Qazaqparat
✔
11K subscribers
36K photos
7.02K videos
10 files
31.2K links
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Download Telegram
⛷Олимпиада-2026: Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков үшін скиатлон жарысы аяқталды

Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы алғашқы бәсеке өтті.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы - Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Әмірғали 45-ші, Наиль 49-орын алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Италиядағы Олимпиадада америкалық тау шаңғышысы ауыр жарақат алды

АҚШ-тың Олимпиада чемпионы, тау шаңғы спортының супержұлдызы атанған 41 жастағы Линдси Вонн Кортина-д’Ампеццо қаласында өткен жылдамдықпен түсу жарысы кезінде құлап, ауыр жарақат алды.

Спортшы трассаның басында жалаушаға қолымен ілініп қалып, тепе-теңдігін жоғалтып құлап, ауырсынып жатып қалған.

Жарыс уақытша тоқтатылып, спортшы тікұшақпен трассадан эвакуациялады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

🔵 Қазақстан бокс құрамасы Испаниядағы турнирді алты алтын медальмен аяқтады
🔗Сілтеме

🔵 Қытайдың ғарыштық тәжірибесі: орбитада алғаш рет көбелек шықты
🔗Сілтеме

🔵 Түркістан облысында 125 млн теңгеден астам залал келтірген топтың қылмысы әшкереленді
🔗Сілтеме

🔵 Президент Телерадиокешенінің халықаралық серіктесі Тоқаевтың Пәкістанға сапары туралы фильм жариялады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1
⚡️Өскеменде қоқыс толған пәтердің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өрт 5 ақпан күні Әуезов даңғылы бойындағы № 49Б мекенжайындағы көпқабатты үйде шыққан. Пәтер іші шамадан тыс қоқыспен толып кетуіне байланысты өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 8 сағаттан астам уақыт бойы күресті. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Ертіс полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️Жоғары сот кеңесі 17 судьяны қызметінен босатады

Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында кеңес жанындағы комиссиялар мен сот жюриінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды кеңестің баспасөз қызметі.

2025 жылғы 2 қыркүйекте Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша сот жүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып, белгіленген кестеден тыс жер, корпоративтік, салық және қаржы құқықтары салаларындағы мамандар үшін 10 облыстық және оларға теңестірілген соттарда 13 бос судья лауазымына конкурс жарияланған болатын.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📝Қазақ жырының мұзарт биігі: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Бүгін, 9 ақпанда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ол қазақ әдебиетінде адам жанының ішкі иірімдерін, сезім мен рухани күйді терең бейнелеген ақын ретінде бағаланады.

🎼 Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен өнері жайлы толығырақ мұна жерден оқып біле аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🏛🏛🏛🏛

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады


Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.

Асқарбек Ертаев:

➤ халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берді.

✔️Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі.

➤ атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырды.

✔️Министрлік цифрлық бағалау құралдары арқылы қолдау шараларының нақты адресіне жету мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. Сонымен қатар көмек алатын әрі еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отыр.

➤ зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты.

✔️Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру тетігін одан әрі дамытуды, олардың сапа стандарттарын арттыруды, оңалту қызметтері мен техникалық құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар инклюзивті жұмыс орындарын ашуға ден қояды.

➤ Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.

✔️Көші-қон үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту, ішкі миграцияны теңгерімді жүргізу, елдегі еңбек нарығын қорғауға басымдық бере отырып, еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру көзделген.

Мемлекет басшысы:


📌халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣Қонаевта қатты желден тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге зақым келді

Қонаев қаласында дауылдан кейін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 8 ақпаннан 9-ына қараған түні 27 м/сек жылдамдықпен жел соққан. Оның салдарынан инженерлік желілерде ақаулар болып, тұрғын үйлердің шатыры ұшқан және жеңіл конструкцияларға зақым келген.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Батыс Қазақстанда вейптерді заңсыз әкелгендер сотталды

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шекара қызметімен бірлесе отырып, вейптерді заңсыз әкелудің жолын кесті.

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, У. есімді азамат Ресей Федерациясының шекара маңындағы қалаларының біріне барған кезде «WAKA» маркалы 175 электронды темекі тұтыну жүйесін (вейп) сатып алып, оларды мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған.

Жасырын түрде жеткізу үшін вейптерді жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының астына, жүк салғыштың технологиялық қуыстарына, сондай-ақ құрал-саймандар салынған сөмкелерге орналастырған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱Конституциялық реформа 2026

▶️Тікелей эфирді Kazinform YouTube арнасынан тамашалаңыз!

Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алатау қаласында боран салдарынан зақымданған нысандар түгенделіп жатыр

Алатау қаласының әр аумағында қатты желден инфрақұрылым зақымданған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше түнгі уақытта болған боран салдарынан инженерлік желілер зақымданып, түрлі нысандардың шатыры ұшқан.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️TikTok желісінде некеге мәжбүрлеу туралы жалған бейнежазба салған әйел жазаланды

Алматы облысының Қарасай ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша К. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәліметінше, ол 2026 жылдың 15 қаңтарында TikTok желісінде өзін ұрлап кету фактісі болғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.

— Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді, — деп хабарлады соттан.


Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, К.-ге 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️ Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

▶️ Тікелей эфирді Kazinform YouTube арнасынан тамашалаңыз!

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітіледі – Конституциялық комиссия

💬Волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

- Өткен отырыста әріптестеріміз нақты ұсыныстар енгізген болатын. Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар жолданым келіп түсті. Олар шын мәнде маңызды мәселелерге қатысты. Осыған байланыста Конституция жобасына жаңа нормалар қосымша қарастырылды. Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Комиссия мүшелері және волонтерлік ұйымдар елдің шынайы патриоттары, жасампаз әрі өзекті мәселерге бей-жай қарамайтын жастар қоғам игілігі үшін еңбек етіп жатқанына назар аударды. Биыл бүкіл әлемде Бұқаралық волонтерлер жылы ретінде аталып өтуде. Өздеріңізге белгілі, бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблясының 75-сессиясында жария еткен болатын, - деді ол.


✏️Оның айтуынша, комисия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскен. «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескер отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты.

- Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырылымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді. Бастамашылырдың піпікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады. Олардың қатарына жауапты әрі жасампаздық, отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбек сүйгіштік құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және басқалары бар, - деді Бақыт Нұрмұханов.


ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛

Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады


✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты


✔️Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Конституция жобасынан Құрылтайдың комитеттері мен комиссияларын құруға қатысты тармақ алынып тасталады

Конституция жобасынан Құрылтайдың комитеттері мен комиссияларын құруға қатысты тармақ алынып тасталады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

- Кей өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастау ұсынылады. Аталған тармаққа сәйкес, «комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады» деп бекітілген еді. Қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметіне қатысты мәселелер «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттері мен комиссиялары туралы» заңмен, Парламент және оның палаталарының регалменттерімен реттеледі. Бұл түзету аталған мәселелерді құқықтық реттеу деңгейін көтеріп, контитуциялық заң аясында қамтуға мүмкіндік береді,- деді Бақыт Нұрмұханов.


ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️
Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру үздіксіз жүріп жатыр


💬Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

- Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жұмыс топтары құқықтық нормалардың тұжырымдарын оңтайландыру және олардың мазмұнын баршаға түсінікті ету мақсатында қажетті шаралар қабылдап отыр. Терминдік және семантикалық бірізділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр. Осылайша, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі бөлімдерінің мамандары, Коституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамы, жаңа Ата заң мәтіні жобасына жұмылдырылған лингвист мамандар тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде редакциялық, стилистикалық түзетулер жүргізілді, - деді ол.


Оның айтуынша, мұндай түзетулер бірнеше нормаға енгізілген.

- Мысалы, Преамбулада «Ұлы даланың мың жылдық сабақтастығын сақтап» деген сөздер «Ұлы даланың мыңдаған жылдық сабақтастығын сақтап деп өзгертілді. Мәтін бойынша «неприкосновенность» термині сан рет кездеседі. Қазақ тілінде ол «қол сұқпау», «қол сұғылмауышылық» деп алынып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов.


ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM