Qazaqparat
✔
11.1K subscribers
36K photos
7.02K videos
10 files
31.2K links
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Download Telegram
🔥Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Алматы облысы Талғар ауданында, Бәйтерек ауылының маңындағы иесіз карьер аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілмеген полигонында қоқыс өртенді.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары екі лафеттік оқпанның көмегімен жүргізіліп жатыр.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥊Жәнібек Әлімханұлы 23 қаңтарда әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Даниялық Primetime Boxing промоутерлік компаниясы отандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасындағы әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекті ресми түрде жариялады.

🧷Екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO тұғыры үшін тартысты кездесу 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷Ердоған Ататүрік әуежайын әлемдегі ең ірі технологиялық хабқа айналдыруды ұсынды

✈️Түркия 2030 жылға қарай жалпы құны 100 миллиард доллар болатын 100 000 технологиялық стартап құруды мақсат етеді. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен 13-ші Түркия экспорттаушылар қауымдастығының инновациялық апталығында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ұлттық технологиялық бастаманың арқасында Түркия қуатты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық инфрақұрылым құрғанын, оған тек санаулы елдер ие екенін атап өтті.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝Қазақстан ғылым академиясына 80 жыл: архив құжаттарындағы отандық ғылым тарихы

🧷Қазақстан Ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві еліміздегі академиялық ғылымның қалыптасуы мен дамуына арналған тарихи-құжаттық көрмені ұсынды.

Оған 1932 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтитын 70-тен астам фотосурет пен архивтік құжат енді.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📎📎📎📎📎

🇰🇿🇰🇭Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

🇰🇿🇰🇭Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет шағын құрамда келіссөз жүргізді
 
🔹Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасына жол ашатынын айтты.

– Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен. Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔹Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты.

🔹Сонымен қатар келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылатынын жеткізді.

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

🇰🇭Камбоджа Премьер-министрі Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар орнағанына 30 жылдан асқанын атап өтті

– Бүгін энергетика секторындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі туып отыр деп ойлаймын. Ведомстволарымызға өзара мүдделі бағыттарды анықтауды тапсыра аламыз. Қазақстан электронды үкімет бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді әрі озық әзірлемелерге ие. Біздің министрліктеріміз осы салада тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отыр, – деді Хун Манет.


🔹Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстар мен көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жайын жан-жақты талқылады.

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ анимациясының өкілі Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі белгілі суретші-аниматор, ұстаз, қазақ анимация өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Алтынбек Өмірзақовтың дүниеден өтті.

Алтынбек Өмірзақов — қазақ анимация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

🇰🇿🇰🇭Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

✔️Мемлекет басшысы келіссөз аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға жол ашатынын және ортақ ниетті нақты іске ұластыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 32 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз сындарлы саяси диалог жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келеді. Біздің алдағы қадамдарымыз бүгін қабылдайтын Бірлескен мәлімдемеде көрініс тапқан. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қоямыз. Қазақстан Камбоджаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі және АСЕАН ұйымымен ықпалдастықты кеңейтудегі маңызды елдердің бірі ретінде қарастырады, – деді Президент.


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Камбоджаның халықаралық аренада, соның ішінде БҰҰ жанындағы екі елдің тұрақты өкілдіктерінің қызметі аясында белсенді қарым-қатынасты жолға қойғанын атап өтті.

✔️Президент БҰҰ Бас ассамблеясының күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша Қазақстанның бастамаларына Камбоджаның қолдау көрсеткенін жоғары бағалады.

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің басшылығымен Камбоджа әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджа Үкіметінің Cambodia Vision 2050 және Pentagonal Strategy бағдарламаларында межеленген ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру бағытындағы күш-жігерін қолдайтынын айтты.

✔️Президент жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай әлеует бар деп санайды.

– Сіздің және делегацияңыздың елімізде жасанды интеллектіні дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға қызығушылық танытып отырғандарыңызды білемін. Бүгін Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Қазақстанның осы салада қол жеткізген табыстарымен және негізгі әзірлемелерімен таныса аласыз. Еліміз БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексіне сәйкес, барлық бағытта оң динамика көрсетіп келеді. Ортақ ниет пен берік саяси ерік-жігер болса, өзара мүддемізге сай келетін көптеген бағыт бойынша ынтымақтастық аясын кеңейте алатынымызға сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷🧷🧷🧷🧷

🇰🇭Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

– Камбоджаның 120-дан аса студенті Қазақстанда білім алды. Бүгінде олардың көбі провинцияларда губернатор, мемлекеттік хатшы лауазымдарында еңбек етуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл елдерімізді ортақ тарих пен халықтарымыз арасындағы тығыз қарым-қатынас байланыстыратынын аңғартады, – деді Премьер-министр.


✔️Хун Манет Камбоджа азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.

✔️Тараптар жоғары деңгейде жүргізілген бүгінгі келіссөздер елдеріміз арасындағы сауда-саттық көлемін ұлғайтып, іскерлік барыс-келісті нығайтуға және серіктестің тың бағыттарын жолға қоюға ықпал ететініне сенім білдірді.

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

🤝Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігі арасында цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Сауда министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Мәдениет және көркем өнер министрлігі арасында мәдениет пен өнер салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Туризм министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✏️✏️✏️✏️✏️✏️

🇰🇿🇰🇭Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен нәтижелі келіссөз жүргізді

📍Ақорда

📌 @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📎📎📎📎📎

✉️Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына
ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇩🇪Германия балалардың зейнетақы шотына ай сайын 10 еуродан аудармақ

💶Германия Бундестагы балаларға арналған зейнетақы жинақтары туралы заңды мақұлдады, оған сәйкес жеке инвестициялық шоттарға ай сайын 10 еуро көлемінде мемлекеттік төлемдер аударылады, деп хабарлайды Deutsche Welle.

«Зейнетті ерте бастау» заңы (Frühstartrente) 16 қазанда билеуші коалиция мүшелерінің көпшілігінің қолдауына ие болды. Бағдарлама ерте жастан зейнетақы жинауға және балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐺Түркі мемлекеттері ағылшын тілінен ортақ емтихан әзірлемек

Түркі мемлекеттерінің Ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалаудың өңірлік жүйесін құру туралы меморандумға қол қойды. 

«Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» халықаралық конференциясының екінші күні Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ETOTS (English Test for Turkic States) бірлескен емтиханын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🆗ҚПЛ: «Жетісу» өз алаңында «Қайсардан» басым түсті

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ турында «Жетісу» (Талдықорған) — «Қайсар» (Қызылорда) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Екі команда турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Олардың алдында Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу міндеті тұрған еді. 

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛒1 600 тоннадан астам азық-түлік: Астанада үш облыстың жәрмеңкесі өтіп жатыр

⚖️Астанада үш облыстың тауар өндірушілері 1 600 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген шаруалар ет, сүт өнімдері, көкөніс, балық, бал және басқа да тауарларды тікелей тұтынушыларға саудалап, қала тұрғындарына азық-түлікті бір жерден таңдап алуға мүмкіндік беріп отыр.

📌@qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM