ТРК Президента
✔
29.1K subscribers
7.32K photos
5.22K videos
994 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында бірқатар келіссөздер жүргізді

🇰🇿🇺🇦Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

🇰🇿🇲🇪Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті. Алматы мен Подгорица арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізілуі қос халықты жақындата түсті.

🇰🇿🇪🇺Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді. Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

⚽️Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға және заманауи инфрақұрылымға бағытталған FIFA Arena бағдарламасы үшін Федерацияға ризашылық білдірді. Өз кезегінде Джанни Инфантино футболға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, ұлттық футболды дамытуға арналған бірлескен жобаларға дайын екенін жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының алғашқы екі күні

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇳Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді

🔴🟥📹

📰 Президенттің сөзі Jibek Joly арнасынан Астана уақытымен сағат 21:30 шамасында тікелей эфирде көрсетіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Президент АҚШ-тың ірі компаниялары басшыларымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі

📝📝📝📝📝

🔷 Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етіп, Ұйымның құбылмалы заманға бейімделуіне қолғабыс етуіміз қажет. Өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухы соғыс өртін тұтандырудан басым болуға тиіс

🔷 Бізге БҰҰ-ны реформалау жөнінде нақты ұсыныс әзірлейтін жоғары кәсіби және оны еш ойланбастан алға жылжытатын пікірлестер тобын құру қажет

🔷 Сонымен қатар Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды

🔷 Әлем сенімге, ашықтыққа және ортақ жауапкершілікке арқа сүйейтін жаңа консенсусқа зәру. Мысалы, Жарғыдағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан «жау мемлекет» ережесін халықаралық қоғамдастықтың басым бөлігі ескірген деп санайды. Сондықтан Жарғыны қайта қарау мәселесін талқылайтын уақыт келді

🔷 Біз ядролық қару қолдану қаупін күрт азайтуды, ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты қайта бастауды қолдаймыз, көпжақты әрекеттің жандануына күш салуымыз керек деп санаймыз

🔷 Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы

🔷 Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы тіпті қорқынышты. Оған бей-жай қарау мүмкін емес. Бұл қақтығыстың тарихи тамыры тым күрделі. Біз осы жауласудың түпкі себебін ескерусіз қалдыра алмаймыз

🔷 Әлемге тірек болып тұрған толеранттылық пен парасаттылық заң үстемдігіне арқа сүйеуі қажет

🔷 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз

🔷 Қазақстан Ауғанстанның инклюзивті дамуын аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің кепілі деп санайды

🔷Бас Ассамблеяға 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынамын

🔷Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛Президент: «Территориялық дау-дамайды шешу ешқашан оңай болған емес. Ол келешек ұрпақтың қамы үшін екі жақтың да барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуын талап етеді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳 Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайын екенін жеткізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттер басшылары бейбітшілікке ұмтылу жолында жауапкершілік арқалайды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмманюэль Макрон

🇰🇿🇫🇷Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

💬💬Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇫🇮Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

☑ Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екені айтылды. Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты

🇺🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі.

⚠ Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды.

– Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көреген басшылығы мен анағұрлым әділ, инклюзивті әрі тиімді халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Осы орайда Қазақстан геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап беретін Қытайдың жаһандық бастамасын толығымен құптайды, – деді Президент.


✔️Сондай-ақ Жаһандық басқару бастамасы 150-ден астам ел қосылған «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының міндеттерімен үндес екенін жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

💬 «Мен Қазақстанды жақсы көремін» — Франция Президенті

🇰🇿🇫🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

«Президент Қ.Тоқаев менің жақын досым. Біз өңірдегі ахуалды, негізгі сын-қатерлерді және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты талқыладық. Бұл шынымен тамаша кездесу болды», - деді Э.Макрон Silk Way телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында.

📰Толығырақ жуырда «Reporter with President» бағдарламасынан көріңіз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму мақсаттарына тезірек жетуге ықпал ететін ҚХР-дың Жаһандық даму бастамасына Қазақстанның қолдау көрсететінін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысы: «Бізге БҰҰ-ны реформалау жөнінде нақты ұсыныс әзірлейтін жоғары кәсіби және оны еш ойланбастан алға жылжытатын пікірлестер тобын құру қажет. Ұйым бүгінгі сын-қатерлерге және ертеңгі міндеттерге сай болуы керек»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайды»

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣 2026 жылы Астанада Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы мінберінде экологиялық мәселелерді қозғап, 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте қандай мемлекет басшыларымен кездесті?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌿Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Алатау мұздықтары, Арал қасіреті мен Каспий теңізін қорғау, жерді көгалдандыру мәселелеріне назар аударып, экологиялық маңызды бастама көтерді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM