POLISIA.KZ
30.2K subscribers
7.58K photos
5.87K videos
181 files
9.1K links
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Download Telegram
💙 Ұландықтар Қазақстандағы соңғы Ан-26 ұшағын «зейнетке» шығарып салды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының авиациясында қызмет атқарған Ан-26 әскери-тасымал ұшағы әскер сапындағы қызметін аяқтады. Қазақстандағы осы типтегі соңғы әскери ұшақ болған Ан-26 өзінің соңғы ұшуын орындады.

✈️Әуе кемесінің тарихы 1981 жылдан басталады. Киев авиациялық зауытында шығарылған ұшақ алғашқы он жылда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлері авиациясының құрамында қызмет атқарды. Оның негізгі базасы Қазақ КСР аумағында орналасып, ұшақ оңтүстік шекараларды күзетуге байланысты тапсырмаларды орындауға, әскери қызметшілер мен жүктерді тасымалдауға пайдаланылды.

🛩1992 жылдан бастап Ан-26 Ұлттық ұланының авиациясы құрамында қызметін жалғастырды. Осы уақыт ішінде ұшақ әскери қызметшілер мен жүктерді тасымалдауға және басқа да қызметтік міндеттерді орындауға тартылды.

🔎Ұзақ жылдар бойы пайдаланылған әуе кемесі әскери қызметшілер мен жүктерді сенімді тасымалдап, қызметтік рейстерді орындауға әрдайым дайын екенін көрсетті. Сонымен қатар Ан-26 заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, ИКАО стандарттарына сәйкестендірілді. Бұл оның Қазақстан аумағында ғана емес, жақын шетел мемлекеттеріне де ұшуына мүмкіндік берді.

✅Ұлттық ұлан авиациясындағы қызметі барысында Ан-26 8400 сағат ұшты. Ал жалпы алғанда әуе кемесінің қызмет жолы 44 жылға созылды.

💬Ұшақтың соңғы рейсі оны ұзақ жылдар бойы басқарған экипаж үшін де айрықша мәнге ие болды. 3656 әскери бөлімінің ұшқышы, подполковник Медет Сейтов аталған ұшақ түрін 15 жылдан бері тізгіндеп келеді. Ол – экипаж құрамындағы осы типтегі әуе кемесінің соңғы ұшқыш-нұсқаушысы. Сондықтан Ан-26-ның соңғы ұшуынан кейін экипаж мүшелері ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқарған әуе кемесімен қимай қоштасты.

Ан-26-ның пайдаланудан шығарылуымен Қазақстан әскери авиациясындағы осы типтегі ұшақтардың қызмет тарихы аяқталды. 44 жылдық «еңбек өтілі» мен 8400 сағаттық ұшу уақытын артқа қалдырған әскери-тасымал ұшағы енді жауынгерлік қызмет атқармайды.

📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💙 Гвардейцы проводили на «пенсию» последний Ан-26 в Казахстане

Военно-транспортный самолет Ан-26, находившийся на вооружении авиации Национальной гвардии МВД РК, завершил службу. Последний самолет этого типа в Казахстане совершил свой заключительный полет.

✈️История воздушного судна началась в 1981 году. Самолет был построен на Киевском авиационном заводе и первые десять лет служил в авиации Пограничных войск Комитета государственной безопасности СССР. Его основной базой была территория Казахской ССР. Ан-26 использовался для выполнения задач по охране южных рубежей, перевозки военнослужащих и грузов.

🛩С 1992 года Ан-26 продолжил службу уже в составе авиации Национальной гвардии. За годы эксплуатации самолет выполнял задачи по перевозке личного состава и грузов, а также привлекался к другим служебным задачам.

🔎 За годы эксплуатации Ан-26 надежно перевозил военнослужащих и грузы, неизменно подтверждая свою надежность и готовность к выполнению служебных полетов. Кроме того, Ан-26 был модернизирован с учетом современных требований и приведен в соответствие со стандартами ИКАО. Это позволило выполнять полеты не только по территории Казахстана, но и в страны ближнего зарубежья.

✅За время службы в авиации Национальной гвардии Ан-26 налетал 8400 часов. Общий срок его эксплуатации составил 44 года.

💬Последний рейс стал особенным и для экипажа, который долгие годы управлял этим самолетом. Пилот воинской части 3656 подполковник Медет Сейтов на протяжении 15 лет летал на Ан-26. Он стал последним летчиком-инструктором этого воздушного судна в составе экипажа. После завершения заключительного полета члены экипажа с особым чувством попрощались с самолетом, с которым вместе прошли значительную часть своей службы.

С выводом Ан-26 из эксплуатации завершилась история самолетов этого типа в военной авиации Казахстана. За 44 года службы военно-транспортный самолет налетал 8400 часов, выполнил множество задач и теперь завершил свой многолетний путь.

📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жолдағы қауіпті әрекет: Түркістан облысында жол қауіпсіздігі талаптарын бұзған жүргізуші жазаланды

Түркістан облысында жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жүргізуші анықталды.

Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны зерделеу барысында белгілі болды. Кадрға 42 жастағы жүргізушінің Toyota Alphard автокөлігін басқарып келе жатып, жолаушының алдыңғы есікті ашып, денесін көліктен сыртқа шығаруына жол бергені түскен.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тиісті тексеру жүргізді. Нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Полиция барша азаматқа жолаушының көлік қозғалысы кезінде денесін салоннан сыртқа шығаруы жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай әрекет көлікті басқаруға кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
⚡️ Жолдағы қауіпті әрекет: Түркістан облысында жол қауіпсіздігі талаптарын бұзған жүргізуші жазаланды Түркістан облысында жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жүргізуші анықталды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны…
⚡️ Опасное поведение на дороге: водителя, нарушившего требования безопасности, привлекли к ответственности в Туркестанской области

В Туркестанской области выявлен водитель, не соблюдавший требования безопасности во время движения.

Правонарушение было установлено при изучении видеозаписи, опубликованной в социальных сетях. На кадрах видно, как 42-летний водитель автомобиля Toyota Alphard позволил пассажиру открыть переднюю дверь и высунуться из салона во время движения.

По данному факту сотрудники полиции провели соответствующую проверку. В результате водитель привлечен к административной ответственности, а автомобиль водворен на специализированную стоянку. Кроме того, с пассажиром проведена профилактическая беседа, в ходе которой ему разъяснили необходимость строго соблюдать требования безопасности во время движения.

Полиция предупреждает, что высовывание пассажира из салона во время движения является грубым нарушением требований безопасности и создает прямую угрозу его жизни и здоровью. Такие действия могут помешать управлению автомобилем и привести к дорожно-транспортному происшествию.

В связи с этим стражи порядка призывают водителей строго соблюдать правила дорожного движения, а также ответственно относиться к безопасности пассажиров.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚛 Қарағанды облысында қазақстандық нөмірін Грузия нөмірімен жасырған DAF жүргізушісі ұсталды

Ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🚛 Под казахстанскими номерами — грузинские: в Карагандинской области водитель грузовика получил арест и лишился прав

Информация на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆 Қарағандыда Республика күніне орай "Жас сақшы" сыныптарының оқушылары арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды.

Спорттық додада облыстың 10 командасы күш сынасып, ептілік, төзімділік пен командалық рухтың үлгісін көрсетті.

Іс-шараны Қарағанды облысы полиция департаментінің арнайы жұмылдыру және даярлық басқармасы мен "Арлан" спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан әр команданың құрамында 16 оқушыдан болды.

Толық ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

🏆 В Караганде в преддверии Дня Республики организовали областную спартакиаду среди учащихся классов "Жас сақшы".

В спортивных состязаниях приняли участие 10 команд из разных районов области. Школьники продемонстрировали ловкость, выносливость и командный дух.

Мероприятие совместно организовали управление специальной мобилизационной и подготовительной работы департамента полиции Карагандинской области и спортивный клуб "Арлан". В составе каждой команды было по 16 учащихся.

Подробнее на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💻 Түркістан облысында полиция қызметкері әйелді 5 млн теңге шығыннан құтқарып қалды

Полиция қызметкері Шерхан Қалтұрсын банк терминалының алдында күмәнді қаржылық операция жасап жатқан әйелді байқап, мән-жайды анықтауға кіріскен.

Белгілі болғандай, алаяқтар әйелге телефон соғып, туыстарына пошта арқылы сыйлық келгенін айтқан. Кейін оның сеніміне кіріп, телефонына келген кодты сұраған. Осыдан соң әйелдің атына 5 млн теңге несие рәсімдеп, ақшаны өздеріне аудартуға әрекет жасаған.

Толық ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

💻 Полицейский помог женщине избежать потери 5 млн тенге в Туркестанской области

Сотрудник полиции Шерхан Калтурсын заметил женщину, проводившую подозрительную финансовую операцию у банковского терминала, и решил выяснить обстоятельства.

Как выяснилось, мошенники позвонили женщине и сообщили, что ее родственникам пришел подарок по почте. Затем они вошли к ней в доверие и попросили код, поступивший на телефон. После этого на имя женщины оформили кредит на 5 млн тенге и попытались убедить ее перевести деньги на свои счета.

Подробнее на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💻 Петропавлда такси жүргізушісі зейнеткерді интернет-алаяқтардан құтқарып қалды

Өзін байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған алаяқ 73 жастағы әйелді алдап, 2 млн теңгеден астам жинағын "қауіпсіз шотқа" аудартпақ болған.

Такси жүргізушісі Виктор Тимофеев жолаушысының телефон арқылы біреудің нұсқауымен әрекет етіп келе жатқанын байқап, әжейді райынан қайтаруға тырысқан. Алайда зейнеткер оның сөзіне құлақ аспаған.

Банкке келген соң Виктор менеджерге күмәнді жағдай туралы хабарлап, бірден полиция шақырған. Нәтижесінде зейнеткердің 2 млн теңгеден астам жинағы алаяқтардың қолына түскен жоқ.

⚠️ Полиция тұрғындарды егде жастағы жақындарына интернет-алаяқтардың айла-тәсілдерін түсіндіріп, сақтық шаралары туралы үнемі ескертіп отыруға шақырады. Азаматтардың қырағылығы мен дер кезінде берілген ескерту алаяқтардың арбауына түсудің алдын алуға көмектеседі.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

💻 Водитель такси помог пенсионерке сохранить сбережения от интернет-мошенников в Петропавловске

Мошенник, представившийся сотрудником провайдера связи, обманом пытался убедить 73-летнюю женщину перевести более 2 млн тенге на "безопасный счет".

Водитель такси Виктор Тимофеев заметил, что пенсионерка действует по указаниям неизвестного по телефону, и попытался убедить ее не поддаваться на обман. Однако женщина не прислушалась к его словам.

По прибытии в банк Виктор сообщил менеджеру о подозрительной ситуации и сразу вызвал полицию. В результате удалось уберечь более 2 млн тенге сбережений пенсионерки от мошенников.

⚠️ Полиция призывает граждан разъяснять пожилым родственникам схемы интернет-мошенничества и регулярно напоминать им о мерах предосторожности. Бдительность граждан и своевременные предупреждения помогают уберечь людей от уловок мошенников.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 "Қауіпсіз үй": төрт күнде 46 мыңнан астам тұрғын үй нысаны тексерілді

Ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🔹"Безопасный дом": более 46 тысяч жилых объектов проверено за четыре дня

Информация на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Ақпарат сайтта.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

✍️ Казахстан укрепляет международное сотрудничество по линии Интерпола

Информация на сайте.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 Германия азаматтары Қазақстан полициясына алғыс айтты

Қазақстанда туристік мақсатта жүрген Германия азаматтары елде болу мерзімін бұзуына байланысты шығу визасын рәсімдеу үшін Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына жүгінді.

👮‍♂️ Көші-қон қызметінің қызметкерлері қажетті құжаттарды қалпына келтіруге және шығу визасын рәсімдеуге көмек көрсетті.

👏 Нәтижесінде барлық қажетті құжат бір тәулік ішінде рәсімделіп, шығу визасы дайындалды. Көрсетілген жедел көмек пен қолдау үшін шетелдік азаматтар Қазақстан полициясына алғыс білдірді.

