Qalaisyn Student 🇰🇿
4.35K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
👋 Сәлем, студент!

✔ Стипендия барлық университеттердің көрсеткен банк шоттарына кеше аударылды.

❗Егер сізге стипендия түспеген болса, ЖОО атауын, ТАӘ және ЖСН көрсете отырып, Қаржы орталығының инстаграм парақшасының директісіне хат жазу арқылы анықтауыңызға болады.

🖇️ Қаржы орталығы инстаграмы: https://www.instagram.com/fincenter.kz?igsh=MWI3MzRidTZwa2N1dg==
👍7❤3
📚 IELTS-ке дайындалуға арналған 6 тегін ақпараттық ресурс

Сіз IELTS тестін тапсыруды жоспарлап жүрсіз бе❓ IELTS-ке қалай тиімді және жылдам дайындалуға болады❓ IELTS кітаптарын қайдан табуға болады❓

Арнайы сіздерге IELTS-ке онлайн дайындалуға арналған сайттардың топтамасын әзірлеп қойдық 👇

GlobalExam
Бұл студенттерге IELTS, TOEFL, DELF, TOEIC сынды әртүрлі емтихандарға дайындалуға көмектесуге бағытталған әмбебап халықаралық портал.

IELTS Exam
Бұл танымал порталда сіз IELTS емтиханы туралы білуіңіз керек барлық нәрсені таба аласыз. Тест сипаттамалары, тапсырмалар, грамматика, дайындық бойынша кеңестер мен мысалдар. Ақпараттық тұрғыдан өте пайдалы ресурс.

Polyu
Бұл IELTS-ке дайындалу үшін өте ыңғайлы және қолдануға оңай сайт. Сайттың барлық ресурстары төрт негізгі бөлім бойынша сұрыпталған: сипаттама, дайындық бойынша кеңестер және өзін-өзі тексеру және тәжірибе үшін IELTS тест тапсырмалары.

EngVid
Бұл сайтта ағылшын тілінің сөздік қоры мен грамматикасын тез жақсартуға көмектесетін жүздеген тегін видеолар бар. Пайдаланушыларға идиомалар мен екпін арасындағы айырмашылықтар сияқты ерекше күрделі тақырыптарға арналған бейнелер де қол жетімді.

Cambridge IELTS Library
Бұл - IELTS-ке өзін-өзі дайындауға арналған Cambridge кітаптарының барлық нұсқалары мен шығарылымдары жиналған арнайы Telegram-арнасы.

IELTS MASTER
IELTS емтиханын компьютерде тапсыруды жоспарлаған дайындалушыларға арналған өте ыңғайлы онлайн-симулятор.

Біздің ақпаратымыз пайдалы болса сізден лайк, пікір ❤️
❤10👍3🔥1
IELTS тақырыбын жалғастырып, ағылшыннан шағын тест жасап, миды шынықтыруға қалай қарайсың ❓
👍8❤2
🍎 Give me …. , please.
Anonymous Quiz
58%
an apple
28%
apple
15%
the apple
📚 A new book …. by that company next year.
Anonymous Quiz
34%
is publishing
47%
will be published
19%
will publish
🌆 I …. to Astana tomorrow; I will phone you when I arrive.
Anonymous Quiz
42%
am coming
27%
will be coming
31%
will come
😁2
⚜📚 QyzPU, жаңа заманауи кітапханаң құтты болсын!

Жаңартылған кітапхана студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін заманауи білім беретін мәдени орталыққа айналмақ.

Әдемі бопты 😍 Мынадай кітапханаға қызығып қарап отырмыз ✨
❤47💅7🔥2
👏 Керемет!

🇰🇿 Қазақ тілі Оксфордта

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның оқу бағдарламаларына қазақ тілін енгізуге бағытталған Oxford Birsöz жобасы аясында Қазақстанның Оксфорд университетімен ынтымақтастығы туралы сұхбат берді.

Вульфсон колледжімен және Oxford Birsöz бастамасымен жасалған келісім шеңберінде Қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасын құру жоспарлануда

Бұл жоба қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған және цифрлық дәуірде қазақ тілін сақтау үшін үлкен тілдік AI-моделін әзірлеуді қамтиды.

⏭️ https://vm.tiktok.com/ZMhCQtwkw/
❤4👍4🔥4
🎉 Апта жақсы жаңалықпен басталды!

🏆 Astana IT University студенттері Нұраим Қуандық пен Нұрлан Абзалбеков Қытайдан алтын алды!

#⃣1⃣ Студенттеріміз ғылыми-технологиялық, индустриялық инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Бір белдеу, бір жол" халықаралық байқауында 1 орынды иеленді.

✔ Финал 26 қазан мен 02 қараша аралығында Сиань қаласында өтті, оған Жапония, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Қытай және т.б. 14 елден 579 жоба қатысты. 60 мың өтінім берілді.

🛸 Біздің студенттер байқауда "EnergyDrones AI" деп аталатын жоба ұсынды. Бұл UAV (дрондар) және жасанды интеллект көмегімен күн панельдерін сынауға арналған веб-платформа.

Құттықтаймыз👏👏👏
❤11🏆6👍4🎉1
🎉🏆 Қазақстандық студенттер тағы да үздік атанды!

🔬 Назарбаев Университеті (NU) студенттерінің жобасы iGEM халықаралық байқауында «Онкология саласындағы үздік жоба» ретінде жеңімпаз деп танылды.


Парижде өткен байқауда NU командасы әлемнің жетекші университеттерінің биологтар командаларын басып озды. Жас зерттеушілер сүт безі қатерлі ісігінің дақтық терапиясы үшін арнайы гель ойлап тапты.

iGEM (International Genetically Engineered Machine) халықаралық синтетикалық биология байқауында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер инновациялық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады. Қатысушылар қазіргі ғылыми және әлеуметтік мәселелерді шешетін генетикалық түрлендірілген ағзаларды жасайды.

iGEM NU командасы 11 ай бойы сүт безінің карциномасына арналған мақсатты бактериотерапияның инновациялық әдісі — Sanagel бойынша жұмыс істеді.

Айта кетейік, 24 адамнан тұратын NU командасы Гарвард, Оксфорд және MIT сияқты 50-ден астам елден келген оқу орындарының 437 командасымен чемпиондық үшін жарысты.
👍11❤9🔥3
🖖🏻 Qalaisyn, Student❓
❤14👍4🤯2🥰1😁1
🤯 Алматылық студенттер,
жер сілкінісін сездіңдер ме ❓
🤷‍♂26❤12😨8👍5😁2👎1