PARANOIA.KZ
БАҚ: Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ель өмір бойына сотталды. Ол мемлекетте төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды.
Бұлар ұнатпайтын адамын “президент бол” деп қарғайтын шығар…
🤣166💯10😁9❤3
Forwarded from Mezgil.kz
The New York басылымы қызық мақала жариялады.
Камчатка аймағы, Седанка ауылы. Ауылда 250 адам бар. Оның 67-сі еркек. Солардың 39-ы 7 мың шақырым жерді жүріп өтіп, Украинаға қарсы басқыншылық соғысқа аттанды. Алайда…
Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7717

mezgil.kz
7 мың шақырымдағы соғыс: Еркектің жартысы ұрысқа кетіп, қырғынға ұшырады!
The New York басылымы Нил Макфаркуар мен Милана Мазаеваның Ресейдің шалғай өңірлеріндегі со
👏57🤪27❤12👍2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
The New York Times: АҚШ стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын ұрыс жағдайына келтірді.
👍152🤬21🤔5💯5❤3👎3😐3🤡1🤣1😡1
Қырғызстанның Тик-Ток оқырмандары шулап жатыр әә. “Қазақстан Ыстық көлдің маңындағы курорттық аймақты 49 жылға жалға алуда” деп қатты талқылап жатыр. Негізі бұл ақпарат, келісім баяғыда айтылған. Енді қос ел ратификациялап жатса керек.
Келісімдер мыналарды қарастырады:
- Қазақстанға төрт нысанға меншік құқығы бекітіледі: бір санаторий, екі демалыс үйі және бір спорттық-сауықтыру базасы;
- Нысандарды (спорттық базадан басқа) 3–4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту жөніндегі міндеттемелердің мерзімі ұзартылады;
- Курорттық аймақтағы жер телімдері 49 жыл мерзімге жалға беріледі;
- Қырғыз тарапы нысандарды алып қою бойынша ешқандай шара қолданбауға кепілдік береді.
Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы ең танымал курорттық бағыттардың бірі — Ыстықкөл жағалауында өзінің туристік инфрақұрылымын дамыту үшін ұзақ мерзімді кепілдіктерге ие болады.
Осыны қырғыз бауырлар жарыса жазып, талқылап жатыр. Бірі “дұрыс” дейді, бірі “қазақтарға жерді сатты” деп жатыр.

👏118👍26❤7🤣5🤨4🔥1
ҒЫЛЫМ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС...
Барлық мемлекет ғылымға және білімге көңіл бөледі. Адамзатты алға жылжытатын тек қана ғылым. Жарты ғасырдың ішінде ғылыми-техникалық революция бізді жаңа жетістіктерге жетелеуде. Ғарыш кеңістігіне жол ашылды, Айға қонды, Марсқа зерттеу құрылғылары аттанды, мыңдаған спутник жерді бақылауда, интернет тарады, гуманоид роботтар пайда болуда, ЖИ адамзат өркениетіне үлес қосуда, медицина алға қарыштады және басқа. Осының бәрі тек ғылымның арқасында іске асуда.
Ғылымға қаржыны аямау керек. Ғылыми жобаларға қаржыны көбірек бөлу маңызды. Бір-екі жобаның сәтсіздігіне қарап, ғылымнан қаржыны қиып тастауға болмайды.
Қазақстан ғылыми жобаларға 2024-2026 жылдары 730 млрд теңге бөлетіні жайлы оқыған едім. Соңғы жылдары ақырындап бөлінетін қаржы көлемі артуда. Бұл Орталық Азиядағы көршілес елдерден көп болса да, салыстырмалы түрде әлі де аз. Сарапшылар бұл қаржыны еселеу керектігін айтуда. Еселеу үшін ғылым стратегиялық құндылық ретінде айқындалуы тиіс.
Елдің басты құжаты Ата Заң болса, сонда ғылым-білім жайлы нақты көрсетілуі қажет. Қазіргі ұсынылып отырған жаңа жобаның преамбуласында «ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып» деген сөз бар. Тағы бір тұсында «зияткерлік меншік заңмен қорғалады» деген тұсы бар. Яғни, ғылымға стратегиялық ресурс ретінде қарау туралы айтылған. Ғылыми шығындар заң жүзінде бюджеттік қысқартулардан қорғалады деген сөз.
Бұл өте дұрыс. Бізде ғылым саласына көп көңіл бөлу керек. Әсіресе техникалық ғылымдарға (гуманитарлық сала мамандарды ренжімес деген ойдамын). Адами капитал мен ғылым ғана мемлекетті дамыта алады. Табиғи ресурс немесе қымбат қазба байлық емес, соны игеретін ғалымдар адамзатты, мемлекетті алға сүйрейді.
Ресурсы шектеулі, алайда ғылымы жақсы дамыған елдердің қандай жетістікке жеткенін көріп отырмыз. Мысалдары көп. Соның бәрі ғылыми жобаларға қаржыны арттырудан, ғылымды бюджеттік қысқартудан сақтап қалудан басталған. Солардан үйрену керек.
Былтыр бізде суды аз қажет ететін, өзге күріштерден 10 күн ерте пісетін күріш сортын ғалымдар таныстырды. Өзіміздің қазақтар жасап шықты. Міне, бұл ғылымның мемлекетке нақты қосқан үлесі. Біріншіден, суды үнемдейді. Екіншіден, өнімді нарыққа тез шығару арқылы уақыт пен бәсекеде ұтады, осылайша экономикаға үлес қосады. Бұл бір ғана мысал. Ғылым осылайша мемлекетті алға жылжытады. Ол туралы мемлекеттің басты құжатында жазылғаны құптарлық іс.

👍93❤13🤨2👏1
БАҚ: Ауғанстанда 600-ден астам музыкалық аспап отқа жағылды. Олардың барлығы да Парван аймағының тұрғындарынан жиналып алынған. Көршілес Лагман аймағында тағы 100 аспап жойылған.
🤣100🤬41👏13❤11😨6😢3🖕3😁1😱1
Қазақстан президентінің АҚШ-қа сапары аясында америкалық The National Interest журналында мақаласы жарияланды.
Мақалада мынандай тұс бар: “Ибраһим келісіміне” қосылу жай ғана дипломатиялық ишара емес, стратегиялық таңдау. Қазақстан әрдайым теңгерімді әрі сындарлы ұстанымды сақтап келеді. Біз Израильмен берік қарым-қатынас орнаттық. Алайда Палестина халқын да дәйекті түрде қолдап келеміз. Бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы – “Қос халық үшін екі мемлекет” формуласы деп санаймыз. Біз бұл шешімді қабылдағанда, бір жағынан, экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту және озық технологияларды игеру секілді ұлттық мүддемізді де ескердік. Одан кеңірек алып қарасақ, мұсылман және еврей қауымдары арасындағы диалогты кеңейтуге септігіміз тиер деп үміттенеміз”, - дейді.
Өте дұрыс айтылған! Осыны кей адам түсінбей жүр. Біздің сыртқы саясатымызда негізгі ұстаным, ол - ұлттық және мемлекеттік мүдде. Біз Палестинамен де, Израильмен де байланыс орнаттық. Бұл біреуге ұнайды, біреуге ұнамас. Бірақ сыртқы саясат жеке адамның көзқарасымен анықталмайды, мемлекеттік стратегиямен анықталады. Израильге мұнай, темір сатып, олардан өзге өнімді сатып алсақ, Палестинаны қолдау арқылы араб әлемімен әріптестікті кеңейтуге тырысудамыз (соның бір жолы). Мемлекеттік шешімдер эмоциямен қабылданбайды, ақыл-парасатқа сүйенеді. Осыны ұмытпау керек.
Ары қарай мақалада былай дейді: “Осы қадамның бәрі Құрама Штаттармен серіктестігімізді бұрынғыдан да нығайта түседі. Қазақстан мен АҚШ өзара құрметке және түсіністікке негізделген сан қырлы серіктестікті жолға қойды. Америкалық компаниялар ұзақ жылдардан бері, әсіресе, энергетика секторында еліміздің ең ірі инвесторлары қатарына кіреді. Бүгінде ынтымақтастығымыз аса маңызды стратегиялық минералдар, цифрлық инфрақұрылым, озық өндіріс, логистика және инновациялар секілді жаңа бағыттарда қанат жайып келеді. Таяуда америкалық Cove Capital компаниясымен бірлесіп, әлемдегі ең ірі вольфрам кен орнын игеру жобасын қолға алдық. Осы үрдісті одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігі үшін америкалық серіктестермен тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға ниеттіміз”, - деді.
Бұл да дұрыс. Бізге АҚШ-пен әріптестік керек. Көпвекторлы саясатта баланс ұстау маңызды. Қытаймен әріптестік, Ресеймен әріптестік бар. Тығыз. Өйткені шекаралас, көрші елдер. Ал соны теңестіру үшін АҚШ-пен, ЕО-мен әріптестік керек. Баланс деген сол. Бұл дұрыс бағыт.

🤝83👍44💯17❤14🖕4👎3🤣2🔥1🌚1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ. “Бейбітшілік кеңесінің” алғашқы отырысы басталды.
👍96🤣38🖕5🤡3❤2💯2😐2🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украинаның Ratel H роботы. Ол 4-8 дронды тасиды. Дрондарды зарядтау жүйесі де бар.
👍232❤17🔥11🍾3👏1