POLISIA.KZ
30.2K subscribers
7.57K photos
5.87K videos
181 files
9.1K links
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қазақстанның тасжолдарында орташа жылдамдық қосымша төрт жерде тіркеле бастады

2026 жылғы 13 қазаннан бастап республикалық автожолдардың тағы төрт учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды:

«Орал – РФ шекарасы (Самара)»
«Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)»
«Қостанай – Денисовка»
«Қандыағаш – Мақат»

Орташа жылдамдықты бақылау Қазақстанда 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты - жүргізушілерді камера алдында ғана емес, бүкіл жол бойында қауіпсіз жылдамдықты сақтауға дағдыландыру.

Жыл соңына дейін учаскелер саны көбейтіледі.

Жүргізушілерді барлық бағыт бойында жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Жолға кететін уақытты алдын ала жоспарлаңыз және оны жылдамдықты арттыру арқылы жетіп алуға тырыспаңыз. Өзіңізді және жолаушыларыңызды сақтаңыз!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Еще на четырех трассах Казахстана начали фиксировать среднюю скорость

С 13 октября 2026 года контроль средней скорости заработал еще на четырех участках республиканских автодорог:

«Уральск – граница РФ (Самара)»
«Актобе – граница РФ (Оренбург)»
«Костанай – Денисовка»
«Кандыагаш – Макат»

Контроль средней скорости действует в Казахстане с 17 марта 2025 года. Его задача - приучить водителей держать безопасную скорость на всем пути, а не только перед камерой.

Количество участков до конца года будет увеличено.

Призываем водителей соблюдать скоростной режим на всем маршруте. Заранее планируйте время в пути и не пытайтесь наверстать его за счет скорости. Берегите себя и своих пассажиров!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚖ БҚО-да дәріхананың есігін сындырған ер адам 5 тәулікке қамалды

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында Ақсай қаласындағы дәріханалардың бірінің есігінің әйнегін ер адамның сол дәріхананың алдында тұрған қоқыс жәшігімен ұрғылап, сындырып жатқаны анықталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Бөтеннің мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚡️ Разбил дверь аптеки мусорным контейнером: мужчину арестовали в ЗКО

При изучении записей камер видеонаблюдения Центра оперативного управления Бурлинского районного отдела полиции установили, что мужчина разбивает стекло двери одной из аптек города Аксая, нанося по нему удары мусорным контейнером, находившимся перед аптекой.

Сотрудники полиции незамедлительно прибыли на место происшествия и задержали правонарушителя. Им оказался 44-летний житель города Аксая, находившийся в состоянии алкогольного опьянения.

По решению суда мужчину арестовали на пять суток.

Полиция призывает граждан соблюдать общественный порядок и бережно относиться к чужому имуществу. Повреждение чужого имущества влечет за собой ответственность, предусмотренную законом.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚔 Жамбыл облысында дрифт жасап, жол ережесін жүйелі түрде бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала көшелерінің бірінде қауіпті дрифт жасаған BMW көлігінің жүргізушісі анықталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Бұған дейін де ол жол қозғалысы ережелерін және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция қауіпті дрифт пен жолдағы қатерлі маневрлердің айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🚔 За дрифт и систематические нарушения ПДД водитель арестован на 15 суток в Жамбылской области

Сотрудники центра оперативного управления с помощью камер видеонаблюдения установили автомобиль BMW, водитель которого совершил опасный дрифтовый маневр на одной из улиц города.

В ходе установления личности нарушителя выяснилось, что за рулем находился 20-летний житель одного из районов Жамбылской области.

По данному факту в отношении водителя составлен административный протокол.

Ранее молодой человек уже привлекался к ответственности за систематические нарушения правил дорожного движения, а также за нарушение тишины. По решению суда ему назначен административный арест сроком на 15 суток.

Полиция напоминает: подобные маневры на дорогах создают угрозу жизни и здоровью окружающих. Участники дорожного движения обязаны соблюдать установленные правила и не подвергать опасности себя и других.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗ ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН

Әлеуметтік желілерде Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, көлікпен сүйрегені түсірілген бейнежазба тарады.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ.

Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

❗ ПО СЛЕДАМ ПУБЛИКАЦИИ

В социальных сетях распространилась видеозапись, на которой водитель в Шымкенте привязал лошадь к автомобилю и заставлял ее бежать по дороге.

По данному факту сотрудники полиции провели проверку и установили личность правонарушителя. В ходе проверки телесных повреждений у лошади не обнаружили.

По итогам разбирательства гражданина привлекли к ответственности за жестокое обращение с животными и нарушение правил их перевозки.

Полиция призывает граждан строго соблюдать установленные требования при перевозке животных и не допускать действий, угрожающих их жизни и здоровью.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👏 Абай облысында бес жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды

Бүгін Омбы – Майқапшағай республикалық автожолында полиция қызметкерлері "Үлгілі жүргізуші" акциясын өткізді. Акция аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, көлік тізгінінде жауапкершілік танытатын жүргізушілерге құрмет көрсетілді.

Акция барысында полиция қызметкерлері ақпараттық базалар арқылы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тексерді. Соңғы бес жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзбаған бес жүргізушіге алғыс хаттар мен "Заң мен тәртіп" логотипі бейнеленген естелік брелоктар табысталды.

Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жол үстінде қабылдайтын шешімдері мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Аталған акция жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген жүргізушілерге алғыс білдіруге мүмкіндік берді.

❗Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

👏 Пять лет без нарушений: в области Абай поощрили образцовых водителей

Сегодня на республиканской автодороге Омск — Майкапчагай полицейские провели акцию "Образцовый водитель", отметив тех, кто выбирает безопасность и ответственное поведение за рулем.

В ходе акции сотрудники полиции проверили по информационным базам сведения о нарушениях правил дорожного движения. Пять водителей, не допускавших нарушений ПДД на протяжении последних пяти лет, получили грамоты и памятные брелоки с логотипом "Закон и порядок".

Соблюдение правил часто остается незаметным, однако именно из ежедневных решений каждого водителя складывается общая безопасность на дорогах. Акция стала возможностью поблагодарить тех, кто своим примером подтверждает: ответственность за рулем заслуживает уважения.

❗Полиция призывает участников дорожного движения соблюдать ПДД, беречь себя и окружающих.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚔 ШҚО-да полицейлер жолда қалған ерлі-зайыптыға көмектесті

13 қазанда Өскемен — Самар тасжолының 27-шақырымында патрульдік полиция экипажы дөңгелегі жарылған көлікті байқады.

Полицейлер тоқтап, жүргізушіге көмек ұсынды. Ер адам жарылған дөңгелекті өз бетінше ауыстыра алмағандықтан, әйелі екеуі жолда бірнеше сағат бойы тұрып қалған.

Полиция қызметкерлері Санжар Әскербеков пен Саят Ғазезов көліктің дөңгелегін ауыстыруға көмектесті. Осылайша ерлі-зайыпты сапарын жалғастыра алды.

👏 Жүргізуші полицейлерге дер кезінде көмек көрсетіп, жанашырлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

🚔 Не оставили в беде: полицейские помогли водителю на трассе в ВКО

13 октября на 27-м километре автодороги Усть-Каменогорск — Самар экипаж патрульной полиции заметил на обочине автомобиль с пробитым колесом.

Сотрудники остановились и предложили водителю помощь. Из-за бокового пореза шины мужчина не мог самостоятельно заменить колесо. Вместе с супругой он провел на трассе несколько часов, но справиться с проблемой так и не удалось.

Сотрудники полиции Санжар Аскербеков и Саят Газезов помогли заменить поврежденное колесо, благодаря чему супруги смогли продолжить путь.

👏 Водитель искренне поблагодарил полицейских за отзывчивость и своевременную поддержку.

НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚖ Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

❗ Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданудан аулақ болуға шақырады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚖ Жительницу Уральска арестовали на 10 суток за нецензурную брань в соцсетях в ЗКО

В Уральске сотрудники полиции в ходе мониторинга социальных сетей обнаружили видеозапись, содержащую нецензурную лексику.

В результате проведенных мероприятий установлена автор видеозаписи. Ею оказалась 44-летняя жительница города.

По решению суда женщину арестовали на 10 суток.

❗ Полиция призывает граждан соблюдать нормы этики при общении в социальных сетях, уважать общественный порядок и воздерживаться от использования нецензурной лексики.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎆 Қауіпті маневрлер мен отшашу: Қарағандыда той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда үйлену тойы кортежіне қатысушылардың құқық бұзушылықтары түсірілген бейнежазбалар тарады. Кадрларда автокөлік жүргізушілері қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқан.

Полиция қызметкерлері барлық құқық бұзушыны анықтап, оларды жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

⚡️ Полиция жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салады. Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🎆 Фейерверк на парковке и опасные маневры: участников свадебного кортежа наказали в Караганде

В социальных сетях распространились видеозаписи с нарушениями со стороны участников свадебного кортежа в Караганде. На кадрах запечатлены опасные маневры автомобилистов и запуск фейерверка на территории паркинга торгового центра.

Полицейские установили всех участников видеозаписей и привлекли их к ответственности за нарушения правил дорожного движения и нарушение покоя граждан.

⚡️ Полиция напоминает, что соблюдение правил дорожного движения и общественного порядка обязательно для всех участников дорожного движения. Опасные маневры и действия, нарушающие покой граждан, влекут предусмотренную законом ответственность.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Ақтөбеде есірткі дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚡️ Группу подозреваемых в изготовлении наркотиков задержали в Актобе

Информация на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қазақстан киберқылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Ақпарат сайтта.

🔹 Казахстан укрепляет международное сотрудничество в борьбе с киберпреступностью

Информация на сайте.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚖ Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан әйел жазаланды

Жетісу облысының полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында полицейлер TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады. Атап айтқанда, Талдықорғанның 35 жастағы тұрғыны Анеля Ерменбетова тікелей эфир барысында алкогольдік ішімдік ішіп, бейәдеп сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын жедел анықтап, тиісті шаралар қабылдады.

Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және қоғамда өзара сыйластық пен тәртіп қағидаттарын ұстануға шақырады. Әрбір азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы тиіс. Құқыққа қайшы кез келген әрекет үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген.

"Заң мен тәртіп" қағидаты – баршаға ортақ.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
⚖ Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан әйел жазаланды Жетісу облысының полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. …
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚖ Нарушение общественного порядка во время эфира в TikTok пресекли в области Жетысу

В области Жетысу сотрудники полиции продолжают работу по выявлению и пресечению правонарушений в социальных сетях в рамках реализации принципа "Закон и порядок".

В ходе мониторинга интернет-пространства полицейские выявили факт нарушения общественного порядка во время прямой трансляции в TikTok.

Установлено, что 35-летняя жительница города Талдыкоргана Анеля Ерменбетова во время прямого эфира употребляла алкоголь и выражалась нецензурной бранью.

Сотрудники полиции оперативно установили личность женщины и приняли соответствующие меры.

По решению суда правонарушительница привлечена к административной ответственности в виде штрафа.

Полиция подчеркивает, что социальные сети не являются пространством безнаказанности. Публичные трансляции, доступные широкой аудитории, также требуют соблюдения установленных законом норм поведения.

Принцип "Закон и порядок" един для всех. Каждый гражданин несет ответственность за свои действия как в общественных местах, так и в интернет-пространстве.

Полиция призывает граждан соблюдать общественный порядок, проявлять уважение к окружающим и помнить, что любое противоправное действие влечет установленную законом ответственность.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💠 БҚО-да ардагер Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Батыс Қазақстан облысының Нұрсай ауылындағы "Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде" Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне "Жас сақшы" сыныбы салтанатты түрде ашылды. Жаңа сыныпқа 11 оқушы ресми түрде қабылданды.

Салтанатты шараға полиция департаментінің басшылығы, аудан әкімі, ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің өкілдері мен мектеп ұстаздары қатысты. Жиын барысында қатысушылар жаңадан ашылған арнайы сыныптың тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ізгі тілектерін білдірді.

Шарада сөз сөйлеген полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Әзілхан Қайырханов "Жас сақшы" сыныбының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

— "Жас сақшы" сыныбы – жай ғана білім алатын орта емес. Бұл – болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеп, бойына тәртіп пен заңға құрметті сіңіретін, адалдық пен жауапкершілікті ту еткен азаматтарды қалыптастыратын маңызды орта. Мұнда оқушылар біліммен қатар, Отанды сүюді, елге қызмет етуді және қоғамдық тәртіпті құрметтеуді үйренеді, – деді Әзілхан Қайырханов.


Жаңа сынып аясында оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, патриоттық тәрбиесін нығайтуға, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға басымдық беріледі. Сондай-ақ жасөспірімдердің бойында заңға құрмет, елге адал қызмет ету және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға деген жауапкершілік сезімін дамыту көзделген.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан ардагер Нүптіғали Сейтжановтың ұлы Гаммат Нүптіғалиұлы әкесінің есімін ұлықтап, өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі еткен полиция ұжымына отбасы атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар ол жас сақшыларға сәттілік тілеп, таңдаған жолдарында табанды болуға шақырды.

Жиынның ең маңызды сәттерінің бірі – оқушылардың салтанатты түрде ант қабылдауы болды. Жас өрендер мектеп тәртібін сақтауға, білімге ұмтылуға, Отанын сүюге, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуға және халқына адал қызмет етуге уәде берді.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
💠 БҚО-да ардагер Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне "Жас сақшы" сыныбы ашылды Батыс Қазақстан облысының Нұрсай ауылындағы "Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде" Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Нүптіғали Сейтжановтың құрметіне "Жас сақшы"…
Класс "Жас сақшы" имени ветерана Нуптигали Сейтжанова открылся в ЗКО

Сегодня в селе Нурсай Казталовского района ЗКО на базе школы-детского сада "Тереңкөл" состоялось торжественное открытие специализированного класса "Жас сақшы". 11 учащихся официально получили статус юных стражей порядка. Классу присвоили имя ветерана Великой Отечественной войны и органов внутренних дел Нуптигали Сейтжанова.

В торжественном мероприятии приняли участие руководство департамента полиции ЗКО, аким района, члены Совета ветеранов органов внутренних дел, педагоги школы, а также учащиеся нового класса.

— Класс "Жас сақшы" — это не просто класс, это школа закалки будущих защитников Отечества, верных граждан, для которых дисциплина и верховенство закона стоят на первом месте. Данная среда призвана прививать учащимся наряду с качественными знаниями дисциплину, ответственность, любовь к Родине и преданность служению стране, — отметил начальник управления по работе с личным составом департамента полиции Азилхан Кайрханов.


В новом классе будут обучаться 11 школьников. В рамках программы особое внимание уделяется повышению правовой грамотности детей и их патриотическому воспитанию.

Сын ветерана Гаммат Нуптигалиевич, специально прибывший на торжественное мероприятие, выразил искреннюю благодарность от имени семьи коллективу полиции за увековечение памяти отца и пожелал юным сақшы успехов в их начинаниях.

В ходе торжественного собрания состоялись церемония принятия учащихся в ряды "Жас сақшы" и принесение присяги. Юные сақшы пообещали соблюдать школьную дисциплину, стремиться к знаниям, содействовать сохранению мира и спокойствия в стране, любить Родину и честно служить Отечеству.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚔 Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты

👮 Абай облысында полиция қызметкерлері Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеп тапты. Ол елдімекеннен бірнеше шақырым қашықтықтағы ауыл шаруашылығы алқабынан табылды.

Күндіз әжесі мен атасының қарауында болған бала өздігінен үй ауласынан шығып кеткен. Туыстары оны өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған. Содан кейін олар полицияға жүгінген. Баланың әжесі оның даму ерекшеліктері бар екенін айтып, мүмкіндігінше тезірек көмек көрсетуді сұраған.

🔎 Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, аулаларды, көшелерді және су айдындарының маңындағы аумақтарды аралап, баланың болуы мүмкін жерлерді тексерген.

📍 Сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полиция аға лейтенанты Ролан Байтлеуов баланы Үржардан төрт шақырым жердегі ауыл шаруашылығы алқабынан тапқан. Бұл қуанышты хабар бірден оның жақындарына жеткізілді.

⛴ Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

❗️ Полиция ескертеді: бала жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласып, оның сыртқы белгілерін, жоғалған жерін және іздестіру жұмыстарына көмектесуі мүмкін мінез-құлық ерекшеліктерін хабарлау қажет.

БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🚔 Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты 👮 Абай облысында полиция қызметкерлері Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеп тапты. Ол елдімекеннен бірнеше шақырым қашықтықтағы ауыл шаруашылығы алқабынан табылды. Күндіз әжесі…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚔 Полиция разыскала пропавшего семилетнего мальчика в области Абай

👮 В области Абай сотрудники полиции разыскали семилетнего ребенка, пропавшего в селе Урджар. Его обнаружили на сельскохозяйственном поле в четырех километрах от населенного пункта.

В дневное время мальчик, находившийся под присмотром бабушки и дедушки, самостоятельно вышел со двора. Родственники пытались найти его своими силами, однако поиски не дали результата. Тогда они обратились в полицию. Бабушка сообщила, что у ребенка есть особенности развития, и попросила как можно скорее помочь.

🔎 Полицейские незамедлительно приступили к поискам: обследовали дворы, улицы и участки вдоль водоемов, проверяя места, где мог находиться ребенок.

📍 Около 16:00 капитан полиции Азамат Дуйсебаев и старший лейтенант полиции Ролан Байтлеуов нашли мальчика на сельскохозяйственном поле в четырех километрах от Урджара. Радостную новость сразу сообщили его близким.

⛴ Благодаря оперативным и слаженным действиям сотрудников полиции поиски завершились благополучно.

❗️ Полиция напоминает: при исчезновении ребенка необходимо незамедлительно звонить по номеру "102", сообщив его приметы, место исчезновения и особенности поведения, которые могут помочь в поисках.

НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM