ТРК Президента
✔
29.1K subscribers
7.32K photos
5.22K videos
994 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Amazon, Chevron, Meta компанияларының өкілдері біздің Президентпен

🇺🇸Мемлекет басшысы Нью-Йоркте:

🔷Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады

🔷Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді

🔷Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда снек шығаратын ең үлкен зауыт ашылады

🤝Бүгін Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады.

⚛Cтивен Кихо Қазақстанда келесі жылы снек шығаратын ең үлкен зауыттың бірі ашылатынын мәлімдеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды.

⚠ Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

☑ Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖋 Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатта Қазақстанға техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив жеткізу және оған сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

🟦2009 жылдан бері Астанада Wabtec Kazakhstan локомотив құрастыру зауыты табысты жұмыс істеп келеді. Осы аралықта компания өндіріске 230 миллион доллардан астам инвестиция құйды. Былтыр кадр даярлауға үлес қосатын технологиялық және инженерлік орталығын ашты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды.

🟦Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🏻🇺🇸АҚШ Сауда министрі Говард Латник:

«Біздің Президентпен сөйлескеніңізге өте қуаныштымын. Ол Өзіңізбен бірлесіп, көп жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿💰🇺🇸 АҚШ Сауда министрі Говард Латник Қазақстанмен бірлескен жобаларды жаңа деңгейге көтеруге айрықша қызығушылық танытты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Нью-Йоркте Мемлекет басшысының сапары аясында америкалық Wabtec компаниясымен шамамен 4,2 млрд долларлық келісімге қол қойылды.

🚇Жоба Қазақстанда 300 жаңа локомотив шығарып, оларға сервистік қызмет көрсетуді қамтиды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Дональд Трамп Қазақстан Президентін тарихи келісіммен құттықтады

@ptrkkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында жалғасты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

📝📝📝📝📝

🔷 Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз.

🔷 Қазір елімізде 630-дан астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Chevron, ExxonMobil, Boeing, Visa, Mastercard, Meta, Wabtec, Citibank секілді танымал брендтер бар.

🔷 Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі 6,5 пайызды құрады. Біз дамудың жоғары қарқынын сақтай отырып, ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізуге ниеттіміз.

🔷 Chevron және ExxonMobil компанияларының соңғы 30 жылда елімізге қомақты әрі табысты инвестиция салғанын мойындаймыз және жоғары бағалаймыз.

🔷 Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы материалдың орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды.

🔷 Бүгін Wabtec компаниясымен 4 миллиард долларға жуық қаржының жаңа келісіміне қол қойылды. Бұл еліміздің АҚШ-пен көлік саласындағы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады.

🔷 Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз.

🔷 Қазақстан бірте-бірте өңірлік академиялық және ғылыми-зерттеу хабына айналып келеді. Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылған.

🔷 Қазақстан географиялық тұрғыдан сезімтал аймақта орналасқан. Біз өзіміздің стратегиялық мақсатымыздан, соның ішінде АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық жасау ниетімізден айнымаймыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🏻🇺🇸Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝 🇺🇸Президенттің Нью-Йорктегі маңызды кездесулері жалғасын тапты

🔷 АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкпен екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады;

🔷 ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді;

🔷 Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесіп, жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлесті;

🔷 Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен Қазақстандағы ауқымды жобаларды қаржыландыру жайы сөз болды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді

🔷Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.

🖋Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM