ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
☑ Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

▫️Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

▫️Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.

▫️Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті.

▫️Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

⚠ Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

☑ Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға ресми сапары

☑ Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Мемлекет басшысы Масуд Пезешкианды күтіп алды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді

– Аса құрметті Президент мырза, Қазақстанға қош келдіңіз! Елімізге алғаш рет ресми сапармен келіп отырсыз. Қазақта «Көрші тату болса – құт» деген жақсы сөз бар. Екі елді қарт Каспий байланыстырады. Қазақстан Иранды жақын әрі бауырлас көрші, Орта Шығыстағы сенімді серіктес деп біледі. Біз қашанда Иранға тілеулеспіз. Қиындықтарға қарамастан қарым-қатынасты үзген жоқпыз. Қазақ-иран байланысының тамыры тереңде жатыр. Қос халықтың тарихы – ортақ, салт-дәстүрі мен мәдениеті – ұқсас. Ықпалдастығымыз ғасырлар бойы жалғасып келе жатыр. Қазақ елі әрдайым Иранды қолдайды, арамызда ешқандай түйткіл, иә болмаса, шешілмеген мәселе жоқ. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор. Қазақстан мен Иран арасында сындарлы саяси диалог қалыптасқан, үкіметтеріміз бірлесіп жұмыс істейді. Өзара уағдаластықтарымыз орындалуда, парламентаралық байланыс та нығайып келеді. Сауда-экономика саласындағы алыс-беріс жылдан жылға күшейіп келеді. Биылғы 10 айда көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға артты. Бұл – әрине, өте жақсы жетістік. Бірақ осы қарқынды тоқтатпай, өзара сауда көлемін ұлғайта түсу қажет, – деді Қазақстан Президенті.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

– Екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 33 жылдан асты. Осы кезеңде тығыз мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Сындарлы саяси диалог құрдық. Үкіметаралық экономикалық комиссия белсенді жұмыс атқаруда. Парламентаралық байланыс жолға қойылды. Ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты, елуден астам келісім жасалды. Халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастығымыз жалғасып жатыр. Бұл дәстүрлі достық пен әріптестігіміздің айқын дәлелі екені сөзсіз, – деді Президент.


▫️Мемлекет басшысы Қазақстан Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын екенін айтты.

▫️Жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған.

▫️Биылғы 10 айдың нәтижесі бойынша аталған бағыттармен тасымалданған жүктің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 53 пайызға артқан.

▫️Президенттер аймақаралық байланысты күшейту үшін көлік-транзит жолдарын одан әрі әртараптандыру, әсіресе, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын бірлесе дамыту мәселелерін талқылады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷 Қазақстан мен Иран президенттерінің бірлескен мәлімдемесі

💬💬 Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі ойлары

▫️Қазақстан мен Иран халықтарының тарихы – тамырлас, салт-дәстүрі мен мәдениеті – ұқсас. Иран мұрағаттарында Қазақ хандығы және қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған

▫️Қазақ тілінде парсы сөздері көп. Ғалымдар тілдік қорымыздағы парсы сөздерінің үлесі 4 пайыз деп санайды

▫️Иран делегациясы әкелген көне қолжазбалардың көшірмелері XVІІI ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналған

▫️Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі. Өткен 10 айда Иранмен сауда-саттық көлемі былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артқан. Қазақстанда 700-ге жуық Иран компаниясы бар

▫️Қазақстанның іскерлік қауымдастығы да Иран экономикасына инвестиция салуда. Кәсіпкерлер тау-кен, көлік-логистика, азық-түлік өндірісіне қатысты түрлі жобаны жүзеге асырып жатыр

▫️Қазақстан теміржолдарды жаңғырту, көлік жолдарын салу, сондай-ақ Каспий теңізі арқылы өтетін кеме қатынасын жандандыру жұмысын қолға алды

▫️Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстау облысы аумағында бірлескен еркін экономикалық аймақ құру туралы ұсынысы құпталды. Бұл қадам Қазақстанда Иран шикізатынан дайын өнім жасауға, оны аймақ елдеріне таратуға мүмкіндік береді

▫️Қазақстан былтыр Иран нарығына 500 мыңнан астам тонна арпа жеткізген

▫️Иран тарапымен бірге Әбу Насыр әл-Фараби мұрасына арналған тарихи-мәдени кешен салу туралы шешім қабылданды

▫️Қазақстан мен Иран халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын алдағы уақытта да жалғастыра береді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады

▫️Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды. XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.

– Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумында сөз сөйледі

🔷Былтыр сауда-саттығымыз 340 миллион доллардан асқан болатын. Биыл бұл көрсеткіш бірнеше есе артады деген болжам бар

🔷Тегеран қаласында Қазақстанның Сауда үйін ашу жөніндегі бастаманың маңызы зор. Бұл бастама отандық өнімдерді Иран нарығына жүйелі түрде жеткізіп тұруға мүмкіндік береді

🔷Инвестиция саласындағы байланысымыз күшейіп келеді. Соңғы 20 жылда Иран Ислам Республикасы Қазақстанға 226 миллион доллардан астам инвестиция салды. Қазір елімізде Иранның іскерлік қауымдастығы ашқан 350-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр

🔷Еліміз Шахид Раджаи портында көлік-логистика терминалын салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан Қазақстан тауарларын әлем нарықтарына тікелей жеткізуге жол ашады

🔷Былтыр агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 220 миллион долларға жетті. Ал биылғы он айдың ішінде астық саудасы 280 миллион долларға жуықтады. Біз ауыл шаруашылығына инвестиция салатын кәсіпкерлерді қолдаймыз

🔷Иранның Solico Group компаниясын ерекше атап өтуге болады. Бұл компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ балаларға арналған тағам өнімдерін даярлау ісін қолға алмақшы

🔷Тағы да атап өткім келеді: біз ынтымақтастық орнатуға қашанда дайынбыз. Сондықтан Иран кәсіпкерлерін бірлесіп жұмыс істеуге, Қазақстанда заманауи өндірістер ашуға шақырамын

🔷Каспий теңізінің тағдыры – өте өзекті мәселе. Бәрімізді алаңдатып отырған мәселені шешу – бес елдің ортақ міндеті. Каспийді суын сақтау үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдап, бірлесіп әрекет етуіміз керек

🔷Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Біз осы бағытта Иран компанияларымен тығыз байланыс орнатамыз деп сенеміз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸 Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысушылармен суретке түсті

@ptrkkz
🤝🏻 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін қозғады

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📜 Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-парсы тарихына қатысты ортақ деректерге тоқталды

@ptrkkz
🇰🇿🇮🇷Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ықпалдастық перспективасы қарастырылды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысы: «Иран делегациясы әкелген көне қолжазбалардың көшірмелері XVІІI ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналған»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ «В иранских архивах сохранились записи о Казахском ханстве и о том, что казахи являются храбрым народом»

Президент Касым-Жомарт Токаев привел ряд сведений по истории казахско-иранских отношений, которые содержатся в копиях рукописей, переданных сегодня Казахстану иранской стороной.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда 700-ге жуық Иран компаниясы бар. Бұл компаниялар негізінен өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM