✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1
Өрт 5 ақпан күні Әуезов даңғылы бойындағы № 49Б мекенжайындағы көпқабатты үйде шыққан. Пәтер іші шамадан тыс қоқыспен толып кетуіне байланысты өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 8 сағаттан астам уақыт бойы күресті.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Ертіс полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында кеңес жанындағы комиссиялар мен сот жюриінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды кеңестің баспасөз қызметі.
2025 жылғы 2 қыркүйекте Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша сот жүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып, белгіленген кестеден тыс жер, корпоративтік, салық және қаржы құқықтары салаларындағы мамандар үшін 10 облыстық және оларға теңестірілген соттарда 13 бос судья лауазымына конкурс жарияланған болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Бүгін, 9 ақпанда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ол қазақ әдебиетінде адам жанының ішкі иірімдерін, сезім мен рухани күйді терең бейнелеген ақын ретінде бағаланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.
Асқарбек Ертаев:
➤ халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берді.
➤ атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырды.
➤ зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты.
➤ Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.
Мемлекет басшысы:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қонаев қаласында дауылдан кейін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 8 ақпаннан 9-ына қараған түні 27 м/сек жылдамдықпен жел соққан. Оның салдарынан инженерлік желілерде ақаулар болып, тұрғын үйлердің шатыры ұшқан және жеңіл конструкцияларға зақым келген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шекара қызметімен бірлесе отырып, вейптерді заңсыз әкелудің жолын кесті.
Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, У. есімді азамат Ресей Федерациясының шекара маңындағы қалаларының біріне барған кезде «WAKA» маркалы 175 электронды темекі тұтыну жүйесін (вейп) сатып алып, оларды мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған.
Жасырын түрде жеткізу үшін вейптерді жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының астына, жүк салғыштың технологиялық қуыстарына, сондай-ақ құрал-саймандар салынған сөмкелерге орналастырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:
📱 consot_kz
📱 constcouncil.kz
📱 Конституциялық реформа 2026
▶️ Тікелей эфирді Kazinform YouTube арнасынан тамашалаңыз!
Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
ℹ️ @qazaqparat_kz
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:
Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алатау қаласының әр аумағында қатты желден инфрақұрылым зақымданған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше түнгі уақытта болған боран салдарынан инженерлік желілер зақымданып, түрлі нысандардың шатыры ұшқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысының Қарасай ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша К. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот мәліметінше, ол 2026 жылдың 15 қаңтарында TikTok желісінде өзін ұрлап кету фактісі болғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.
— Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді, — деп хабарлады соттан.
Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, К.-ге 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
- Өткен отырыста әріптестеріміз нақты ұсыныстар енгізген болатын. Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар жолданым келіп түсті. Олар шын мәнде маңызды мәселелерге қатысты. Осыған байланыста Конституция жобасына жаңа нормалар қосымша қарастырылды. Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Комиссия мүшелері және волонтерлік ұйымдар елдің шынайы патриоттары, жасампаз әрі өзекті мәселерге бей-жай қарамайтын жастар қоғам игілігі үшін еңбек етіп жатқанына назар аударды. Биыл бүкіл әлемде Бұқаралық волонтерлер жылы ретінде аталып өтуде. Өздеріңізге белгілі, бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблясының 75-сессиясында жария еткен болатын, - деді ол.
- Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырылымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді. Бастамашылырдың піпікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады. Олардың қатарына жауапты әрі жасампаздық, отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбек сүйгіштік құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және басқалары бар, - деді Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституция жобасынан Құрылтайдың комитеттері мен комиссияларын құруға қатысты тармақ алынып тасталады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- Кей өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастау ұсынылады. Аталған тармаққа сәйкес, «комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады» деп бекітілген еді. Қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметіне қатысты мәселелер «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттері мен комиссиялары туралы» заңмен, Парламент және оның палаталарының регалменттерімен реттеледі. Бұл түзету аталған мәселелерді құқықтық реттеу деңгейін көтеріп, контитуциялық заң аясында қамтуға мүмкіндік береді,- деді Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру үздіксіз жүріп жатыр
- Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жұмыс топтары құқықтық нормалардың тұжырымдарын оңтайландыру және олардың мазмұнын баршаға түсінікті ету мақсатында қажетті шаралар қабылдап отыр. Терминдік және семантикалық бірізділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр. Осылайша, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі бөлімдерінің мамандары, Коституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамы, жаңа Ата заң мәтіні жобасына жұмылдырылған лингвист мамандар тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде редакциялық, стилистикалық түзетулер жүргізілді, - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай түзетулер бірнеше нормаға енгізілген.
- Мысалы, Преамбулада «Ұлы даланың мың жылдық сабақтастығын сақтап» деген сөздер «Ұлы даланың мыңдаған жылдық сабақтастығын сақтап деп өзгертілді. Мәтін бойынша «неприкосновенность» термині сан рет кездеседі. Қазақ тілінде ол «қол сұқпау», «қол сұғылмауышылық» деп алынып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Констиция жобасынының 9-бабында «тең» сөзі «қатар» деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- 9-бап нақтыланып, «тең» сөзі «қатар» деп ауыстырылды. 50 және 51-баптарда «өтініш» деген сөздер «мәлімдеме» деп алынды. Қазақ тіліндегі сөйлем құрау ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тіліндегі «является» деген сөз сызықшамен ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінде «болып табылады» деген сөздер алынып тасталды. Мұндай өзгеріс бірнеше бапты қамтып отыр. Бұл бағыттағы шаруамыз әрі қарай жалғаса беретін болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
- «Ақ жол» партиясы ұлттық бизнес пен кәсіпкерлердің саяси өкілі ретінде жаңа Конституция жобасын талқылау аясында тағы бір институционалды сипатқа ие мәселеге назар аударғысы келеді. Инвестициялық тартымдылық пен жайлы бизнес климат үшін кез келген экономикадағы меншік институтының мәртебесі аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сонымен қатар, бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан үдерістер меншік қатынастарын реттеуді, жаңғыртуды қажет ететінін көрсетіп отыр. Қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі ғана көзделген – мемлекеттік және жекеменшік. Ал заманауи экономистер кемінде 5-6 түрлі меншік түрін бөліп көрсетеді, - деді А. Перуашев.
- Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы атынан жаңа Конституция жобасының 8-бабының 1-тармағын келесі редакцияда баяндауды ұсынамын: «Қазақстан Республикасында меншіктің барлық түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады». Бұл норма экономиканың дамуына, бизнес, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастардың күшеюіне оң ықпал етіп, барлық меншік түрін қолдау мен қорғауды білдіреді деп сенімдіміз, - деді депутат.
Айта кетейік, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның IX отырысы 7 ақпан күні өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады
– Сіздің осы лауазымдағы сапарыңызды Қазақстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін жақсы нышан деп санаймыз. Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цзоу Цзяи Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанның энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым секторларындағы бірқатар ірі жобаға қолдау көрсеткенін жеткізді
– Ыстық ықыласыңыз бен ұзақ жылдар бойы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстан мен басқа да акционерлердің маған артқан сеніміне дән ризамын. Банк қызметінде алғашқы онжылдықтағы жетістіктерге негізделген сабақтастықты сақтаймын. Сондай-ақ тұтынушылардың өзгеріп жатқан сұраныстарына жедел жауап беру үшін қаржы институтын одан әрі өркендетуге тырысамын, – деді банк жетекшісі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM