Air Astana press-releases
3.09K subscribers
249 photos
3 videos
10 files
262 links
әуекомпанияның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные сообщения авиакомпании для СМИ
Download Telegram
Шанхайға билеттер сатыла бастады

Air Astana әуе компаниясы Алматы - Шанхай - Алматы жаңа тұрақты бағыты бойынша билеттер сатыла басталғаны туралы хабарлайды. Ұшулардың іске қосылуы 2026 жылғы 29 наурызға жоспарланған.

Алматыдан рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды, ұшып кету уақыты сағат 19:10, Шанхайға ұшып келу уақыты сағат 04:25+. Қайтар рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады, Шанхайдан ұшып кету уақыты сағат 05:40, Алматыға ұшып келу уақыты сағат 10: 15. Рейстер заманауи және жайлы Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады. Ұшу ұзақтығы - 6 сағат 15 минут, қайтарда - 7 сағат 35 минут.

Барлық алымдарды қосқанда Алматыдан Шанхайға эконом-кластағы барып-қайту билеттің ең төменгі құны 281 312 теңгеден, бизнес-класта 921 132 теңгеден басталады.

Билеттер ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатылады.

Жаңа бағыттың ашылуы Air Astana-ның Қытайға қатысуын кеңейтеді - Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші және Саньяға қолданыстағы рейстерге қосымша - және Қазақстан мен Азияның ірі шаһарлардың бірі арасында іскерлік және туристік сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Шанхай - Қытайдың қаржы және іскерлік астанасы, заманауи ғимараттар, бай тарих және мәдени алуан түрлілік қаласы. Оның басты көрікті жерлері - Пудун іскерлік ауданына панорамалық көрінісі бар Вайтань жағалауы, «Шығыс маржаны» телемұнарасы, Юйюань бағы, сондай-ақ храмдар, музейлер, театрлар мен сауда кварталдары. Қала өзінің гастрономиясымен және дәстүрлі қытай мәдениетінің мегаполистің серпінді ырғағымен үйлесімділігімен танымал, бұл оны туристер үшін де, іскер саяхатшылар үшін де тартымды етеді, оған қоса қазақстандықтарға Қытайға визасыз кіруге болады.
Стартовали продажи билетов в Шанхай

Авиакомпания Air Astana объявляет о начале продаж по новому регулярному направлению Алматы – Шанхай – Алматы, полёты по которому планируется выполнять с 29 марта 2026 года.

Вылет из Алматы рейсом KC 281 запланирован по вторникам, четвергам и воскресеньям в 19:10 с прибытием в Шанхай в 04:25 на следующие сутки. Обратный рейс KC 282 будет выполняться по понедельникам, средам и пятницам с вылетом из Шанхая в 05:40 и прибытием в Алматы в 10:15. Рейсы будут осуществляться на современных узкофюзеляжных лайнерах Airbus A321LR. Продолжительность полета туда – 6 часов и 15 минут, обратно - 7 часов и 35 минут.

Минимальная стоимость авиабилета в обе стороны из Алматы в Шанхай, со всеми сборами, в эконом-классе начинается от 281 312 тенге, в бизнес-классе – от 921 132 тенге.
Билеты доступны для покупки на официальном сайте и в мобильном приложении Air Astana, а также в аккредитованных туристических агентствах.

Открытие нового маршрута расширяет присутствие Air Astana в Китае — в дополнение к действующим рейсам в Пекин, Гуанчжоу, Урумчи и Санья — и создаёт дополнительные возможности для деловых и туристических поездок между Казахстаном и одним из крупнейших мегаполисов Азии.

Шанхай — финансовая и деловая столица Китая, город ультрасовременных небоскрёбов, богатой истории и культурного разнообразия. Среди его главных достопримечательностей — набережная Вайтань с панорамным видом на деловой район Пудун, телебашня «Жемчужина Востока», Сад Юйюань, а также храмы, музеи, театры и торговые кварталы. Город известен своей гастрономией и гармоничным сочетанием традиционной китайской культуры с динамичным ритмом мегаполиса, что делает его привлекательным как для туристов, так и для деловых путешественников, чему также способствует безвизовый въезд казахстанцам в Китай.
Air Astana Ларнакаға билеттерді сата бастады

Air Astana әуекомпаниясы 2026 жылдың жазғы кестесінде Кипрге тікелей маусымдық рейстерге билеттерді сатуды бастады. Маусым мен қыркүйек айлары аралығында әуетасымалдаушы Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына тұрақты рейстерді орындайды.

Астанадан 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері, таңертеңгі және күндізгі уақытта қатынайды, ал Ларнакадан қайту рейстері күндіз орындалады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа 5 сағат 40 мин, қайтарда 5 сағат 5 мин. Алматыдан 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Алматыдан ұшу - таңертең, Ларнакадан оралу - күндіз. Ұшу ұзақтығы сол жаққа 6 сағат 5 мин, қайтарда 5 сағат 30 мин. Барлық рейс Airbus A321LR заманауи ұшақтарымен орындалады.

Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында және агенттік желі арқылы сатылады. Алматыдан Ларнакаға барлық алымды қосқанда барып-қайту әуебилеттің ең төменгі құны эконом-класта 300 819 теңгеден, бизнес-класта 783 377 теңгеден, ал Астанадан тиісінше 286 881 теңгеден және 729 184 теңгеден басталады.

Ларнака Жерорта теңізіндегі Кипр аралының оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Қаланың басты көрікті жерлеріне Хала Сұлтан Текке мешіті, IX ғасырдағы Әулие Лазарь шіркеуі, Финикудес жағалауы, Маккензи жағажайы, ортағасырлық қамал, сондай-ақ сүңгуірлер арасында танымал дайвинг аймақтары жатады.
Air Astana открыла продажу билетов в Ларнаку

Авиакомпания Air Astana начала продажи билетов на прямые сезонные рейсы на Кипр в летнем расписании 2026 года. С июня по сентябрь авиаперевозчик будет выполнять регулярные рейсы в город Ларнака из Астаны и Алматы.

Полеты из Астаны будут выполняться начиная со 2 июня до 5 сентября по вторникам и субботам, в утреннее и дневное время; обратные рейсы из Ларнаки - во второй половине дня. Продолжительность полета туда 5ч 40 мин, обратно 5ч 5 мин. Рейсы из Алматы запланированы с 4 июня по 6 сентября по четвергам и воскресеньям. Вылет из Алматы - ранним утром, возвращение из Ларнаки - днем. Продолжительность полета туда 6ч 5 мин, обратно 5ч 30мин. Все рейсы будут выполняться на современных узкофюзеляжных самолётах Airbus A321LR.

Продажа билетов открыта на официальном сайте авиакомпании и через агентскую сеть.
Минимальная стоимость авиабилета в обе стороны из Алматы в Ларнаку, со всеми сборами, в эконом-классе начинается от 300 819 тенге, в бизнес-классе – от 783 377 тенге, а из Астаны, соответственно, от 286 881 тенге и 729 184 тенге.

Ларнака расположена на юго-восточном побережье острова Кипр в Средиземном море. К ключевым достопримечательностям города относятся мечеть Хала Султан Текке, церковь Святого Лазаря IX века, набережная Финикудес и пляж Маккензи, средневековая крепость, а также популярные места для дайвинга.
Air Astana қаржы жөніндегі атқарушы директорының тағайындалуы туралы хабарлама

Air Astana Гонсалу Пирештің (Gonçalo Pires) 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлайды. 2025 жылғы 8 қазанда жарияланғандай, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қазiргi қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыелді бас атқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін тиісті өтпелі кезең көзделеді.

Гонсалу Пиреш 2021 жылдан бастап TAP Air Portugal әуе компаниясында қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып, онда қайта құрылымдау бағдарламасын әзірлеп, іске асырды, сондай-ақ цифрландыру бойынша бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұған дейін оның шамамен жиырма жылға жуық кәсіби қызметі қаржы секторын қамтып, оның ішінде инвестициялық банкинг саласындағы түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

Пиреш мырза Лиссабон қаласындағы NOVA университетінің экономика мамандығы бойынша ғылыми дәрежеге ие және ол Air Astana-ның бас кеңсесі орналасқан Алматы қаласында қызмет ететін болады.

«Португалияның флагмандық әуе тасымалдаушысында бірнеше жыл бойы қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарған Гонсалу Air Astana-ның одан әрі дамуын қолдауға және біздің нарықтарымыздағы өсу мүмкіндіктерін іске асыруға қажетті тәжірибеге ие. Сегіз жыл бойы қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымында қызмет атқарып, сәуір айында әуекомпанияны басқаратын Ибрахиммен бірге, Air Astana өзінің ұзақ мерзімді өсу стратегиясын табысты іске асыруды жалғастыратынына сенім білдіремін» - деді компанияның қазіргі бас атқарушы директоры Питер Фостер.
Сообщение о назначении исполнительного директора по финансам Air Astana

Air Astana сообщает о назначении Гонсалу Пиреша (Gonçalo Pires) на должность исполнительного директора по финансам с 1 марта 2026 года. До назначения действующего исполнительного директора по финансам Ибрахима Жанлыела на должность главного исполнительного директора с 1 апреля 2026 года, как было раскрыто 8 октября 2025 года, для нового исполнительного финансового директора будет предусмотрен соответствующий переходный период.

Г-н Пиреш с 2021 года занимал должность исполнительного директора по финансам авиакомпании TAP Air Portugal, где он разработал и реализовал программу реструктуризации, а также инициировал ряд инициатив по цифровизации. Ранее его профессиональная деятельность на протяжении почти двух десятилетий охватывала работу в финансовом секторе, включая различные руководящие должности в сфере инвестиционного банкинга.

Г-н Пиреш имеет степень по экономике университета NOVA (Лиссабон) и будет базироваться в Алматы, где находится головной офис Air Astana.

«Проработав несколько лет в качестве исполнительного директора по финансам флагманского перевозчика Португалии, Гонсалу обладает необходимым опытом для поддержки дальнейшего развития Air Astana и реализации возможностей роста на наших рынках. Совместно с Ибрахимом, который в апреле возглавит авиакомпанию после восьми лет работы в должности исполнительного директора по финансам, я уверен, что Air Astana продолжит успешную реализацию своей долгосрочной стратегии роста» - отметил действующий главный исполнительный директор Air Astana Питер Фостер.
Air Astana Астана - Гуанчжоу бағыты бойынша билеттерді сата бастады

Air Astana әуе компаниясы Астана - Гуанчжоу - Астана жаңа халықаралық бағыты бойынша билеттерді сата бастағанын хабарлайды.

Тікелей рейстер 2026 жылғы 2 маусымнан бастап аптасына екі рет - сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу қазіргі заманғы Airbus A321LR тар фюзеляжды лайнерінде, жолаушыларға жоғары деңгейде жайлылық пен сервис ұсынатын әуе компанияның флагмандық ұшағында жүзеге асырылады.

Рейстердің кестесі:
• Астана - Гуанчжоу KC8217: 18: 45-те ұшып шығу, 04: 30-да ұшып келу (+1 күн), ұшу ұзақтығы - 6 сағат 45 минут
• Гуанчжоу-Астана KC8218: 05: 45-те ұшып шығу, 10: 10-да келу, ұшу ұзақтығы - 7 сағат 25 минут
Барып-қайту авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 251 333 теңгеден, бизнес-класта - 835 020 теңгеден басталады.

