ПАВЛОДАР СОТТАРЫ
757 subscribers
2.69K photos
519 videos
1 file
554 links
Актуальные новости судебной системы Павлодарской области

https://t.me/Jogar

Сайт: https://pvl.sud.kz/rus/media-centr/novosti

Instagram:
https://instagram.com/pvlsottary?igshid=MzRlODBiNWFlZA=

Facebook:
https://www.facebook.com/pvlsotkz?mibextid=JRo
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінде жұмыс кеңесі өтті
🔹Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Н. Темірова мемлекеттік қызметшілермен жұмыс кеңесін өткізді.
🔹Кеңесте іс жүргізу, істерді автоматты түрде бөлу, істерді мұрағатқа өткізу, атқару парақтарын орындауға жолдау, іс жүргізу мерзімдерін сақтау мәселелері қаралды.
🔹Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік этиканы және шектеулерді сақтау, ойынға тәуелділіктің алдын алу мәселелері талқыланды.
🔹Аталған мәселелер бойынша Департамент басшысының орынбасары Ж.Е. Ерболатов, Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы А.К. Баймақанова және осы бөлімнің бас маманы О.В. Маканова баяндама жасады.
🔹Департамент басшысы Г.Н. Темірова жұмыс кеңесін қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі.
 
©Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі
👍12
В Департаменте Судебной администрации по Павлодарской области проведено рабочее совещание
🔹Руководитель Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по Павлодарской области Темирова Г.Н. провела рабочее совещание с государственными служащими.
🔹В ходе совещания рассмотрены вопросы делопроизводства, автоматического распределения дел, сдачи дел в архив, направления исполнительных листов на исполнение, соблюдения процессуальных сроков.
🔹Также обсуждены вопросы соблюдения служебной этики и ограничений для государственных служащих, а также профилактики игромании.
🔹С докладами выступили заместитель руководителя Департамента Ерболатов Ж.Е., руководитель организационно-аналитического отдела Баймаканова А.К. и главный специалист данного отдела Маканова О.В.
🔹Руководиетль Департамента Темирова Г.Н. подвела итоги совещания и определила дальнейшие задачи.
 
©Пресс-служба Павлодарского областного суда
👍13❤1👏1
Forwarded from 
Forwarded from 
Сот зейнеткердің саяжай учаскесіне құқығын қорғады

▪️Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты он жылдан астам уақыт бойы қараусыз қалған саяжай учаскесін күтіп-баптап, оны жеке меншікке рәсімдеуге ұмтылған Павлодар қаласының 75 жастағы тұрғынының талабын қанағаттандырды.

▪️Даулы жер учаскесі бау-бақша тұтыну кооперативінің (ПКСТ) аумағында орналасқан. Ол 2003 жылы бастапқы меншік иесі, ал 2016 жылы мұрагерлердің бірі қайтыс болғаннан кейін іс жүзінде иесіз қалған.

▪️2025 жылға дейін жер учаскесі басқа мұрагердің атына тіркеліп тұрған. Кейін ол иесіз мүлік деп танылып, қаланың коммуналдық меншігіне өткен.

▪️Қараусыз қалған учаскені байқаған зейнеткер бау-бақша тұтыну кооперативімен келісіп, оны қалпына келтіруге кіріскен. Ол аумақты тазалап, су ақысын тұрақты төлеп, өнім өсіріп, он жылдан астам уақыт бойы жерді адал ниетпен күтіп-баптаған.

▪️Учаскені жеке меншікке рәсімдеуге ниет білдірген кезде уәкілетті орган жердің жергілікті зауыттың санитариялық-қорғау аймағында (СҚА) орналасқанын алға тартып, өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.

▪️Осыдан кейін зейнеткер сотқа жүгінген.

▪️Іс мән-жайларын зерделеген сот уәкілетті орган ұстанымында бірқатар сәйкессіздіктер бар екенін анықтады. Санитариялық қағидаларға сәйкес, санитариялық-қорғау аймақтарының шегінде жаңа бау-бақша серіктестіктерін құруға тыйым салынады. Алайда даулы саяжай алқабының құрылғанына 25 жылдан астам уақыт болған және ол жаңадан құрылған бау-бақша серіктестігі емес, бұрыннан қалыптасқан аумақ болып табылады.

▪️Жауапкерлер де, мүдделі тұлғалар да бұл аумақта бау-бақша тұтыну кооперативінің ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанын жоққа шығармаған. Сонымен қатар сот бұған дейін уәкілетті органның осы кооперативтегі басқа жер пайдаланушыларға жер учаскелерін жеке меншікке бергенін анықтады.

▪️Істі қарау қорытындысы бойынша сот зейнеткердің талап қою арызын толық қанағаттандырды. Уәкілетті органға қолайлы әкімшілік акт шығару және сұралып отырған жер учаскесін ер адамның жеке меншігіне беру міндеттелді.

▪️Сот шешімі заңды күшіне енді.

▪️Енді зейнеткер көп жылғы еңбегінің нәтижесін сақтап, өз саяжай учаскесін күтіп-баптауды жалғастыра алады.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/pavoblsud
👍8
Forwarded from 
Суд защитил право пенсионера на дачный участок

▪️Специализированный межрайонный административный суд Павлодарской области встал на сторону 75-летнего жителя Павлодара, который более десяти лет обрабатывал заброшенный дачный участок и добивался оформления его в частную собственность.

▪️Спорный участок в садоводческом обществе (ПКСТ) остался без фактического владельца после смерти первоначального собственника в 2003 году и последующей смерти одного из наследников в 2016 году.

▪️До 2025 года земля числилась за оставшимся наследником, после чего была признана бесхозяйной и перешла в коммунальную собственность города.

▪️Заметив заброшенный участок, пенсионер по согласованию с ПКСТ решил заняться его восстановлением. Он расчистил территорию, регулярно платил за воду, выращивал урожай и более десяти лет добросовестно ухаживал за землёй.

▪️Когда мужчина решил оформить участок в частную собственность, уполномоченный орган отказал ему, сославшись на нахождение земли в санитарно-защитной зоне (СЗЗ) местного завода.

▪️Пенсионер обратился в суд.

▪️Изучив обстоятельства дела, суд выявил несоответствия в позиции уполномоченного органа. Санитарные правила действительно запрещают создавать новые садоводства в пределах санитарно-защитных зон. Однако спорный дачный массив существует более 25 лет и представляет собой давно сложившуюся территорию, а не новое садоводство.

▪️Ни ответчики, ни заинтересованные лица не оспаривали факт длительного существования ПКСТ на этой территории. Кроме того, выяснилось, что ранее уполномоченный орган уже предоставлял другим землепользователям участки в этом садоводческом обществе в частную собственность.

▪️По итогам рассмотрения дела суд полностью удовлетворил иск пенсионера. На уполномоченный орган возложена обязанность выдать благоприятный административный акт и предоставить мужчине испрашиваемый земельный участок в частную собственность.

▪️Решение вступило в законную силу.

▪️Теперь пенсионер сможет продолжить заниматься своим участком, сохранив результаты многолетнего труда.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан.

https://t.me/pavoblsud
👍9
🔹Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмысшының «Б» ЖШС-нен өндірістік жарақат алуына байланысты 10 миллион теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
🔹Сот, қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде оң аяғынан ауыр жарақат алғанын, соның салдарынан бас бармағының кесілгенін анықтады. Комиссия жазатайым оқиғаға жұмыс берушіні 100% кінәлі деп тапты.
🔹Бірінші сатыдағы сот «Б» ЖШС-нен 4 миллион теңге моральдық шығын мен 500 000 теңге сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.
🔹Сот алқасы тараптардың апелляциялық шағымдарын қарап, өтемақы сомасын негізді және әділ деп тауып, бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.
🔹Сот шешімі өзгеріссіз, тараптардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
🔹Қаулы заңды күшіне енді.
©Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі

#заңжәнетәртіп

https://t.me/Jogargy_sot
👍5
🔹Судебной коллегией по гражданским делам Павлодарского областного суда рассмотрено гражданское дело по иску работника к ТОО «Б» о взыскании компенсации морального вреда в размере 10 млн тенге в связи с производственной травмой.
🔹Судом установлено, что при исполнении трудовых обязанностей работник получил тяжёлую травму правой стопы, в результате которой потребовалась ампутация первого пальца. Комиссией установлена 100-процентная вина работодателя в несчастном случае.
🔹Суд первой инстанции взыскал с ТОО «Б» компенсацию морального вреда в размере 4 млн тенге и расходы на представителя в размере 500 тыс. тенге.
🔹Рассмотрев апелляционные жалобы сторон, судебная коллегия согласилась с выводами суда первой инстанции, признав размер компенсации обоснованным и справедливым.
🔹Решение суда оставлено без изменения, апелляционные жалобы сторон — без удовлетворения.
🔹Постановление вступило в законную силу.
©Пресс-служба Павлодарского областного суда

#законипорядок

https://t.me/Jogargy_sot
👍6
🔹2026 жылғы 3 қарашада Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен (2019 жылғы 27 желтоқсандағы редакцияда) көзделген, яғни кәмелетке толмаған жас баланың дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
🔹Сотпен анықталды
Іс бойынша мән-жайлар заң талаптарына сәйкес жария етуге жатпайтындықтан, сот талқылауы жабық сот отырысында өткізілді.
🔹Сотталушы К. өз кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сот отырысында зерттелген өзге де дәлелдемелермен дәлелденді.
🔹Сот шешімі
Жасалған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Қылмыс жасалған кезде (2020 жылғы наурызда) ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігінің санкциясында 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
🔹Сот К.-ны кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 50-бабының 3-бөлігі негізінде педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
🔹Үкім заңды күшіне енген жоқ.
©Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

#заңжәнетәртіп
👍6
🔹3 ноября 2026 года Специализированным межрайонным судом по уголовным делам Павлодарской области рассмотрено уголовное дело в отношении К., обвиняемого в совершении преступления, предусмотренного частью 4 статьи 121 УК РК (в редакции от 27 декабря 2019 года),  а именно в совершении иных действий сексуального характера с использованием беспомощного состояния потерпевшей, совершенных в отношении малолетней.
🔹Что установлено судом
В связи с тем, что обстоятельства дела в силу закона не подлежат разглашению, судебное разбирательство проведено в закрытом судебном заседании.
🔹Вину подсудимый К. не признал, однако его вина была доказана показаниями малолетней потерпевшей, ее законного представителя, свидетелей, заключениями судебных экспертиз и другими исследованными в судебном заседании доказательствами.
🔹Решение суда
Совершенное преступление относится к категории особо тяжких. На момент его совершения (март 2020 года) санкция части 4 статьи 121 УК РК предусматривала наказание в виде лишения свободы сроком на 20 лет с пожизненным лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью либо пожизненного лишения свободы.
🔹Суд признал К. виновным и назначил ему наказание в виде 20 лет лишения свободы с отбыванием в учреждении уголовно-исполнительной системы средней безопасности, с пожизненным лишением права занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними, на основании части 3 статьи 50 УК Республики Казахстан.
🔹Приговор не вступил в законную силу.
©Специализированный межрайонный суд по уголовным делам Павлодарской области

#законипорядок
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Павлодар облыстық сотында қылмыстық істерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізілді

🔹В Павлодарском областном суде проведен семинар по вопросам рассмотрения уголовных дел
👍6
🔹Павлодар облыстық сотында қылмыстық істерді қараудың жалпы мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс платформасын пайдалана отырып, онлайн форматта семинар сабағы өткізілді.
🔹Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Е. Солтыбаев, облыстық соттың судьялары, сондай-ақ аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
🔹Семинар барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасының мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша 2024–2025 жылдардағы істерді қарау практикасына жасалған талдау қаралды.
🔹Сонымен қатар алаяқтық (дропперлік) фактілері бойынша қылмыстық істерді қарау практикасы, бұлтартпау шараларын санкциялау кезінде сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кассациялық сотының хаттары мен қаулылары талқыланды.
🔹Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
©Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі

#заңжәнетәртіп
👍6
🔹В Павлодарском областном суде проведено семинарское занятие по общим вопросам рассмотрения уголовных дел в онлайн-формате с использованием платформы видеоконференцсвязи.
🔹В мероприятии приняли участие председатель судебной коллегии по уголовным делам Солтыбаев М.Е., судьи областного суда, а также председатели и судьи районных (городских) и приравненных к ним судов.
🔹В ходе семинара рассмотрены вопросы судебной практики по делам об административных правонарушениях, в том числе анализ дел, предусмотренных статьей 73-3 КоАП Республики Казахстан за 2024–2025 годы.
🔹Также обсуждены вопросы практики рассмотрения уголовных дел по фактам мошенничества (дропперства), единообразия судебной практики при санкционировании мер пресечения, а также письма и постановления Кассационного суда Республики Казахстан.
🔹По итогам семинара участникам даны ответы на поставленные вопросы.
©Пресс-служба Павлодарского областного суда

#законипорядок
👍6
🔹Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ішкі істер органдарында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкердің тұрғын үй комиссиясының шешіміне шағымдану туралы талап қою бойынша істі қарады.
🔹Талап қоюшы мүгедектігі бар екі баланы қоса алғанда, төрт адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
🔹2026 жылғы ақпан айында ол мүгедектігі бар әрбір балаға 18 шаршы метрден есептелетін қосымша 36 шаршы метрді ескере отырып, ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта қарау, сондай-ақ бұрын төленген сомаларға қайта есептеуді жүргізу туралы баянатыпен Полиция департаментінің басшылығына жүгінген.
🔹Тұрғын үй комиссиясы заңнамада отбасында мүгедектігі бар балалардың болуына байланысты тұрғын үй алаңының нормасын ұлғайтуға тікелей құқықтық негіздің көзделмегеніне сілтеме жасап, баянатты қанағаттандырудан бас тартқан.
🔹Тұрғын үй комиссиясының шешімімен келіспеген талап қоюшы аталған шешімді даулау туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
🔹Сот Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75-бабының 4 тармағына сәйкес мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеке қосымша бөлме берілетінін, оның алаңы артық деп есептелмейтінін анықтады.
🔹Сот заңнамада мұндай қосымша тұрғын үй алаңын ескере отырып, тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруға тікелей тыйым салынбағанын атап өтті.
🔹Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, құқықтардың басымдығы және барлық күмәндарды әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіру қағидаттарын басшылыққа алған сот тұрғын үй комиссиясының бас тартуын заңсыз деп тұжырымдады.
🔹Сот тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жойды және Полиция департаментіне мүгедектігі бар екі балаға тиесілі қосымша 36 шаршы метр тұрғын үй алаңын ескере отырып, 2026 жылғы наурыз айынан бастап ай сайынғы қосымша тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды, сондай-ақ көрсетілген қосымша алаңды ескере отырып, 2023 жылғы ақпан айынан 2026 жылғы ақпан айына дейінгі кезең үшін тұрғын үй төлемдерін қайта есептеуді көздейтін қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндетін жүктеді.
🔹Шешім заңды күшіне енді.
©Павлодар облысының МАӘС

