PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Ирандағы бірнеше университеттің студенттері билікке қарсы наразылық акцияларын өткізіп жатыр. Кей тұста “Басидж” жасақтарымен қақтығысқа түскен. Аятолланы айыптайтын ұрандар айтылуда.
👍143🔥18👎7❤4👏1🤬1😐1
Ресей СІМ-нің ресми өкілі Захарова: “Ресейдің позициясының арқасында Венесуэланың мемлекеттілігі сақталып қалды. Оны бәрі біліп, көріп, түсініп отыр”, - деп кесіп айтты…
🤣278🤡51🖕26😁11💊5🥴3🤪2❤1
БАҚ: Сот Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы сөз айтқан әйелді 5 жылға соттады!

Ол Тик-Ток желісінде: «Петропавловск – это Россия, но точно не Казахстан…а сейчас хотят украсть, но ничего, скоро вернется все на свои места… потом будем смеяться мы», - деген пікір айтып, видео жариялаған.

Енді сол сөзі үшін заң алдында жауап берді…
👏290👍117🔥10😍9🍾3❤2
Ирандағы күрдтер ортақ альянс құруда. Иран күрдтерінің демократиялық партиясы (PDKI), Күрдістанның азат өмірі партиясы (PJAK), Азат Күрдістан партиясы (PAK), Еңбекші Күрдістан партиясы(Komala), Иран Күрдістанының күрес ұйымы (Xebat) бірлесіп, одақтасты.

Олар 15 тармақтан тұратын мәлімдеме қабылдады. Соның бірі Шығыс Күрдістанда күрдтердің құқығын қорғау, Иран режиміне қарсы күресу және Ирандағы демократиялық күштерді қолдау болып табылады. Ирандағы күрдтер ұзақ жылдар бойы саяси, діни ұстаным бойынша көзқарас қайшылығына түсті. Кей партиялар биліктен орын алып, бейбіт әдіспен күрес өткізуді қолдады, енді бірі диверсиялық шабуылдарды құп көрді. Алайда енді беделді партиялар ортақ ұстанымға жақындады дейді сарапшылар.

Иранда шамамен 10 млнға жуық күрд бар.
👏93👍24🤔12❤10👎6🤨4😱1
Мексикада нағыз ұрыс болып жатыр. Ел әскері әйгілі “Халисконың жаңа ұрпақтары” картеліне қарсы операция өткізуде. Бірнеше қалада ұрыс болып жатыр. Картель өкілдері көліктерді өртеп, қаланы қара түтін басты. Әскер мен картельдің жасақтары шайқасуда. Пулемет, мерген мылтығы, автомат және гранатомет даусы естілуде дейді ақпарат көздері.
😱78👍11❤7🤨4😐3☃1
PARANOIA.KZ
Мексикада нағыз ұрыс болып жатыр. Ел әскері әйгілі “Халисконың жаңа ұрпақтары” картеліне қарсы операция өткізуде. Бірнеше қалада ұрыс болып жатыр. Картель өкілдері көліктерді өртеп, қаланы қара түтін басты. Әскер мен картельдің жасақтары шайқасуда. Пулемет…
“Халисконың жаңа ұрпақтары” картелінің өкілдері әскерді тежеу үшін орманды алқаптарды және көлік тұрақтарын өртеуде.

Мексика билігі Халиско аймағының әуе кеңістігін уақытша жапты.

Билік қатаң шешім қабылдаған: “Қарсыласқанның бәрінің көзі жойылмақ” дейді арнайы жасақ өкілдері.
👍121❤7👏1