ЖОРТҚАН ЖОЛБАРЫС...ИТБАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ҚАЖЕТ!
Қазақстан сирек кездесетін жануарларды сақтау, қорғау туралы бірнеше халықаралық бастама көтеруде. «Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор» құру туралы ұсынысты да Қазақстан жасауда. Бұл туралы мемлекет басшысы Ереванда өткен COP17 жиынында айтты.
Қазір Қазақстанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру жұмыстары іске асуда. Жақында ғана бір жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілді. Тағы бірнеше жолбарыс табиғатқа жіберілмек. Оларды климат пен географияға бейімдеу жұмыстары іске асуда. Президент жолбарысты жерсіндіру бағдарламасына жан-жақты атсалысқан серіктестерге алғыс айтуда. Соның ішінде БҰҰ Даму бағдарламасына, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорына, Ресейге (жолбарыстардың кейбірін Ресейден әкелдік) және басқа да халықаралық серіктестерге, үкіметтік емес ұйымдарға алғыс айтты.
Бұл бағдарлама дамып, алдағы уақытта жолбарыстар толыққанды жерсініп, бейімделеді дейді мамандар. Бұған біршама уақыт қажет болмақ. Қазір Қазақстанның осы тәжірибесін әлемдегі табиғат қорғаушылар қызыға бақылап отыр. Арнайы деректі фильмдер де түсірілмек екен.
Ендігі кезек итбалықта. Қазір Каспийдің биологиялық қорын қорғау мәселесі кеңінен көтерілуде. Каспий жағалауында кезінде миллиондаған итбалық болыпты. Ол туралы президент былай дейді: «Каспий итбалығының жойылу қаупі ерекше алаңдатады. Соңғы ғасырда Каспий итбалығының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайған. Қазақстанда Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлердің қатарына ресми түрде енген. Теңіз маңындағы бес мемлекет пен халықаралық қоғамдастықты осы түрді сақтап қалу жолында күш жұмылдыруға шақырамын. Арал қасіреті табиғи ресурстарды жауапсыз пайдаланудың салдары тым ауыр болатынын еске салады. Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет», – деді.
Қазір Қазақстан аумағында итбалықтарды зерттеу орталығы құрылуда. Бұл теңіз жануарларын қорғап, санын арттыру қажет. Каспий теңізі бес мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Итбалықты сақтау үшін аталған бес ел бірлесе жұмыс істеп, ақпарат алмасуы тиіс. Қазақстан сол мәселені көтеруде. Итбалықты сақтау Каспий теңізін сақтаумен де тікелей байланысты. Теңіз суының тартылу қаупі бар. Бұл мәселені де ең жиі көтеріп жүрген Қазақстан. БҰҰ аясында және Каспийдегі бес мемлекет ортақ су айлағын сақтап қалайық деген бастаманы біздің тарап көп көтеруде.

👍54❤10🤨9🐳3🌚2👏1🦄1
PARANOIA.KZ
Tesla тағы да әлемді таңдандыруда. Бұл жолы ұшатын Roadster көлігін таныстырды. Спорткар әуеде бірнеше мәрте айналып, бір секундта 96 шақырым жылдамдыққа ие болады. Көлікті таныстыру және сынақтан өткізу SpaceX полигонында өтті. Көліктің астыңғы бетінде арнайы…
ҰШАТЫН GRANTA
Ресейдегі “Ұлттық автокөлік одағының” вице-президенті Антон Шапарин Tesla-ның ұшатын көлігін сынай сөйледі.
“Мына Tesla-ларың еш жерде ұшпайды. Бұл көлік халықаралық жол ережесіне қарама-қайшы”, - дейді.
“Қажет болса Lada Granta-ға зымыран қозғалтқышын қоямыз. Ол да ұшатын болады”, - деп отыр.

🤣215💊22❤4
Жойқын соққы…Мали астанасы Бамако қаласында Украинаға қарсы акциялар өтуде. Наразылыққа шыққан бірнеше адам “Киев режимі адамдарымызды алдап, соғысқа тартуда” дейді.
Айтпақшы, Малиде азамат соғысы жалғасып жатыр. Билікті әскери хунта басып алған. Оларға қарсы туарегтер мен лаңкестік ұйымдар соғысуда. Бамаконың маңында ботқа болып жатыр.

🤣115😁8🤪6❤2🤷♂2👍1
COP17...
Жалпы COP17 деген не саммит? Халықаралық деңгейде бір-біріне ұқсас бірнеше COP саммиттері бар. Биыл ең басты екі COP17 саммиті өтті. Біріншісі, БҰҰ-ның Шөлге қарсы күрес жөніндегі COP17 саммиті (Ұлан-Батыр, Моңғолия) еді. Ол жазда өтіп кетті. Моңғолия жерінде шөлді аймақтарды азайту, шөлейтпен күрес және басқа тақырыптар талқыланды.
Қазір екінші маңызды саммит өтуде. Бұл БҰҰ-ның Биоалуантүрлілік жөніндегі COP17 саммиті (Ереван, Армения). Армениядағы саммит 10 күнге жалғасады. Бірақ 15-16 қазанда мемлекет басшылары қатысып, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша өз ұсыныстарын айтып, бастамаларын көтеруде. Қазақстан да осы саммитте өзімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айта отырып, ұсыныстарды жасады.
Жолбарыс пен итбалықты сақтау мәселесінен бөлек, Қазақстан президенті киіктерге де тоқталып өтті. 2003 жылы киіктердің саны 21 мың болып қалса, қазір 4,7 млнға жетті дейді. Оның 98 пайызы қазақ даласын мекен етуде.
Ілбістің де саны ақырындап артып келеді. Қазір ілбіс өмір сүретін аумақтың 70 пайызы арнайы қорғауға алынған. Ал ілбістердің саны 190-ға жуықтапты. Бұл өте баяу көбейетін аң түрі. Сондықтан ілбісті қорғау және көбейту бағдарламалары ондаған жылдарға созылмақ.
Енді Қазақстан тарапы шекара асатын сирек жануарларды бірлесе қорғауды ұсынуда. Мысалы, ілбіс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауларды мекендейді. Сол үшін де оны бірлесе қорғау қажет.

❤36👍20🤨4🤷♀3🤣3🤷♂1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Қазақстан шетел азаматтарының электронды рұқсат алу тәртібін бекітті
Қазақстан үкіметі визасыз елдерден (ЕАЭО елдері, ТМД, АҚШ, БАӘ, Германия, Ұлыбритания азаматтары да бар) келетін шетелдіктердің елге кіруіне мүмкіндік беретін электронды рұқсат алу ережесін бекітті.
Өтініштер елге кірмей тұрып кемінде 72 сағат бұрын арнайы цифрлық платформа (QazETA) арқылы рәсімделеді. Электронды рұқсатты рәсімдеу тегін. 180 күнге жарамды.
Мұндай жүйе 1 қарашадан бастап Ақтау халықаралық әуежайында және жекелеген көлік құралдарын өткізу пункттерінде ("Үрлітөбе", "Ауқатты", "Атамекен және Нұрлы жол) іске қосылатыны хабарланды.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап оған Астана және Алматы халықаралық әуежайлары қосылады. 2027 жылдың 1 наурызынан бастап жүйе қалған шекара өткізу пункттерінде істей бастайды. 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды рұқсат міндеттеледі, ал ондай рұқсаты жоқ шетелдіктер елге кіре алмауы мүмкін.

👍60🤨8❤6🌚3🤷♂2
Албания. Үшінші күн қатарынан наразылық акциялары жалғасуда. Студенттер мен жастар премьер-министр Эди Рамаға ультиматум қойып, биліктен кет деді. Рама жауап қатып, "алаңнан өздерің кетіңдер, мен ешқайда кетпеймін" деді.
🤣68😱18❤4🤨3
Германияда да наразылық акциялары өтіп жатыр. Бұл жолы оқушылар өткен аптадағыдай бірнеше мектепке баратын жолды жауып тастады. Оқушылар үш француз мектебі алдында да наразылық акцияларын өткізіп, Франция жастарын қолдайтынын айтқан. Германия жастары мектеп саласына реформа жасалуын талап етуде.
Айтпақшы, Франция билігі наразылықтардың сипатын өзгертті. Кешеден бері наразылық акциялары оқушылар мен студенттердің наразылығы ретінде емес, «көшедегі бұзақылық» ретінде қарастырылуда. Сәйкесінше, күштік құрылымдар қатаң режимге көшті.

🤣37👍28😐4❤3🤨3