Астана - Гуанчжоу жаңа бағыты өткен жылдың наурыз айының соңында Air Astana іске қосқан Алматы - Гуанчжоу - Алматы бағытын толықтырады (аптасына 4 рейс).
Осылайша, Астанадан рейстердің ашылуымен әуе компаниясы Гуанчжоуға, Бейжің, Шанхай және Үрімшіге тұрақты рейстерге қосымша аптасына алты рет қатынайды.

Ұшу бағдарламасының кеңеюі жолаушыларға қосымша ыңғайлылықты, соның ішінде Қазақстанның екі ірі қаласынан ыңғайлы түйісулерді және өтімді тарифтерді қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ Air Astana хабтары арқылы саяхат және транзит мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазақстандықтар Қытайда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.
Air Astana начинает продажу билетов по маршруту Астана – Гуанчжоу

Авиакомпания Air Astana объявляет о продаже билетов по новому международному направлению Астана – Гуанчжоу – Астана.
Прямые рейсы начнут выполняться со 2 июня 2026 года с частотой два раза в неделю — по вторникам и четвергам. Полёты будут осуществляться на современном узкофюзеляжном лайнере Airbus A321LR, флагманском самолёте авиакомпании, предлагающем пассажирам высокий уровень комфорта и сервиса.

Расписание рейсов:
• KC8217 Астана – Гуанчжоу: вылет в 18:45, прибытие в 04:30 (+1 день), продолжительность полета – 6ч 45мин
• KC8218 Гуанчжоу – Астана: вылет в 05:45, прибытие в 10:10, продолжительность полета – 7ч 25мин

Минимальная стоимость авиабилета в обе стороны в эконом-классе начинается от 251 333 тенге, в бизнесе - от 835 020 тенге.
Новый маршрут Астана – Гуанчжоу дополняет существующее направление Алматы – Гуанчжоу – Алматы, которое Air Astana запустила в конце марта прошлого года (4 рейса в неделю).

Таким образом, с открытием рейсов из Астаны авиакомпания будет выполнять шесть рейсов в неделю в Гуанчжоу, в дополнение к регулярным рейсам в Пекин, Шанхай и Урумчи.
Расширение полётной программы обеспечивает пассажирам дополнительное удобство, включая сквозные тарифы и удобные стыковки из двух крупнейших городов Казахстана.

Запуск нового направления способствует укреплению деловых, туристических и культурных связей между Казахстаном и Китаем, а также расширяет возможности для путешествий и транзита через хабы Air Astana. Казахстанцы могут путешествовать в Китае без визы до 30 дней.
Air Astana Баку бағыты бойынша рейстер жиілігін арттырады

Наурыз мерекесі қарсаңында Air Astana Алматыдан Баку қаласына тікелей рейстерді қайта іске қосып, Әзербайжан астанасына орындалатын рейстердің жалпы санын арттырады.

2026 жылғы 15 наурыздан бастап Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Сәуір айынан бастап рейстер аптасына үш ретке, ал мамыр айынан бастап аптасына төрт ретке дейін көбейеді: дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері. Жаңа кестеде сапарларды ыңғайлы жоспарлау үшін күндізгі ұшу және қону уақыттары қарастырылған.

Сондай-ақ әуекомпания Атырау-Баку-Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер жиілігін аптасына үш ретке дейін арттырады: 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал сәуір айынан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ұшу ұзақтығы Алматыдан 3 сағат 35 мин, ал Атыраудан 1 сағат 25 мин. Барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы барып-қайту әуе билеттерінің бағасы Алматыдан ұшқанда 157 182 теңгеден, ал Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады. Билеттер ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатылады.

Қазақстан азаматтары Әзербайжанға саяхаттау үшін визаны керек етпейді.
Air Astana увеличивает частоту полетов в Баку

В преддверии праздника Наурыз Air Astana возобновляет выполнение прямых рейсов из Алматы в Баку и увеличивает общее количество рейсов в столицу Азербайджана.

С 15 марта 2026 года рейсы по маршруту Алматы-Баку-Алматы будут выполняться два раза в неделю - по четвергам и воскресеньям. С апреля частота увеличится до трех раз в неделю, а с мая - до четырех раз в неделю: по понедельникам, четвергам, пятницам и воскресеньям. Новое расписание предусматривает дневное время вылета и прилета, более удобное для планирования поездок.

Авиакомпания также увеличивает частоту регулярных рейсов по маршруту Атырау–Баку-Атырау до трех раз в неделю: с 18 марта рейсы будут выполняться по понедельникам, средам и субботам; с апреля - по вторникам, четвергам и субботам.

Время в пути составляет 3 часа 35 минут из Алматы и 1 час 25 минут из Атырау. Стоимость авиабилетов в эконом-классе туда и обратно, включая все сборы, начинается от 157 182 тенге при вылете из Алматы и от 97 093 тенге при вылете из Атырау. Продажа билетов доступна на официальном сайте авиакомпании, в мобильном приложении и в аккредитованных туристических агентствах.

Гражданам Казахстана виза для поездок в Азербайджан не требуется.
Air Astana инженерлік-техникалық орталығында 50-ші C-check тамамдады

Air Astana Астанадағы өз инженерлік-техникалық орталығында мерейтойлық 50-ші C-check-ті Airbus A320 әуе кемесінде сәтті аяқтады. Бұл – әуекомпанияның құзыреттерін дамытудағы және Қазақстанда әуе кемелеріне күрделі техникалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастырудағы маңызды кезең нышаны.

Елу C-check орындау инженерлік базаны дамыту, білікті кадрларды даярлау және Air Astana тобы ішіндегі өндірістік қуатты арттыру бойынша жүргізілген көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Әрбір C-check ондаған мың регламенттік жұмысты, халықаралық авиациялық стандарттарға қатаң сәйкес кешенді құрылымдық және жүйелік тексерулерді қамтиды және 20 мыңнан астам адам-сағатқа дейінгі еңбек ресурстарын талап етеді.

«Мерейтойлық 50-ші C-check – инженерлік құзыреттерді, инфрақұрылымды және адами капиталды дамытуға бағытталған дәйекті инвестицияларымыздың нәтижесі», – дейді Астанадағы авиациялық-техникалық орталықтың директоры Роберт Дандо. «Күрделі техникалық қызмет көрсету түрлерін өз күшімізбен орындау жұмыстар сапасына толық бақылау жасауға, шетелдік мердігерлерге тәуелділікті азайтуға және ел ішінде азаматтық авиацияның техникалық сараптамасын дамытуға мүмкіндік береді».

Қазіргі таңда Air Astana Алматы және Астанадағы техникалық базаларында Airbus әуе кемелері тобына C-check-тің барлық түрін дербес орындайды. 2019 жылдан бері әуекомпания стандарттыдан бастап ең күрделі түрлеріне дейінгі техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырды, оның ішінде: 28 – C1-check, 5 – C2-check, 10 – C6-check және 7 – C12-check. Осы уақыт ішінде жаһандық авиацияның үздік тәжірибесіне сәйкес халықаралық EASA Part 66 лицензиялары бар сертификатталған инженерлер мен механиктердің білікті командасы қалыптастырылды.

Жоғары технологиялық құзыреттерді жүйелі түрде дамыту Air Astana-ның Қазақстанның авиация саласын өркендетуге, технологиялық дербестікті нығайтуға және әуе кемелерінің жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін айқындайды.
Air Astana выполнила юбилейный 50-й C-check на базе собственного технического центра

Air Astana успешно завершила юбилейный, 50-й C-check на воздушном судне Airbus A320 в собственном инженерно-техническом центре в Астане. Это важная веха в развитии компетенций авиакомпании, и в наращивании мощностей тяжелого технического обслуживания воздушных судов в Казахстане.

Проведение пятидесяти C-check отражает многолетнюю системную работу по развитию инженерной базы, подготовке квалифицированных кадров и наращиванию производственных мощностей внутри группы Air Astana. Каждая форма C-check включает десятки тысяч регламентных операций, комплексные структурные и системные проверки в строгом соответствии с международными авиационными стандартами, и требует до более чем 20 тысяч человеко-часов.

«Юбилейный 50-й C-check - это результат наших последовательных инвестиций в развитие инженерных компетенций, инфраструктуры и человеческого капитала», - отметил Роберт Дандо, директор авиационно-технического центра в Астане. «Выполнение сложных форм технического обслуживания собственными силами позволяет обеспечивать полный контроль над качеством работ, снизить зависимость от зарубежных провайдеров и развивать техническую экспертизу в гражданской авиации внутри страны».

На сегодняшний день Air Astana самостоятельно выполняет все виды C-check на воздушных судах семейства Airbus на собственных технических базах в Алматы и Астане. С 2019 года авиакомпания выполнила разные формы технического обслуживания воздушных судов, стандартных до наиболее сложных, включая: 28 - C1-check, 5 - C2-check, 10 - C6-check и 7 - C12-check. За это время была сформирована квалифицированная команда сертифицированных инженеров и механиков с международными лицензиями EASA Part 66, что соответствует лучшим практикам глобальной авиации.

Последовательная работа по наращиванию высокотехнологичных компетенций подтверждает вклад Air Astana в развитие авиационной отрасли Казахстана, укрепление технологической самостоятельности и обеспечение высокого уровня надежности и безопасности воздушных судов.
FlyArystan басшылығындағы кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеме

Air Astana компаниялар тобы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын хабарлайды.

Йохан Эйдхаген FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан ауысады. Онда ол бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген. Wizz Air-ге келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air Astana Тобында жаңа басшылық қызметке – серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады. China Southern Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер:

«Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы басшылық қызметтерде жинақтаған көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның жоғары өсу әлеуетін толық іске асыруына жол ашады. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенім мол.

Серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент қызметіне ауысатын Ричардқа алғыс білдіреміз. Ол біздің өсу стратегиямыздың негізгі элементтерінің бірі саналатын кеңейтiлген стратегиялық серіктестіктерді дамыту жұмыстарына жауапты болады.

Сәуір айында бас атқарушы директор қызметіне кірісетін Ибрахим және наурыз айында Топқа қаржы жөніндегі атқарушы директор ретінде қосылатын Гонсалу Пирешпен бірге, Air Astana компаниялар тобы өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенімдімін.»
Заявление о кадровом изменении в руководстве FlyArystan

Группа компаний Air Astana сообщает о назначении Йохана Эйдхагена на должность Президента FlyArystan, бюджетной авиакомпании Группы. Назначение вступает в силу с 1 марта 2026 года.

Йохан Эйдхаген переходит во FlyArystan из авиакомпании Wizz Air, где он занимал ряд руководящих должностей, в том числе до недавнего – позицию управляющего директора Wizz Air в Абу-Даби (ОАЭ). В период работы в Wizz Air он также был исполнительным директором по персоналу и ESG, и исполнительным директором по маркетингу. До прихода в Wizz Air Йохан около пятнадцати лет работал в компании Nokia на различных руководящих позициях в разных странах.

Йохан Эйдхаген сменит Ричарда Леджера, который перейдет на новую руководящую должность в Группе Air Astana - вице-президента по партнерствам и альянсам. Кодшеринговые соглашения, включая недавно подписанные с авиакомпаниями China Southern Airlines и Air India, играют важную роль в расширении международного присутствия Группы. Ричард будет курировать и расширять эти возможности для обеспечения доступа к крупнейшим рынкам региона.

Главный исполнительный директор Air Astana Питер Фостер отметил:

«Обладая многолетним опытом работы на руководящих позициях в Wizz Air в таких областях как управление персоналом, ESG и маркетинг, Йохан имеет необходимую экспертизу и глубокое понимание бизнес-модели бюджетных авиакомпаний, что позволит FlyArystan в полной мере реализовать свой высокий потенциал роста. Технологические инновации всегда были ключевым элементом в обеспечении FlyArystan высокого качества сервиса соблюдая баланс между стоимостью и комфортом, и под руководством Йохана это направление получит новый импульс. Я уверен, что под его управлением FlyArystan укрепит свои позиции в регионе и за его пределами.

Мы признательны Ричарду, который переходит на должность вице-президента по партнерствам и альянсам и будет отвечать за дальнейшее развитие расширенных стратегических партнерств, являющихся одним из ключевых элементов нашей амбициозной стратегии роста.

Совместно с Ибрахимом, который в апреле вступит в должность главного исполнительного директора, и Гонсалу Пирешем, который присоединится к Группе в марте в качестве исполнительного директора по финансам, я уверен, что Группа компаний Air Astana продолжит успешную реализацию своей долгосрочной стратегии развития».
Air Astana Airbus әуе кемелерін пайдаланғанына 20 жыл

Air Astana осы айда Airbus әуе кемелерін пайдаланудың 20 жылдығын атап өтуде. Алғашқы Airbus A320 ұшағы 2006 жылғы ақпанда жеткізілді, содан бері флот айтарлықтай ұлғайып, бүгінде пайдаланудағы әуе кемелерінің саны шамамен 60-қа жетті. Жуырда Air Astana акционерлері жолаушыларға қолайлы, тиімді әрі заманауи флотты сақтауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегия аясында A320 әуе кемелер тобының қосымша 25 ұшағын сатып алуды мақұлдады.

Air Astana Airbus әуе кемелеріне алғашқы тікелей тапсырысын 2008 жылы жасап, су жаңа ұшақтарды 2012–2013 жылдары қабылдады. Бұл - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері елдегі әуе тасымалдаушы тарапынан берілген алғашқы тікелей Airbus тапсырысы болды.

2016 жылғы қарашада әуекомпания алғашқы Airbus A320neo ұшағын пайдалануға енгізіп, отын тиімділігі жоғары әрі экологиялық көрсеткіштері жақсартылған жаңа буын әуе кемелеріне көшкен әлемдегі алғашқы операторлардың бірі атанды.

2019 жылғы қыркүйекте компания флоты алғашқы Airbus A321LR ұшағымен толықты. Бұл ұшақтар маршруттық желіні кеңейтуге және тар фюзеляжды әуе кемелерімен ұзақ қашықтықтағы рейстерді орындау мүмкіндігін арттыруға жол ашты. Air Astana-ның A321LR ұшақтары әлемдегі ең ұзақ тікелей тар фюзеляжды бағыттардың бірі – Алматыдан Лондонға рейсін орындайды, оның ұшу ұзақтығы шамамен тоғыз сағат.

Бүгінде Air Astana тобының флоты жалпы саны 59 Airbus әуе кемелерінен тұрады: оның ішінде 41 ұшақ A320/A321neo отбасынан, ал 18-і A320/A321ceo отбасы үлгілері.
Air Astana отмечает 20-летие эксплуатации самолетов Airbus

Air Astana отмечает 20-летие начала эксплуатации самолетов Airbus. Первый Airbus A320 был получен в феврале 2006 года, и с тех пор парк воздушных судов значительно расширился - сегодня в эксплуатации находится около 60 самолетов. Акционеры Air Astana недавно одобрили приобретение дополнительно 25 воздушных судов семейства Airbus A320 в рамках долгосрочной стратегии по поддержанию современного, эффективного и ориентированного на пассажиров флота.

В 2008 году авиакомпания разместила свой первый прямой заказ на самолеты Airbus, с поставкой воздушных судов в 2012–2013 годах. Это стал первый прямой заказ Airbus от авиаперевозчика, базирующегося в Казахстане, после обретения страной независимости.

В ноябре 2016 года Air Astana ввела в эксплуатацию первый Airbus A320neo, став одним из ранних эксплуатантов самолетов нового поколения с повышенной топливной эффективностью и улучшенными экологическими характеристиками.

В сентябре 2019 года парк авиаперевозчика был расширен за счет ввода первого Airbus A321LR, что позволило развивать маршрутную сеть и выполнять дальнемагистральные рейсы на узкофюзеляжных воздушных судах. Air Astana выполняет один из самых протяженных в мире беспосадочных рейсов на узкофюзеляжном самолете A321LR - по маршруту Алматы–Лондон продолжительностью около девяти часов.

В настоящее время парк Группы компаний Air Astana преимущественно состоит из воздушных судов Airbus и насчитывает 59 самолетов, включая 41 - семейства A320/A321neo и 18 - A320/A321ceo.
Жолаушылардың назарына

Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етілуде.

Рейстің мәртебесін Брондау және ақпарат орталығынан білуге болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), +7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.
__

Вниманию пассажиров

Air Astana информирует о временных изменениях в расписании рейсов в связи с плановым закрытием взлетно-посадочной полосы в аэропорту Астаны с 10:00 до 18:00 в период с 15 апреля по 31 мая 2026 года.

Изменения коснутся регулярных рейсов из Астаны в Алматы, Костанай, Усть-Каменогорск, Атырау и Актобе, а также из Астаны в Сеул, Франкфурт, Пекин, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг и Стамбул. Авиакомпания уведомляет пассажиров, чьи рейсы затронуты корректировками, через контактные данные, указанные при бронировании.

Уточнить актуальный статус рейса можно в Центре бронирования и информации: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 (в случае задержки или отмены рейсов), +7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com
Таяу Шығысқа рейстердің жағдайы

28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды.

KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады.
KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге,
FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.

28 ақпанда Таяу Шығысқа орындалатын рейстер тоқтатылды.

Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 8 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі.

Қауіпсіздік - біздің басты басымдығымыз.

Байланыс үшін:

Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
📧help.airastana.com
📞+7 727 244 4477
📞+7 7172 584477
📞+7 702 702 4477
📞 Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78
📱 WhatsApp: +7 702 702 00 74
💻Online chat: airastana.com

FlyArystan

📱 WhatsApp: + 7 702 702 02 27
💻 Live-chat: FlyArystan app/flyarystan.com
📞 +7 727 3311010 (08:00 – 20:00)
Ситуация с рейсами на Ближний Восток

28 февраля в связи с закрытием воздушного пространства Ирана и нестабильной ситуацией в регионе произошли следующие изменения.

Рейсы KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы-Доха, KC205 и КС207 Астана-Дубай возвращаются в аэропорты вылета.
KC899 Алматы-Дубай направлен в Дели,
Рейс FlyArystan FS7617 Актау-Дубай ушел на запасной аэродром.

Рейсы на Ближний Восток от 28 февраля отменены.

Группа компаний Air Astana внимательно отслеживает ситуацию и решает вопросы вывоза пассажиров.

Просим пассажиров проверять статус рейсов, так как ожидаются изменения во времени вылетов и прилетов в аэропорты назначения. Разрешено бесплатное перебронирование и возврат билетов в Джидду, Медину и Дубай по месту приобретения до 8 марта включительно.

Безопасность - наш основной приоритет.

Контакты:

Air Astana
Центр бронирования и информации (24/7):
📧help.airastana.com
📞+7 727 244 4477
📞+7 7172 584477
📞+7 702 702 4477
📞Горячая линия в случае задержки рейсов: +7 7272 44 44 78
📱 WhatsApp: +7 702 702 00 74
💻Online chat: airastana.com

FlyArystan

📱 WhatsApp: + 7 702 702 02 27
💻 Live-chat: FlyArystan app/flyarystan.com
📞 +7 727 3311010 (08:00 – 20:00)