қар қызы
287 subscribers
17 photos
3 videos
1 link
қар және мен, бізде шексіз махаббат 🤍
Download Telegram
Бір анық білгенім, адамдардың кейбір ұнамсыз әрекеттеріне немесе сөздеріне жауап берсем, ол ештеңені өзгертпейді. Адамның өзі де, лас ішкі дүниесі де өзгермейді. Кейде бәрін сол күйінде қалдырған дұрыс.

Адамдарды жіберу, дауласпау, түсініктеме сұрамау, жауап іздемеу және адамдардың сенің қандай екеніңді түсінуін күтпеу. Айналаңда болып жатқан нәрселерге емес, ішіңде болып жатқан нәрсеге назар аударсаң, өмір жақсырақ өтетінін мен біртіндеп түсініп келем.
Өзіңмен және ішкі әлеміңмен жұмыс жаса - бұл ең бастысы.
❤14
Жеңіліс пе? Жеңдің бе әлде? Кім ұқты?
“Өмір ғой” деп жүрек тағы шынықты.
Әрбір жолы сынға толы жалғанда,
Ішкі рухын сындырмаған, сол мықты!
Жақсы ма, жаман ба әлде? Кім білсін?!
Мейлі ойың сан тарапқа бөлінсін.
Ең бастысы - тәубеңе кел ұмытпа!
Тағдырыңның төрешісі - өзіңсің.
Оңай емееес, түсінемін мен сені.
Көңіл кеме мың құлады, теңселді.
Жылағанмен жеңілдемес жағдайың,
Өмір жалғыз! Көтер қане, еңсеңді!
Тимес үшін адамдарға кесірің,
Дұға ету болсын жалғыз шешімің.
Өзің және өзге үшін пайдалы,
Ең әдемі әрекетің - кешірім.
Көңіліңде үміт гүлі солмасын,
Ақыл менен жүрек болсын жолдасың.
Кім болсаң да менің саған айтарым,
Сен, әлі-ақ бақытты жан боласың!

📝: ru
❤15
Бақытты боп көрінгенмен адамдар,
Жасалса да жасан күлкі, амалдар.
Барлығының бір дерті бар жасырын,
Жүрек бар ма, айтшы, соны бағамдар?
Өзімшілміз, өзге мұңын көрмейміз.
Өзгермеймін, осындаймын, көн дейміз.
Сол ренжіткен адамдарды ойлашы,
Бәлкім соңғы көріп тұрмыз, білмейміз….
Тақса дағы тарапыңа көбі мін,
Бұрыңғыдай болмаса да көңілің,
Кешіру мен ұмытуды қатар қой,
Сонда ғана жеңілдейді өмірің.
Аздырады өтірік пен қулық,
Ал әлемге жетіспейді жылулық!
Расымен де, жаныңа нұр сыйлайтын,
Жылы жүрек - қартаймайтын сұлулық!
Бақыт деген - шүкірліктің қонағы.
Сабыр қылсаң, арнасына толады.
Ақ пен қара қатар жүру заңдылық,
Күте білші, бәрі жақсы болады.
❤15
енді өлеңдерімді заметкида емес, арнама салып тұрам деп шештім
❤17
Шынайы тану үшін, білу үшін, көру үшін және сүю үшін - бір жүздесу заңдылық…)
❤17
кей адамдармен болған 1 минуттық әңгіменің өзі керемет екен байқасаң. бүгін сондай бір күн болды. өзімді ерекше бақытты сезініп отырмын. айналама тек жүзі жылы, игі адамдарды жинағым келеді. өмірлік мақсатым осы.
❤17
Байқағаным, жаныңда жүрегіңді жылытатын, көңіліңді қуантатын жандар жүргенде ұялы телефонға уақыт расымен мүлде жоқ екен. Ал керісінше жағдайда, бас көтере алмайтындай…
❤12
Дұрыс адамды таңдап, бір-біріңді жақсы көріп, үйлесіммен өмір сүруге неге тырыспаймыз?

Кейде мықты бір брендтің тері күтімін қолданып жүріп, жаңасы шықса — соған ауысамыз. Одан кейін тағы бірі шығады — тағы ауысамыз. «Жаңалықтан қалып қоймайын» деп жүріп, өз терімізді шаршатып аламыз. Адамдармен қарым-қатынаста да солай. Біреу бір нәрсе айтты екен деп, «а, солай екен ғой» деп соңынан ере берудің қажеті жоқ. Өз ойың, өз таңдауың, өз ұстанымың болғаны дұрыс. Бұл жігіттерге де, қыздарға да қатысты. Көзіңді, қолыңды, көңіліңді де тыйып, бір адамды шын сүйіп, соған адал болып өмір сүрсең — өзіңнің де, елдің де алдында абыройың артады. «Анау менеен әдемірек екен», «мынау ақылдырақ», «оның мінезі жақсырақ», «мынаның тұрқы келісті», «одан да тәрбиелісін табармын» деп үнемі артығын іздей берсең, қолыңдағының қадірін білмей, бәрінен айырылып қалуың мүмкін.

Өміріміз «анау бүйтті, мынау сүйтті», «осындай болғым келеді» деп әркімге еліктеумен өтіп кетпесінші. Өз өміріңді өзің сүр. Өз таңдауыңа жауап бер. Біреудің сөзіне емес, өз жүрегің мен ақылыңа сүйен.

Дұрыс адамды таңдасаң — оны күн сайын қайта таңдаудан қорықпа.

Сүйіңдер. Көріңдер. Қателесіңдер. Бірақ өздеріңді жоғалтпаңдар.
❤19
Жылы сөздер, құшақ, сағыныш, т.б адамдардың бір-біріне деген таза сезімі. Адамның бәрі өзінше болса не болмақ мына өмір? Сол үшін көреалмаушылық, іштарлық, қызғаныш секілді әдеттерімізді қояйық. Тәкәппарлықтан ада болайықшы. Және өмір адамдармен құнды екенін ұмытпайық.
❤15
Еш дүниенің ертесі де, кеші де жоқ. Бәрі уақытымен, бабымен. Бұйырса бәрі бұйырады.
❤15
Түсінемін, күте беру қажытты.
Дамылдағын, асықтырма уақытты.
“Қалауыма жетемін” деп тезірек,
Байқамассың басыңдағы бақытты.
Арман үшін мұқалмасын төзімің!
Жасыл жаздай жарқын болсын көңілің!
Дүйсенбі мен жексенбінің арасы,
Зулап жатқан сенің осы өмірің.
Өз жаныңды неге мұнша сынайсың?
Бөлек әлем, бір сүйкімді шырайсың!
Жақын адам, тамағың тоқ, денің сау,
Ал сен болсаң, болмашыға жылайсың.
Қанша адам өз қадірін ұғынды?
Сен биіксің, еш түсірме құныңды!
Ашсаң егер болмысыңның сырларын,
Жарқын күндер алмастырар мұңыңды.
Қар ерісе - күн нұрының жеңісі.
Жақсылық та - оң көзқарас жемісі.
Ғалам - шексіз, ал шектеулер тек қана,
Мида құрған ойларыңның желісі.

📝: ru
❤17
күні бойы жүзімізден күлкі кетпес үшін, қыздарға бір-екі жылы сөздің өзі жеткілікті.
❤24
“сені кеше мақтады ғой”

сен жоқта сені жамандайтын емес, мақтап жүретін адамдардың болуы бөлек бір бақыт екен.
❤17
көшеде кетіп бара жатып, ғимаратқа кірерде танымаса да есік ашып, дүкенде кезекте тұрғанда "өте беріңіз, мен сізден кейін бола саламын" дейтін жігіттерге жұмақта арнайы орын бар.
❤21
Өмір деген қызық, иә?
Кейде өмір сүріп жүріп, өміріме қарап, таңғалып қалам. Қазір араласып жүрген адамдармен араласам деген ой менде мүлде болмапты. Әрбіріміздің өмірімізде жүздеген, мыңдаған адам бар. Өткенге кеткендері бар, қазіргілері бар және болашақта бізді күтіп тұрғандар бар. Соны ойлаудың өзі қызық. Не болса да өмірде кездейсоқ жағдай жоқ қой. Сол үшін әр таныстық, әр достықтың бізге үйретері бар шығар. Әр адамнан алатынымыз бар шығар. Ең бастысы, біз, бір-бірімізде бармыз. Сол нәрсені білудің өзі көп нәрсені түсінуге көмектесері анық.

Сондықтан өзімізді, өмірді бағалайықшы.
❤18
"Адамның қадіріне жету - өмірлік өкініштен сақтайтын басты қасиет" деп білем. Өмірде сені жанымен жақсы көретін және себепсіз іздейтін жандарды бағала. Хабарын біліп, іздеп бар. Адамдар тез алыстайды, бірақ тез жақындамайды. Бүгін іздемеген, я көңіл бөлмеген адамыңды ертең бұл әлемнен таппай да қалуың мүмкін...
❤13
Сенің де қателесуге құқығың бар. Ал адамдардың айтқан сөздеріне мән берме. Себебі сен көрген дүниелерді сенен басқа ешбір адам сенің көзіңмен көрмеді. Басқалар... олар өзгенің қателігін бетіне басқанды ұнатады. Өзгелердің сөзі саған таяқ болып емес, сабақ болып тисін. Әрбір қатты айтылған сөз жаман болса да саған ММОТИВВАЦИИЯ.
❤15
Қателік = тәжірибе.
❤14
Жүрегіңді таза ұста, пейіліңді тарылтпа. Алламен бірге болсаң, Алла сені қорғайтынына, қолдайтынына, ризықтан кем де қылмайтынына күмәнің болмасын.
❤12
Неше түрлі адам, ой, пікір, мінез, сөз бар. Пейіл ақ болса бәрі түзу. Болмаған жағдайда сөздің салмағы ауыр.

«қазбалай берсең пенденің бәрі қап-қара, ақ пейіліңмен ағартып ал да аралас»
❤9