ПАВЛОДАР СОТТАРЫ
757 subscribers
2.69K photos
519 videos
1 file
554 links
Актуальные новости судебной системы Павлодарской области

https://t.me/Jogar

Сайт: https://pvl.sud.kz/rus/media-centr/novosti

Instagram:
https://instagram.com/pvlsottary?igshid=MzRlODBiNWFlZA=

Facebook:
https://www.facebook.com/pvlsotkz?mibextid=JRo
Download Telegram
▪️Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті атқарушы органға қызметті бастау туралы хабарлама жібермей, такси ретінде жолаушыларды тасымалдау қызметін жүзеге асырған азаматқа қатысты іс қаралды.
▪️Сотпен, 2026 жылғы 11 тамызда жүргізушінің «LADA» автокөлігін басқара отырып, мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырғаны және такси тасымалдаушысы ретінде қызметті бастау туралы хабарлама жібермегені анықталды.
▪️Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, бейнежазбаны, жауап алу хаттамасын және істің басқа да материалдарын зерттеп, оларды тұлғаның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті әрі жол берілетін дәлелдемелер деп таныды.
▪️Сот азаматты ҚР ӘҚтК 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның мүліктік жағдайы, сондай-ақ кінәсін мойындауы және өкінуі түріндегі жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.
▪️Баптың санкциясы бойынша айыппұл мөлшері 15 АЕК — 64 875 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты, оны 45 413 теңге мөлшерінде белгіледі.
▪️Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
©️Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

https://t.me/Jogargy_sot
🔥9👍6
▪️Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям города Павлодара рассмотрено дело в отношении гражданина, осуществлявшего деятельность по перевозке пассажиров в качестве такси без направления уведомления о начале деятельности в местный исполнительный орган.
▪️Установлено, что 11 августа 2026 года водитель, управляя автомобилем «LADA», осуществлял перевозку пассажиров с использованием мобильного приложения, не направив уведомление о начале деятельности в качестве перевозчика такси.
▪️Судом исследованы протокол об административном правонарушении, видеозапись, протокол опроса и другие материалы дела, которые признаны достаточными и допустимыми доказательствами вины лица.
▪️Суд признал гражданина виновным в совершении административного правонарушения, предусмотренного частью 1 статьи 463 КоАП. При назначении взыскания учтены характер правонарушения, личность виновного, его имущественное положение, а также смягчающие обстоятельства — признание вины и раскаяние. Отягчающих обстоятельств судом не установлено.
▪️Размер штрафа по санкции статьи составил 15 МРП — 64 875 тенге. Вместе с тем, с учетом смягчающих обстоятельств суд на основании части 2 статьи 829-11 КоАП снизил размер штрафа на 30%, определив его в сумме 45 413 тенге.
▪️Постановление не вступило в законную силу.
 
©️Специализированный межрайонный суд по административным правонарушениям города Павлодара

https://t.me/pavoblsud
👍18
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Кітап оқитын ұлт" марафонын қолдайды
👍30
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚Департамент Судебной администрации Республики Казахстан по Павлодарской области принимает участие в марафоне "Читающая нация"
👍40
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Студенттерге арналған экскурсия

⚜️Экскурсия для студентов
👍15
⚜️Екібастұз қалалық соты Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз жоғарғы колледжінің студенттеріне экскурсия өткізді.
⚜️Экскурсияның мақсаты – студенттерді сот жүйесінің қызметімен, сот жұмысын ұйымдастырумен, сот қызметкерлерінің негізі қызмет бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ студенттердің құқықтану саласындағы кәсіби қызмет туралы тәжірибе қалыптастыру.
⚜️Сондай-ақ студенттерге мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары, үміткерлерге қойылатын талаптар және конкурстық рәсімдерді өту тәртібі түсіндірілді.
 
©️Екібастұз қалалық соты
👍14
⚜️Экибастузским городским судом проведена экскурсия для студентов Высшего Экибастузского колледжа Инновационного Евразийского университета.
⚜️Целью проведения экскурсии является ознакомление студентов с деятельностью судебной системы, организацией работы суда, основными направлениями деятельности работников суда, а также формирование у обучающихся практического представления о профессиональной деятельности в сфере юриспруденции.
⚜️Также студентам разъяснены основные принципы государственной службы, требования, предъявляемые к кандидатам, и порядок прохождения конкурсных процедур.
 
©️Экибастузский городской суд
👍16
Жоғарғы Сотта электронды дәлелдемелерді бағалау стандарттары талқыланды

▪️Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов электрондық дәлелдемелерді соттық бағалауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

▪️Осы саладағы халықаралық диалогтың маңыздылығы туралы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Рогов, IRZ жобалары басшысының орынбасары Ната Эккер, ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова және Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов сөз сөйледі.

▪️Н.Шәріпов цифрлық іздер сот дауларының 80%-дан астамында пайда болатынын атап өтті, бұл олардың процестік заңнамасында рұқсат етілу өлшемдерін бекіту қажеттілігін талап етеді.

▪️Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта біржақты скриншоттарды бағалау тәуекелдеріне, тез жойылатын деректерді (мессенджерлерде) тіркеу мерзімдерінің проблемаларына және нотариаттық хаттамаларға дау айтудың процестік күрделілігіне назар аударды.

▪️Іс-шарада соттардың халықаралық практикасы талқыланды: судьялар Эльшад Шамаев (Әзербайжан), Ровшан Сағатов (Өзбекстан), Гельмут Лайтхойзер (Германия), Бақтыбек Сыдығалиев (Қырғызстан), сондай-ақ нотариус Юлия Божко (Беларусь) өз елдеріндегі электрондық дәлелдемелерді куәландыру практикасымен бөлісті. 

▪️Сот актілерінің күшін жоюға әкеп соқтыратын нотариустардың типтік қателіктерін жергілікті соттардың судьялары Жанар Жайлебаева мен Айгүл Тағажаева атап өтті.

▪️Криптобирж жұмысының құқықтық ерекшеліктерін ЖИ және цифрлық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Нөдірбек Нәзірқұлов ашты.

▪️Халықаралық сарапшы Ион Гайна нотариаттық әрекеттер мен техникалық сараптама арасындағы тепе-теңдікті көрсетті, ал Maqsut Narikbayev University профессоры Сеул Хон ЖИ жасаған мазмұнды бағалау бойынша ұсыныстар берді.

▪️Іс жүзінде цифрлық тасымалдаушылармен жұмыс істеу әдістерін Алматының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бөлім басшысы Асқар Қалиев пен нотариус Алтынай Макешева ұсынды.

▪️Құқықтарды қорғау үшін дәлелдемелерді қамтамасыз ету құралдарын Олжас Әлімов (Құқықтық қорғау және заңды қызмет көрсету орталығы) мен Светлана Куликова (Республикалық адвокаттар алқасы) атап өтті.

▪️Дөңгелек үстел отырысын аяқтай отырып, Н.Шәріпов принципті шекараны атап өтті: нотариаттық хаттама ақпараттың болу фактісін (веб-беттің немесе хат алмасудың мазмұны) ғана тіркейді, ал метадеректерді монтаждау немесе қолдан жасау белгілерін анықтау толыққанды техникалық сараптаманы қажет етеді.

▪️Соттар цифрлық материалдардың шығу тегін тексеруді талап етуге және скриншоттарға ресми сенімнен бас тартуға міндетті.

▪️Сындарлы диалогтың нәтижесі процестік нормаларын дамытуға және біркелкі сот практикасын қалыптастыруға негіз болатын ұсыныстар болды.
👍17