енді ыстық тамақты күнде емес, күнара алатын болады", – деді WFP өкілдері.


Бұған қоса, 75 мың отбасына төленетін ақшалай жәрдемнің мөлшері де кемиді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎52👍15🤨9🤬5👏4❤3😭2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде ғана Ресей тарабы елпініп шығып, желпініп тұрып ұсыныс айтты. Ресей, Қытай мен АҚШ лидерлерінің үшжақты кездесуін өткізуді ұсынды. Кремль сөзінше, кездесу Қытай жерінде, қараша айында өтпегі ләзім.

▪КРЕМЛЬ ҚАЛАУЫ – «ЯЛТА 2» ФОРМАТЫ...
▪ТРАМПТЫҢ ДА ӨЗ ШАРТТАРЫ БАР...
▪ҚЫТАЙ ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ?
▪УКРАИНА: РЕСЕЙ ӘЛЕМДІК ДЕРЖАВА ЕМЕС!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9151
👏34🖕25❤5🤨4🤪2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
УЛЬТИМАТУМ!

Макронға күтпеген тұстан жойқын соққы жасалды. Көше бұзақыларын тоқтата алмай жатқан сәтте, бүйірден “Путин отряды” аямай ұрып жіберді.

“Басшылықтан кет! Францияны құртып жатсың!” дейді.
🤣165😁16💊13👍1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Трамп пен оның командасы Ресей мен Украина арасындағы алапат отты сөндіре алмай, тараптарды бітімге келтіре алмай жатқаны белгілі.

▪АҚШ ПЕН УКРАИНА ОСЛОДА КЕЛІСІМ ТАБА МА?
▪ЕУРОПА ҰСЫНЫСЫ: ЖЕРГЕ – АҚША НЕМЕСЕ НАТО-ҒА МҮШЕЛІК...

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9152
🤔33🤨7❤2
Вучич: “Үшінші дүниежүзілік соғыс болады. Болмай қалса таңданар едім”.
😱75🖕27😡7💊5👍4❤1🤨1
POLITICO: Демократтар сайлауда басымдыққа ие болып, Өкілдер палатасында көпшілікке айналса, Илон Маскке қатысты тексеріс жүргізуді жоспарлауда. Маскты DOGE криптовалютасындағы түсініксіз әрекеттер, шенеуніктерді негізсіз жұмыстан қысқарту, Starlink-тің Украина соғысындағы рөлі және басқа бойынша тексермек.
👏146👍13❤5🤨2
19-қазандағы көрсеткіш бойынша, Трамптың рейтингі рекордтық деңгейге құлдыраған. Оның экономикалық саясатын құптамайтындар көрсеткіші 68 пайызға жетті.
👍184👏14❤3🤨2