#заңжәнетәртіп

https://t.me/Jogargy_sot
👍6🔥2
🔹Специализированный межрайонный административный суд Павлодарской области рассмотрел дело по иску сотрудницы органов внутренних дел со стажем службы более 25 лет к Департаменту полиции об оспаривании решения жилищной комиссии.
🔹Истец является получателем жилищных выплат на семью из четырех человек, в том числе на двух детей с инвалидностью.
🔹В феврале 2026 года она обратилась к руководству Департамента полиции с рапортом о пересмотре размера ежемесячных жилищных выплат с учетом дополнительных 36 квадратных метров (из расчета по 18 кв.м. на каждого ребенка с инвалидностью), а также о производстве перерасчета ранее выплаченных сумм.
🔹Жилищная комиссия отказала в удовлетворении рапорта, ссылаясь на отсутствие в действующем законодательстве прямого основания для увеличения нормы площади при наличии в семье детей с инвалидностью.
🔹Не соглашаясь с решением комиссии, истец обратилась в суд с иском об оспаривании решения жилищной комиссии.
🔹Суд установил, что в соответствии с пунктом 4 статьи 75 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью, предоставляется отдельная дополнительная комната, площадь которой не считается излишней.
🔹Суд отметил, что законодательство не содержит прямого запрета на осуществление жилищных выплат с учетом такой дополнительной площади. 
🔹Учитывая изложенное, руководствуясь принципом  приоритета прав и толкования всех сомнений в пользу участника административной процедуры, суд пришел к выводу о неправомерности отказа жилищной комиссии.
🔹Суд признал незаконным и отменил решение жилищной комиссии, обязав Департамент полиции принять благоприятный административный акт, предусматривающий: осуществление дополнительных ежемесячных жилищных выплат с марта 2026 года с учетом 36 кв.метров на двух детей с инвалидностью; произвести перерасчет жилищных выплат за период с февраля 2023 года по февраль 2026 года с учетом указанной дополнительной площади.
🔹Решение вступило в законную силу.
©СМАС Павлодарской области

#законипорядок

https://t.me/Jogargy_sot
👍6🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹Павлодар облыстық сотында азаматтық істерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізілді

🔹В Павлодарском областном суде проведен семинар по вопросам рассмотрения гражданских дел
👍10
🔹Павлодар облыстық сотында азаматтық істерді қараудың жалпы мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс платформасын пайдалана отырып, онлайн форматта семинар өткізілді.
🔹Іс-шараға Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Т. Дайкенов, облыстық соттың судьялары, сондай-ақ аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
🔹Семинар барысында Қазақстан Республикасы Кассациялық сотының сот практикасына шолулары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық отырысының түсіндірмелері, ҚР АПК-нің 455-бабын қолдану, банкроттық мәселелері және істерді автоматты түрде бөлу қағидаларын сақтау мәселелері қаралды.
🔹Облыстық және аудандық соттардың судьялары баяндамалар жасап, сот актілеріне талдау ұсынды және азаматтық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзекті түсіндірмелермен бөлісті.
🔹Сонымен қатар қазан айында сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептері талқыланды.
🔹Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
©Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі

#заңжәнетәртіп
👍6
🔹В Павлодарском областном суде состоялся семинар по общим вопросам рассмотрения гражданских дел в онлайн-формате с использованием платформы видеоконференцсвязи.
🔹В мероприятии приняли участие председатель судебной коллегии по гражданским делам Павлодарского областного суда Дайкенов М.Т., судьи областного суда, а также председатели и судьи районных (городских) и приравненных к ним судов.
🔹В ходе семинара рассмотрены обзоры судебной практики Кассационного суда Республики Казахстан, разъяснения Пленарного заседания Верховного Суда, вопросы применения статьи 455 ГПК РК, банкротства и соблюдения правил автоматического распределения дел.
🔹С докладами выступили судьи областного и районных судов, представившие анализ судебных актов и актуальные разъяснения по вопросам гражданского судопроизводства.
🔹Также обсуждены причины отмены и изменения судебных актов, выявленные по итогам рассмотрения дел за октябрь текущего года.
🔹По итогам семинара участникам даны ответы на поставленные вопросы.
©Пресс-служба Павлодарского областного суда
👍7