✅ Айта кетейік, Атырау облысының көші-қон қызметі азаматтардың өтініштерін жедел қарауға, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және шетел азаматтарына қолданыстағы заңнама аясында көмек көрсетуге ерекше көңіл бөледі.

БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🇰🇿🇩🇪 Германия азаматтары Қазақстан полициясына алғыс айтты Қазақстанда туристік мақсатта жүрген Германия азаматтары елде болу мерзімін бұзуына байланысты шығу визасын рәсімдеу үшін Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына жүгінді.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 Граждане Германии поблагодарили полицию Казахстана

Граждане Германии, находившиеся в Казахстане с туристической целью, обратились в управление миграционной службы департамента полиции Атырауской области для оформления выездной визы в связи с нарушением срока пребывания в стране.

👮‍♂️ Сотрудники миграционной службы оказали содействие в восстановлении необходимых документов и оформлении выездной визы.

👏 В результате все необходимые документы были оформлены в течение одних суток, а выездная виза подготовлена. За оказанную оперативную помощь и поддержку иностранные граждане выразили благодарность полиции Казахстана.

✅ Следует отметить, что миграционная служба Атырауской области уделяет особое внимание оперативному рассмотрению обращений граждан, качественному оказанию государственных услуг и оказанию помощи иностранным гражданам в рамках действующего законодательства.

НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦅 Полиция “Шығыс салбурыны – 2026” халықаралық фестивалінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

🏔️ ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылында, Бүркіттөбе тауының етегінде үш күн бойы VI халықаралық “Шығыс салбурыны – 2026” фестивалі өтті. Биыл бұл шара алғаш рет Азия кубогы мәртебесінде ұйымдастырылды.

🌍 Фестивальге Қазақстан, Ресей, Венгрия, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген дәстүрлі құсбегілік өнерінің шеберлері қатысты. Қатысушылар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі салып, құсбегілік өнерінің қыр-сырын көрсетті.

👮‍♂️ Үш күн бойы полиция қызметкерлері фестивальге қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады. Шараның ашық далада өтуіне байланысты әкімшілік полиция басқармасы алдын ала полицейлік жасақтардың орналасу тәртібін ұйымдастырып, патрульдеу бағыттарын белгіледі.

🚔 Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын реттеу және адам көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

✅ Барлық жұмылдырылған бөлімшенің үйлесімді жұмысының арқасында фестиваль штаттық режимде өтіп, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты сақталды.

ЗАҢМЕНТӘРТІП
БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🦅 Полиция “Шығыс салбурыны – 2026” халықаралық фестивалінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті 🏔️ ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылында, Бүркіттөбе тауының етегінде үш күн бойы VI халықаралық “Шығыс салбурыны – 2026” фестивалі өтті. Биыл бұл шара алғаш рет Азия кубогы…
🦅 Полиция обеспечила безопасность на международном фестивале "Шығыс салбурыны — 2026"

🏔️ В селе Бозанбай Уланского района Восточно-Казахстанской области, у подножия горы Бүркіттөбе, в течение трех дней проходил VI международный фестиваль "Шығыс салбурыны — 2026". В этом году мероприятие впервые состоялось в статусе Кубка Азии.

🌍 Фестиваль объединил мастеров традиционной охоты с ловчими птицами из Казахстана, России, Венгрии, Испании, Грузии, Китая, Монголии, Кыргызстана, Узбекистана и Турции. Участники продемонстрировали искусство беркутчи, охотясь с беркутами, ястребами, соколами и балобанами.

👮‍♂️ В течение трех дней сотрудники полиции обеспечивали безопасность участников и гостей фестиваля, а также следили за общественным порядком. В связи с проведением мероприятия на открытой степной территории управление административной полиции заранее организовало расстановку полицейских нарядов и определило маршруты патрулирования.

🚔 Особое внимание уделялось охране общественного порядка, обеспечению безопасности дорожного движения, регулированию транспортных потоков и профилактике правонарушений в местах массового скопления людей.

✅ Благодаря слаженной работе всех задействованных подразделений фестиваль прошел в штатном режиме, общественно-политическая обстановка оставалась стабильной.

ЗАКОНИПОРЯДОК
НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM