ТРК Президента
✔
27.1K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
✈️ Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

🤝 Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

🔹 Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды

🔹 Президент ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
 
🇰🇿Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.
 
– Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл «көзіміз жасқа толып» қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.

Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті.

Жүзден астам жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.

Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.

Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның қасиетті парызы.

Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.

Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз.

Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.

Ұлы Жеңіс күні – ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл – ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке.

Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

@ptrkkz
▫️Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
▫️Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды @ptrkkz
▫️Сондай-ақ Мемлекет басшысы Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗓️ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысы Шэнь Хайсюнмен кездесті

🖇Тараптар былтыр Қазақстанда өткен Silk Way Star халықаралық байқауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, биыл Қытайда жалғасын табатын конкурсқа дайындық мәселесін пысықтады. Жобаның бірінші маусымының трансляциясы тек Қытайдың өзінде 1 миллиардтан астам қаралым жинады.

⌨️Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші 2026 жылғы 1-3 қазанда Астанада жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы түсірілген фильмдердің алғашқы халықаралық фестивалі – «Astana AI Film Festival» өтетінін жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-түрік байланысына қатысты айтқан сөздері

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM