ТРК Президента
✔
29.1K subscribers
7.32K photos
5.22K videos
994 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
📆Алдағы уақытта Президенттің қатысумен қандай іс-шаралар өтеді?

@ptrkkz
🇰🇿 Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі

🔷 Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома

🔷 Бес жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өсті

🔷 Зерттеу университеттері көбеюде, олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. Қазір 300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды

🔷 Технология парктері және инжиниринг орталықтары құрылуда. Ұлттық Ғылым академиясының беделі нығая түсетін болды. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа кірісті

🔷 Ең бастысы, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрдық. Жалпыұлттық референдумда атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдадық. Шын мәнінде, атом энергиясы – еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі

🔷 Атом саласын зерттейтін ғылыми қалашықтар құруға ерекше назар аудару қажет

🔷 Үкіметтің міндеті – отандық радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ жетекші клиникалар мен университеттер жанынан ядролық медицина орталықтарының желісін құру қажет

🔷 Цифрлық шешімдер ядролық нысандардың қолданыс циклін ұтымды басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шығынды азайтып, барлық процестің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Жасанды интеллект аталған мүмкіндіктерді бірнеше есе күшейтеді

🔷 Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом ғылымын дамыту үшін ұзақ мерзімге арналған ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеуі керек. Құжатта оны қаржыландырудың нақты жолдары көрсетілуге тиіс

🔷 Қазақстан жылына шамамен 113 миллион тонна көмір өндіреді, бұл тұрғыдан алғанда, әлемдегі ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл – біздің актив, жетістік, оны дұрыс пайдалануымыз керек

🔷 АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап

🔷 Лайықты ғалымдарды, әсіресе, жас мамандарды қосымша қаржыландыру керек.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент: «Шын мәнінде, атом энергиясы – еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі. Біз ғана емес, күллі жаһан жұрты осы саланы дамытуға мықтап кірісіп жатыр»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев бір атом электр станциясымен шектелмеу керектігін ескертіп, бұл бағытта жетекші елдердің бірі Қытайдың тәжірибесін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Мемлекет басшысы: «Қазір 31 мемлекетте ядролық энергия өндіріледі. Бұл – әлемдегі әрбір алтыншы ел бейбіт атомның игілігін көріп отыр деген сөз»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Президент: «Я часто говорю, что моя основная миссия – обеспечить безопасность, укрепить суверенитет и Независимость нашего государства, заложить прочный фундамент устойчивого социально-экономического развития страны в это неспокойное время»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝 Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды

🖊 Құжатқа сәйкес Алатау қаласын қандай өзгерістер күтіп тұр?

🔷 Еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болады

🔷 Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылады

🔷 Қытайлық Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады

🔷 Аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналады

🔷 Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілмек

🔷 Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің халықаралық резерві мен Ұлттық қордың активі 116 миллиард доллардан асты. Соның ішінде халықаралық резервіміз рекордтық деңгейге жетіп, 54,6 миллиард доллар болды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
©© Мемлекет басшысы қазір инвестиция, ғылым мен жоғары технологияның уақыты екенін айтты. Сондай-ақ кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады деп санайды

⚠ Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, соңғы жылдары ұлттық ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, бес жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өскен. Сонымен қатар зерттеу университеттері көбейіп жатыр. Қазір 300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏭 Павлодар — металлургия, энергетика және машина жасау салалары дамыған қала. Өңір ХХ ғасырдың ортасынан бастап еліміздің өнеркәсіп саласының ілгерілеуіне серпін беріп келеді. Республикада білікті кадрларды даярлайтын маңызды әрі жетекші орталыққа айналған.

⚠ Президент Телерадиокешені Павлодардың Қазақстан экономикасындағы рөлі, индустрияландыру тарихы мен қазіргі даму барысы бейнеленген деректі фильмді назарларыңызға ұсынады.

📰«Павлодар: Өңір тынысы» деректі фильмін 27 қыркүйек сағат 15:30-да Jibek Joly арнасынан көріңіздер.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇳 «ООН-80. Наш выбор – мир, а не война»

Новый фильм ТРК Президента о визите Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Нью-Йорк и об его выступлении на юбилейной сессии Генеральной ассамблеи ООН.

🎞Эксклюзивные кадры, неожиданные встречи и моменты, о которых не писали СМИ, — всё это в фильме, который покажет закулисье работы ООН и роль Казахстана на мировой арене.

📺 Премьера 28 сентября в 12:30 на телеканале Jibek Joly

@kazinform_news
🇰🇿🇲🇲Мемлекет басшысы Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді

🔷 Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету аясындағы стратегиялық міндеттері туралы мәлімет берді.

🤝 Тараптар екі ел экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы, ІТ және цифрландыру секілді маңызды салаларда өзара ықпалдастық перспективасына тоқталды.

☑ Кездесуде екі ел арасындағы көлік байланысын жолға қоюдың өзектілігіне назар аударылды. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге септігін тигізеді. Сонымен қатар Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық саясаты таныстырылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы Еңбек күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Еңбек күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар.

Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз.

Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз қоғамда адал еңбекті кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелей отырып, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалаймыз.

Жауапкершілігі жоғары, ниеті таза, отаншыл азаматтарымыздың арқасында біз дамыған және өркениетті ел болу міндетін абыроймен орындаймыз деп сенемін.

Қазақстанның барлық азаматтарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 «Павлодар: пульс региона» - документальный фильм о городе, ставшем одним из ведущих индустриальных центров Казахстана.

🏭С середины XX века здесь развивались металлургия, энергетика и машиностроение, заложившие основу промышленного роста страны.

🐆Фильм раскрывает роль Павлодара в экономике Казахстана, его вклад в индустриализацию и современное развитие. Это история города и региона, чьё значение выходит далеко за пределы локального масштаба и определяет стратегическое будущее страны.
 
▶️Смотрите премьеру сегодня в 15:30 на канале Jibek Joly.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇹Италия Президенті Серджо Маттарелланың Қазақстанға ресми сапары

📰Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇹Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

🔷 Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

🔷 Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді

🤝 Мемлекет басшысы Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті. Айтуынша, бұл сапар Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен бұрыннан келе жатқан серіктестікті растайды.

– Президент мырза, Сізді мәртебелі мейман ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз ынтымақтастығымыздың жаңа парағын ашатыны сөзсіз. Қазақстан мен Италия арасында тығыз ықпалдастық орнаған. Сіздің еліңізге құрметіміз ерекше. Өзара сауда дәйекті түрде дамуда. Біздің экономикалық байланыстарымыздың негізі берік. Түрлі саладағы қарым-қатынасымыз жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы ретінде екіжақты ықпалдастықты нығайтуға үлес қосуға әзірмін, – деді Қазақстан Президенті.


☑ Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттары, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝 🇮🇹Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🔷 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті.

– Италия Қазақстанның үш ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Экономикалық ықпалдастығымыз өте қарқынды дамып келеді және оны одан әрі арттырудың әлеуеті зор. Сіздің еліңіздің экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарын құптаймыз. Италияның соңғы жиырма жылда экономикамызға құйған инвестициясы 7,6 миллиард долларға жетті. Бүгінде қазақ жерінде 250 италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔷 Мемлекет басшысы ынтымақтастықты тереңдетудің перспективті бағыттарын айқындады. Оның ішінде аса маңызды шикізат материалдары, мұнай химиясы, машина жасау, көлік-логистика, жеңіл өнеркәсіп, тағам өнімдерін қайта өңдеу, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларына баса мән берілді.

🔷 Тараптар екі ел БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар аясында белсенді ықпалдастық орнатқанын айтты. Жемісті жұмыстардың үлгісі ретінде «Орталық Азия плюс» диалог алаңын, сондай-ақ биыл мамыр айында Астанада өткен «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитін айтуға болады.

🔷 Осы орайда Қазақстан Президенті Астананың орталық көшелерінің бірін саяхатшы Марко Поло есімімен атау жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, мұны қос мемлекеттің берік достығының символы ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

🇰🇿🇮🇹 Мемлекет басшысы Италия Президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді.

– Сіз еліңіздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңіріп келесіз. Бүгінде Италия барлық салада толайым табысқа жетті. Әлемдік көшбасшылар қатарына кіретін мемлекеттің бірі. Еліңізде экономика, инновациялық технология саласында тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Экология, «жасыл» энергетика бағытында озық бастамаларыңыз бар. Италияның терең тарихы, бірегей мәдени мұрасы – бүкіл адамзаттың құнды қазынасы. Сіздер аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарып жатсыздар. Халықаралық мәселелерді шешуге белсене атсалысып келесіздер. Бұл – Сіздің салиқалы саясатыңыздың жемісі. Өзіңіздің басшылығыңызбен Италия алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін, – деді Президент.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM