ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🤝🏻🇩🇪 ҚР Президенті: Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз

📰 «Handelsblatt» неміс іскерлік басылымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
 
– Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысқан Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі

🔹Бүгінде аса маңызды материалдар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, озық технология бағыттары күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптар саналады. Қазақстан мен Германия дәл осы салаларда күш-жігер жұмылдырып, елеулі нәтижеге қол жеткізе алады

🔹Жекелеген табысты жобалармен шектелмей, өнеркәсіп саласындағы жүйелі серіктестікке көшкеніміз жөн. Еліміз осы мақсатта Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуға әзір

🔹Мақсатымыз айқын: Қазақстанда жаңа салалардың пайда болуына септігін тигізетін, коммерциялық тұрғыдан өміршең жобаларды іріктеп алу, неміс технологиясы мен білімін меңгеру, өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару

🔹Германияға сенімді және бір бағытқа тәуелді болмайтын шикізат жеткізу жолдары қажет. Ал Қазақстан қосылған құны жоғары өнім тізбегін қалыптастыру үшін инвестиция мен озық технологияға мүдделі

🔹2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің алыс-берісі 23 пайызға ұлғайған, ал Қазақстаннан Германияға экспортталатын аграрлық өнімдер 38 пайызға артқан. Ендігі қадам – қосылған құны жоғары өнім шығарудың бүкіл тізбегі енетін ортақ жобаларды іске асыру

🔹Неміс компанияларын деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, қазақстандық серіктестермен бірге тау-кен, энергетика және логистика салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге шақырамын

🔹Қазақстан-Германия өндірістік құзыреттер орталығының желісін құруды ұсынамыз

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің Президент Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді
 
▫️Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады

▫️Өнеркәсіп, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ машина жасау, химия өнеркәсібі секілді қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын салаларда серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар

▫️Халықаралық құрылымдар, соның ішінде «Орталық Азия – Германия» форматы аясында белсенді байланыс қарқынын сақтауға уағдаласты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Президент пен Канцлердің келіссөзі екі ел делегациясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германияның стратегиялық серіктестігі берік саяси диалогқа, ортақ экономикалық мүддеге және халықтар арасындағы тығыз байланысқа арқа сүйейтінін айтты.

– Өзара сауда-саттық көлемі өткен жылы 13,4 пайызға ұлғайып, 4,5 миллиард долларға жетті. Германияның соңғы 21 жылда елімізге салған инвестициясы 8 миллиард долларды межеледі. Осы ретте германиялық инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша бақылауда екенін айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇰🇿🇩🇪Келіссөз соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фридрих Мерц БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады
 
▫️Келесі жылы екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Содан бері біздің серіктестігіміз барлық деңгейде дәйекті түрде дамып келе жатыр

▫️Келіссөздер аясында жалпы құны шамамен 2 миллиард доллар болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды

▫️Біз кез келген шиеленісті бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу қажет деп есептейміз. Бұл – екі елге де ортақ ұстаным

▫️Біз «Орталық Азия – Германия» форматындағы диалогті одан әрі дамытуға келістік. Қазақстан Германиямен ұзақмерзімді, өзара тиімді және нақты нәтижеге негізделген стратегиялық серіктестікті күшейте түсуге ниетті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📑 Біздің Президент Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

▫️Бүгінде Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Екі мыңға жуық қазақстандық студент Германияда білім алады. Қазіргі кезде елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктес өкілдігі  бар

▫️Біз дәстүрлі қалыпты өзгертіп жатырмыз. Жастарды шетелге білім алуға жіберудің орнына Қазақстанға озық халықаралық жоғары оқу орындарының стандарттары мен бағыттарын әкелуге кірістік

▫️Елімізде Кардифф университетінің, KAIST және Колорадо тау-кен мектебінің өкілдіктері жұмыс істейді. Қазір елімізде 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алады. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз

▫️Университеттер өндірістен алшақтап кетпеуі керек. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды ойлап табуға түрткі болуға тиіс. Ал білім беру жүйесі экономиканы біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етуі қажет

▫️Екі ел студенттері мен зерттеушілерінің бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беру маңызды. Осы орайда елдеріміздің арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын

▫️Қазақстан Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылған мүше ретінде қосылу үшін келіссөз бастады. Мақсатымыз – еуропалық зерттеу кеңістігіне кірігу

▫️Биыл Horizon Europe бағдарламасының 7,5 миллион еуро қаржылай қолдауымен және Фрайберг тау-кен академиясының үйлестіруімен іске қосылған жоба Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Үлбі металлургия зауытын бір іске жұмылдырды

▫️Технологияға әуес жастарымыз неміс компаниялары мен зерттеушілеріне сенімді серіктес бола алады. Қазақстан қолданбалы цифрлық шешімдер мен Индустрия 4.0 технологиясын сынақтан өткізетін алаң ұсынады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президентіміздің Германияға ресми сапарының бірінші күні

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Біздің Президент:

2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жетті. Биыл да оң қарқын сақталып отыр

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Ендігі қадам – қосылған құны жоғары өнім шығарудың бүкіл тізбегі енетін ортақ жобаларды іске асыру – Президент

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷Мемлекет басшысы:

Оны озық жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланыстыруға болады. Яғни әрбір ірі инвестициялық жоба кадр даярлайтын алаң болуға тиіс деген қарапайым қағидатқа сүйенген жөн

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷Қасым-Жомарт Тоқаев:

Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✉️Корреспондент телеканала Jibek Joly Дильназ Ерланова спросила у Главы государства, как он оценивает характер сотрудничества между Казахстаном и Германией в преддверии 35-летия установления дипломатических отношений

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝Келісімшарттар тиімді жүзеге асырылса, екі елдің ынтымақтастығы бекемделе түсетіні анық – Біздің Президент

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM