Перизат Мырзахмет
5.66K subscribers
540 photos
66 videos
1 file
42 links
Download Telegram
Осы аптадағы басты жетістігім - тредсті түп тамырымен жойдым.
👏85❤24👍20💯6🎉2🥰1
Менің кофеханам болса, “Қара алтын” деген кофе тағайындап, жеңілдік атап, фильмге жарнама жасар едім. Бірақ менің кофеханам жоқ. Кофе ішу өнері бар.
❤74👍11🥰4👏3🎉3🔥1🤩1
Айтпақшы, кітап оқитын ұлт басталғалы жекеме “аудиомен мазмұнын айтып беріңізші” жазатындар көбейді. Байқаңдар, сюжетті “байқамай” шатастыруым мүмкін 🤣
🤣93❤11🎉2🥰1
Құдай өзі кешірсін деп қойып бір ұнатпайтын салтымызды айтайыншы.

Театрға бардым. Қойылымнан соң бір актер тақпақтап көрерменді орнына қайта отырғызды. Сөйтіп бір балапанның тұсауын кестірді. Бәрі шұбыртып сөз сөйледі. Қойылымнан кейін жоспарлаған шаруамыз жайына қалды.

Біріншіден, тұсаукесер сияқты тылсым ырымдар жақын-жуық, шынайы тілектес адамдардың ортасында жасалуы керек. Ол понт қосылатын жер емес. Ол жерде тек ақ тілек, шынайы дұға болуы керек. Ал өз шаруасынан қалып бара жатқан бөтен адамдардан не тілек күтесің?

Екіншіден, театрды шоу орнына айналдыру – кринж. Парламентте отырып анасын құттықтау сияқты. Әр нәрсенің өз орны мен уақыты бар. Театрға өнер іздеп барамын. Той іздесем, басқа жерлерге бара аламын. Өнер этикасына жат. Көрерменге құрметсіздік.

Балаңа жақсылық тілесең, шынайы доспейіл орта қалыптастыр. Біреудің уақытын ұрлап, кейітіп, баланың жолын кеспе.
❤188👍63💯15👏13🎉1
Түрік сериалдарының сценаристері бітіре алмай шаршайды бар ғой. Бір құпияны қырық серияға созып.
🤣106❤12💯4🎉1
Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығар…

Мен мінген такси жол бойы бәрін боқтап келе жатқан. Жетпіс жеті ата мен шешені түгендеді. Бір кезде бағдаршамда қатар тұра қалған екінші көлік терезесін ашып жіберіп, әлгі таксиімді тоқсан жеті атадан сықпыртты ғой. Түрлендіріп. Не деген энергия, креатив дейм.
🤣116❤12❤‍🔥3🎉1
Алғашқы ЖИ жасаған видеоларды ажырата алмайтындарға күлуші ем…
ЖИ күннен күнге дамып, айнытпай жасайтын болған. Таң атпай ілініп қалдым 🤪
🔥49😱19❤8🤯8😢4🎉1
Жеңгемді жақсы көрем, құрметтеймін, сыйлаймын. Ағам жеңгемсіз нөл екенін білем. Соған қарамай ағам жеңгемді көп ренжітті. Жүрегін аямай жаралады. Енді жеңгемді жеңге дегім келмейді. Бірақ жеңге деген сөз шешемен бірдей жылы еді…
❤96😢25🎉3🥰2👍1
#Йеллоустоун

Американ сериалдарын сағынып қаппын. Мына сериал әдемі кетті.
Жақсы дүние.
❤36👏10😍5🎉3🥰1🤔1
Ағылшын тілін ден қойып оқымағаным үшін өзіме күнде ұрсамын.

Шафактың кезекті кітабы шықты…
❤74😢12😍3🔥2🤯2🥰1🎉1
Қар ұшқындады Астанада. Мен қысқа дайын емеспін.

Шырылдауық шегіртке болдым 😂
🤣86❤12😢5👍1🎉1💯1
Қайрат Нұртастың концертіне бармағаныма өкініп отырм ше.

Тиктоктан көріп, жастық шағым есіме түсіп, сай-сүйегім сырқырап кетті ғой.
🤣89❤26😢6🎉5🥰4🔥1
Жаңа арманым. Өткенде Қанаттың Құмайымен танысып, бастан кеттім. Сондай сүйкімді. Көзі тұнған мейірім 😍
❤81😍16🥰3🔥2🎉2
Мына екеуі жақтырмайтын шығар) өздері би, өздері қожа боп үйреніп алған 😂
🤣61❤16🎉1
https://youtu.be/1rWLNBRJQhM?si=hY3YeJ3Yo51t5R5G

Оркестрмен әдемі дүние шығыпты.
❤38🎉7🔥2❤‍🔥1🥰1🤩1
Бұл заманда бөгде адамға “бақыттымын, өмірім ұнайды, рахаттанып жүрмін” деп айтуға болмайды. Сол сәтіңде бақытты болмаудың бес себебін, өміріңді ұнатпаудың он себебін, рахаттанбаудың отыз себебін тауып, таңып береді.
❤130💯42🤣34🔥8😢1🎉1
Бүгін индрайвер менің 20 мыңыммен байыған күн.
❤53🤣35😢21🤯10🥰1
500 оқырманы бар.
Туыстары, әріптестері, боттар.
Бірақ ол сторизге орысша мәтін жазады.

Кім үшін, ля?
🤣76❤11💯11🎉2🥰1
Күн сайын. Жұмысқа бара жатқан жолда. «Жаратқан, осы сұлулықты бергеніңе және менің оны көріп, сүйсініп, соны түсініп, бағалауға мүмкіндігім болғанына мың шүкір» деймін.
❤157👍7🎉3
«Қара алтын» касса жинай алмады. Өкінішті. Жаңалық әр жерден жылт ете қалған сайын жүрегім ауырады. Голливудтық сападан бір мысқал кем түспеген жұмысты бағалай алмағанымыз өзегімді өртеп барады. Қайырлысы.
❤86😢59😱9🎉2