ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇰🇷 Біздің Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың атқаратын рөліне тоқталды

– Жалпы, соңғы жылдары парламентаралық диалог айтарлықтай тереңдей түсті. Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы байланыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осындай байланыстарды Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамыта бермек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев


🤝 Президентіміз екіжақты қатынастардың жекелеген аспектілеріне де назар аударды.

– Қазақстанда шамамен 120 мың корё-сарам қауымы, яғни этникалық корейлер тұрады. Олар халықтарымыз арасындағы достықтың «алтын көпірі» десек, артық болмайтын шығар. Өзіңізге белгілі,
келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толады
. Бұл – тарихи уақиға. Екі мемлекет бірлесіп, осы айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек, – деді Президент.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Kazakhstan – Korea
Together towards a brighter future

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️ Біздің Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен қазақ этноауылына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.

🤝 Этноауыл көрінісі қазақ-корей қарым-қатынасының нығайып келе жатқанын және екі ел ықпалдастығындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөлге ие екенін айғақтады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌳 «Таза қала» Балқаштың жаңа қырын көрсетеді

Бұл жолы «Таза қала» түсірілім тобы Балқашқа аттанды. Бір жағында – өндірісімен танылған шаһар, екінші жағында – бірегей табиғатымен ерекшеленетін Балқаш көлі.

Балқаш көлінің жағалауы, туристік инфрақұрылым, демалыс орындары және қаланың өзекті мәселелері – жаңа шығарылымның назарында.

📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Біздің Президент Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті

Президент отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.

🤝 Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде сөз сөйледі

▫️Бұл диалогтың тарихы тереңде. Оған осыдан жиырма жыл бұрын корей тарапы бастамашы болған. Бүгінде ықпалдастық форматы жоғары саяси деңгейге көтерілді

▫️Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі алғаш рет 10 миллиард доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі

▫️Қазақстан өз аумағы арқылы тасымалданатын транзиттік жүк көлемін 100 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді

▫️Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар, ал көмірден алынатын қуат электр энергиясы өндірісінің 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Сондықтан «таза көмір» технологиясын енгізуге айрықша басымдық береміз

▫️Кореямен бірқатар бірлескен бастама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Түркістанда Woosong университеті ашылды, Қызылордада SeoulTech университетімен бірге Жасанды интеллект институты құрылды. Алатау қаласында орналасатын KAIST, яғни Корея озық технологиялар институты филиалы өзара серіктестігіміздің серпінді жобасы болуға лайық

▫️Қазақстанның ресурс базасы айтарлықтай мол. Сирек кездесетін металдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енеді. Корея стратегиялық санатқа жатқызатын 10 минерал түрінің бәрі де елімізде бар

▫️Қарапайым тілмен айтқанда, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумулятор, электромобиль мен роботты техника бөлшектерін өндіруге көшуіміз керек. Бұл міндетті орындау үшін бірлескен қазақ-корей компаниясын құруды ұсынамыз

▫️Жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
✔️ ТРК Президента и The Korea Times подписали меморандум о сотрудничестве

ТРК Президента РК и старейшее англоязычное издание Южной Кореи The Korea Times договорились развивать медиапартнерство.

🤝 Стороны будут обмениваться информационными и аналитическими материалами, продвигать контент и реализовывать совместные медиапроекты.

📝 Меморандум подписан в рамках государственного визита Касым-Жомарта Токаева в Республику Корея.

@kazinform_news
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі

🔹Қазіргі уақытта Қазақстан мен Корея құны 4 миллиард доллардан асатын 51 жобаны жүзеге асырып жатыр. Былтыр елімізде 170 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі шамамен 18 пайызға өсті

🔹Біз Корей Үкіметі стратегиялық басымдыққа ие ресурстар деп таныған мыс, хром, титан және басқа да элементтерді өндіреміз. Ал Кореяның озық технологияны өркендетуде мол тәжірибесі бар

🔹Технологиялық серіктестігімізді жаңа әрі сапалы деңгейге шығару үшін Астанадағы Alem.ai базасында «Орталық Азия – Корея» озық технологиялар орталығын құруды ұсынамыз

🔹Агроөнеркәсіп өнімдеріміз әлемнің 70-тен астам еліне жеткізіледі. Экспорт көлемі 7 миллиард долларға жетті. Қазақстан жер ресурстарына бай

🔹Қазақстан корей компанияларына үлкен нарық ұсынып қана қоймай, өндіріс орындарын ашуға, технологияларды енгізуге және Еуразия нарығына шығуға мол мүмкіндік береді

🔹Орталық Азияның өзара байланысын нығайту өңірдің экономикалық әлеуетін толық танытады, халықаралық бизнеске жол ашып, ауқымды бірлескен жобаларды іске асыруға тың серпін береді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷Біздің Президент:

Қазақстанның ресурс әлеуеті мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін үйлестіру өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Мемлекет басшысы:

Корея бизнесін, әсіресе, Doosan, KEPCO E&C және Midland Power компанияларын көмір генерациясын жаңғырту жобаларын бірлесе жүзеге асыруға, сондай-ақ ауаға таралатын зиянды заттарды реттеу технологияларын енгізуге шақырамын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝Наш Президент:

Республика Корея – один из лидеров глобальной технологической гонки. Казахстан также стал активным участником цифровой трансформации

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM