АО «НК «QazaqGaz»
✔
2.29K subscribers
2.52K photos
420 videos
4 files
402 links
Официальный информационный канал группы компаний АО «НК «QazaqGaz».

https://qazaqgaz.kz
Download Telegram
QazaqGaz Energy Trends конференциясында: газ саласын дамытудың негізгі бағыттары
 
Energy Trends салалық конференциясында«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары, сондай-ақ департаменттер мен еншілес кәсіпорындардың басшылары отандық газ секторын жаңғырту мен дамытудың кешенді стратегиясын таныстырды.
 
Спикерлер өз сөздерінде елдің энергетикалық тұрақтылығының кепілі саналатын геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру арқылы ресурстық базаны толықтыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ұлттық компания өңірлерді газбен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы газ инфрақұрылымын жаңғыртуға және жаңа магистралдар салуға бағытталған инвестиция көлемін ұлғайтуда.
 
Коммерциялық және қоғамдық көлікті неғұрлым экологиялық таза әрі үнемді газ-мотор отынына көшіруді ынталандыратын Автоматты газ толтыру компрессорлық станцияларының (АГТКС) желісін кеңейту де маңызды жұмыс бағытының бірі болып қала береді.
 
Саланың ішкі тиімділігін арттыру үшін QazaqGaz газды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізе отырып, цифрландыру үдерістерін жеделдетуде. Бұл ретте пікірталасқа қатысушылар тариф саясатын реформалауды сектор тұрақтылығының негізгі шарты деп атады. Экономикалық негізделген әрі теңгерімді тариф моделіне көшу энергоресурстың халық пен бизнес үшін қолжетімділігін сақтай отырып, инфрақұрылымға қажетті инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
👍3
QazaqGaz на конференции Energy Trends: ключевые векторы развития газовой отрасли
 
На отраслевой конференции Energy Trends заместители Председателя Правления, а также руководители департаментов и дочерних предприятий АО «НК «QazaqGaz» представили комплексную стратегию модернизации и развития отечественного газового сектора.
 
В своих выступлениях спикеры уделили особое внимание восполнению ресурсной базы за счет активизации геологоразведочных работ, что является залогом энергетической стабильности страны. Параллельно с этим нацкомпания масштабирует инвестиции в модернизацию действующей газовой инфраструктуры и строительство новых магистралей для повышения надежности поставок в регионы.
 
Значимым направлением работы остается расширение сети автомобильных газонаполнительных компрессорных станций (АГНКС), стимулирующее перевод коммерческого и общественного транспорта на более экологичное и экономичное газомоторное топливо.
 
Для повышения внутренней эффективности отрасли QazaqGaz ускоряет процессы цифровизации, внедряя современные системы учета газа. При этом ключевым условием устойчивости сектора участники дискуссии назвали реформу тарифной политики - переход к экономически обоснованной и сбалансированной модели тарифов позволит привлечь необходимые инвестиции в инфраструктуру, сохранив доступность энергоресурса для населения и бизнеса.
❤1
Forwarded from 
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

🔹Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

🔹Президентке тұрғындарды және ел экономикасын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ QazaqGaz ұлттық компаниясының 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына толық дайындығы туралы мәлімет ұсынылды.

🔹Әлібек Жамауов Мемлекет басшысының геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шалқар, Саралжын, Малдыбай, Солтүстік-2, Солтүстік-1 және Аққұдық, Придорожное учаскелерінде жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

🔹Қуаты жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын өңдеуге жететін Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Өндіріс нысанын пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.

🔹Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша инженерлік жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу жұмыстары қолға алынып, құрылыс-монтаждау кезеңі басталды.

🔹Жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдеуге қауқарлы Қашаған газ өңдеу зауыты және жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобалары бойынша ЕРС-мердігерлер анықталды.

🔹Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы салаға цифрлық шешімдер енгізу жөнінде ақпарат берді.

🔹Aqyl Energy бастамасы аясында жасанды интеллект пен деректерді талдау элементтерін қолдана отырып, газбен жабдықтауды есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жүзеге асырылып жатыр.

🔹Газды есепке алуға арналған 1,3 миллионнан астам аспап интеллектуалды есептегіштерге кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

🔹Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық компанияның жоспарымен танысты.

Соған сәйкес, солтүстік өңірлерге – Көкшетау және Петропавл қалаларына көгілдір отын жеткізу, газ-моторлы отын нарығын дамыту, Рудный қаласында жылына 50 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін аз тонналы зауыт салу, 4-ші жерасты газ қоймасының құрылысын жүргізу жұмыстары басталды.

🔹Кездесу соңында Президент жылыту кезеңінде тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
Forwarded from 
🔹Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «НК «QazaqGaz» Алибека Жамауова
 
🔹Глава государства был проинформирован о результатах деятельности национальной компании за 2026 год и о планах на ближайшие годы.

🔹Президенту было доложено об обеспечении природным газом населения и экономики страны, а также о полной готовности национальной компании QazaqGaz к отопительному сезону 2026-2027 годов.

🔹Как сообщил Алибек Жамауов, в рамках исполнения поручений Главы государства по активизации геологоразведки ведутся работы на участках Шалкар, Саралжын, Малдыбай, Северный-2, Северный-1, Аккудук и Придорожное.

🔹Касым-Жомарту Токаеву рассказали о реализации крупных инфраструктурных проектов.

🔹Продолжается строительство газоперерабатывающего завода на месторождении Кашаган мощностью 1 млрд м³ газа в год, срок ввода в эксплуатацию запланирован на ІІІ квартал 2027 года.

🔹По проекту строительства второй нитки магистрального газопровода Бейнеу – Бозой – Шымкент ведутся работы по инженерному проектированию, закупке оборудования и материалов, начаты строительно-монтажные работы.

🔹По проекту строительства ГПЗ Кашаган мощностью 2,5 млрд м³ газа в год и по Карачаганакскому ГПЗ мощностью 5 млрд м³ газа в год определены ЕРС-подрядчики.

🔹Председатель правления АО «НК «QazaqGaz» также представил информацию о внедрении цифровых решений в газовой отрасли.

🔹В рамках инициативы Aqyl Energy осуществляется цифровизация процессов учета и управления газоснабжением с применением современных технологий, включая элементы искусственного интеллекта и аналитики данных.

🔹Продолжается поэтапная замена более 1,3 миллиона приборов учета газа на интеллектуальные счетчики.

🔹Кроме того, Глава государства был проинформирован о планах национальной компании по газификации северных регионов – Кокшетау и Петропавловска, развитию рынка газомоторного топлива, строительству малотоннажного завода по производству СПГ в Рудном мощностью 50 тыс. т/год, старту строительства 4-го подземного хранилища газа.

🔹По итогам встречи Президент дал ряд поручений, направленных на обеспечение стабильного газоснабжения населения и экономики в отопительный период, продолжение работ по расширению ресурсной базы товарного газа.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
Бүгінгі постта БҚО ең ірі газ тасымалдау және инфрақұрылымдық объектілердің бірі туралы айтамыз. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» Магистралдық газ құбырлары басқармасының жұмысы туралы толығырақ карусельде.
👍1
В сегодняшнем посте расскажем об одном из крупнейших газотранспортных и инфраструктурных объектов Западно-Казахстанской области. Подробнее о работе Управления магистральных газопроводов «Уральск» АО «Интергаз Центральная Азия» - смотрите в карусели!
QazaqGaz Қашағанда жаңа ГӨЗ салу үшін EPCC-келісімшартқа қол қойды

6 қарашада «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ҚХР-на жұмыс сапары аясында Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізді.

Кездесудің басты нәтижесі - нысанды жобалауға, жеткізуге, салуға және пайдалануға беруге арналған шартқа қол қою болды (EPCC-келісімшарт). Құжат ұлттық компанияның еншілес ұйымы - «QazaqGaz Processing» ЖШС мен құрамына China National Chemical Engineering Sixth Construction Company - Kazakhstan Branch, China Wuhuan Engineering Corporation Ltd., «AVC Production» ЖШС және «C-NRG (Синерджи)» ЖШС кіретін консорциум арасында жасалды.

Жаңа зауыттың құрылысы Қазақстан үшін стратегиялық маңызды және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда. Кәсіпорынды іске қосу Қашағаннан шикі газды қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға, сондай-ақ ішкі нарықты тауарлық газдың, сұйытылған көмірсутекті газдың (СГГ) және күкірттің қосымша көлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық әлеуетін нығайтады.
👍1
QazaqGaz подписал EPCC-контракт на строительство нового ГПЗ на Кашагане

6 ноября в рамках рабочей поездки в КНР Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Алибек Жамауов провел переговоры с китайскими партнерами по проекту строительства газоперерабатывающего завода мощностью 2,5 млрд м³/год на базе сырья месторождения Кашаган.

Главным итогом встречи стало подписание договора на проектирование, поставку, строительство и ввод объекта в эксплуатацию (EPCC-контракт). Документ заключен между дочерней организацией национальной компании - ТОО «QazaqGaz Processing» - и консорциумом, в состав которого вошли China National Chemical Engineering Sixth Construction Company - Kazakhstan Branch, China Wuhuan Engineering Corporation Ltd., ТОО «AVC Production» и ТОО «C-NRG (Синерджи)».

Строительство нового завода стратегически важно для Казахстана и реализуется во исполнение поручения Главы государства. Запуск предприятия позволит существенно нарастить объемы переработки сырого газа с Кашагана, а также обеспечить внутренний рынок дополнительными объемами товарного газа, сжиженного углеводородного газа (СУГ) и серы, что укрепит энергетическую безопасность и экономический потенциал региона.
👍10❤2