This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциядағы тіл жайлы 7-бапты түзету ұсынысын EGov арқылы билікке жолдайық. Видеода қалай жолдауға болатынын көрсетіп қойдым, 2 минут уақытыңызды алады.
1. Мәтінді дайындап алыңыз.
2. EGov платформасына кіріңіз.
3. Сол жақ жоғары жағында “Конституциялық реформа” деген баннерді басыңыз.
4. Ұсынысыңызды сонда орналастырыңыз.
5. Жолдаңыз.
Жолдауға болатын мәтін 👇
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабын төмендегідей жаңа редакцияда бекітуді ұсынамын:
7-бап
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тек мемлекеттік тіл қолданылады, қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының өзге тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасайды.
Бұл редакция мемлекеттік тілдің нақты басымдығын бекітіп, азаматтардың тілдік құқықтарын сақтайды.

👍11❤5🔥1
“Қазақ тілі - мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.
“Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады.
Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды.
Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де - қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады.
Сол кезде ғана қазақ тілі нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде ғана мемлекеттік бюрократиялық аппарат қазақша іс-қағаз жүргізуге көшеді.
Конституцияда қазақ тілінен басқа тіл аталмауы керек.

💯19❤5👾2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған.
Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр.
Кеттік ✊
👇

❤🔥5👍3
Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған. Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр. Кеттік ✊ 👇
Өтініштің үлгісі:
Мен Жаңа Конституцияның 9-бабының 2-тармағында көзделген:
«мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген нормасына өз қарсылығымды білдіремін.
Аталған норма қоғамда орыс тіліне қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылатын екінші ресми мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп отыр деген түсініктің қалыптасуына әкеліп, мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесіне қатысты қоғамдық даулардың туындауына себепші болып отыр.
Осыған байланысты, қабылданбақ Конституцияның 9-бабының 2-тармағын толық алып тастауды талап етемін.
Егер бұл талап қанағаттандырылмаса, аталған норманың мәтінінен «ресми түрде» және «тең қолданылады» деген сөз тіркестерін алып тастауды талап етемін.
Осы өтінішімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарап, нәтижесі туралы e-Otinish порталы арқылы жазбаша жауап беруді сұраймын.

👍10❤3❤🔥2👾1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
ІІМ: Қазақстанда тұрақты тұрғысы келетіндерден қазақ тілін В2 деңгейінде білу талап етіледі
деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Азаттыққа.
Қазақстан аумағында тұрақты тұруға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау туралы ереже 2026 жылғы 1 ақпанда енгізілген. Пилоттық жобада көшіп келушілер үшін қазақ тілін қарапайым - A1 деңгейінде білу жеткілікті болған.
"Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен бұйрық жобасына өзгеріс енгізіп, тілді білу деңгейін ортадан жоғары – В2 деңгейі шеңберінде кемінде 70% көлемінде белгілеуді ұсынды. Бұл бұйрық жобасы қабылданды", –
деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Азаттыққа.
Қазақстан аумағында тұрақты тұруға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау туралы ереже 2026 жылғы 1 ақпанда енгізілген. Пилоттық жобада көшіп келушілер үшін қазақ тілін қарапайым - A1 деңгейінде білу жеткілікті болған.
👏12👍4❤3💯1
Forwarded from Qazaq Lab (Hadisha Q.)
Менің жиенім біз айтпайтын сөздерді де қазақша айтады. "Кухня" емес, "ас бөлме" дейді. "Коляска" емес, "арба" дейді. Тіпті Мұстафа деген досын "Мұстапа" дейді. Ешкім әдейі үйретпеген, қазақша ортада өскендіктен тілі солай шықты. Табиғи.
Бұл ата-анасының күнделікті еңбегі. Неше тіл білсе де, үйде екеуі баламен қазақша сөйлейді. Қосатын ютубы да, мультиктері де қазақша.
"Баламның тілі қазақ болсыншы" деп тырысып жүрген барлық ата-анаға алғысымды да, қолдауымды да білдіремін. "Оның несі жетістік?" дейтін шығар біреулер. Қаладағы кез келген аулаға, кез келген бақшаға, мектепке барып көрсеңіз, түсінесіз.
Қоғамдық жерде бала басқа тілді естиді. Қызығады. Кейде қайталап, бірдеңе айтып қалады. Басында қатты қынжылатынмын. Жиенімді бүкіл орыси нәрседен "қорғағым" келіп тұратын. Қазір уайымнан гөрі зор сенім бар.
Тілі қазақша шыққан адам одан ешқашан бас тартпас деген сенім. Кейін неше тіл үйренсе де, өз тіліне, өзіне адал болар деген үміт. Тіпті одан безіп кетсе де, ақыры қайтып оралады, табады деген пиғыл.
2000 жылдары "Казахский не нужен" немесе "Керек болса, кейін өзі үйреніп алады" деген адамдардың балалары - қазір "Кто я?" деп жүрген ересектер. Онсыз да беймәлім, сұрақ көп әлемде адам ең болмаса түп-тамыры мен тілін білсе, жүрген жолында сүйенер тірегі болар...
@qazaqlab

👍11❤7
Forwarded from Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Отыз бес жылда екі ауыз қазақша білмейтін азаматы бар ел болмасақ дейтінмін. Оның көрсеткіші - көшедегі ақпарат, жарнама, маңдайша атаулы екі тілде емес, бір-ақ тілде, мемлекеттік тілде жазылғаны. Қазақшасы бірінші тұрсын, қарпі үлкенірек болсын, анау-мынау деген алдамшы басымдық емес, шын мәнінде, жай ғана бір-ақ тілде ақпарат тұратын күнге жетсек дейтінмін. Оған анау айтқандай бір зоооор жағдайдың керегі жоқ. Бар керегі - ерік пен жігер. Сондай жігерлі брендтер шыға ма деп жүруші едім, шықты. Мына баннердің ар жақ бер жағын айналып көп жүрдім. Орысшасын таппадым. Таппадым да қуандым.
Ұзағынан болсын. Көбейсін.
Ұзағынан болсын. Көбейсін.
🔥25❤8👍5
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
EURONEWS ҚАЗАҚША! 🇰🇿🇪🇺
Қазақ тілі Euronews'тің жаһандық желісіндегі 14-ші негізгі тілі болыпты.
Біздің тіл – Орталық Азия бойынша аталған арнаға енген алғашқы тіл.
Астанада Еуроньюстің штаб пәтері жай ғана тілшілер пункті емес, бүкіл Орталық Азияның ақпараттық хабы атанды.
"Біз қазақ тілін халықаралық тіл деп танимыз" депті арна басшысы.
https://www.youtube.com/live/iW7mGG9GXTU?si=zuJLeDdQ0Kfi599d

YouTube
Euronews қазақша live
Euronews-те тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді ең соңғы жедел жаңалықтарды қараңыз.
▶︎ Соңғы жаңалықты жіберіп алмас үшін арнамызға тіркеліңіз: https://www.youtube.com/c/euronewskazakh?sub_confirmation=1
#Жаңалықтар #Euronews #Соңғыжаңалықтар #…

❤9👍4
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Maqsache Arzaman)
“Ойыншықтар хикаясы 5” мультфильмінің 8 шілде күнгі Қазақстандағы жалпы табысы 696 784 585 тг болды (орысша+қазақша дубляж).
Ал нақты қазақша дубляжының табысы 66 755 910 тг.
Әдетте қазақша дубляж жалпы табыстың 10%-ға жуығын ғана алып отыратынын байқаған боларсыз.
Осы көрсеткішті 50%-ға дейін көтеруіміз керек!

❤11🔥3👍2🫡2👏1
“Өрмекші-адам: Жаңа күн” қазақша шығып жатыр. Бәріміз жабылып барайық. Пресейлде 10 мың билетке жеткізе алмасақ, қазақ тілі деп бөскеніміз - көк тиын.
Сілтеме: https://kino.kz/kk/movie/12137?date=2026-08-06
Кеттік ✊
Сілтеме: https://kino.kz/kk/movie/12137?date=2026-08-06
Кеттік ✊
👍14❤6⚡3
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Қазақ тіліне қатысты дау туындаса, сол компанияны, мекемені 2GIS’те жамандап, рейтингін түсіріп, cancel жасап шығамыз. Бірақ қазақ тіліне дубляждалған кино шықса, тым-тырыс: “ой, қазақшасы онша емес, сапасыз, дубляждай алмайды, дауыстары келіспейді, түсініксіз” деп мың сылтау айтамыз.
Қазақша дубляж кеше ғана шыққан жоқ. 2011 жылдан бері бар, 15 жыл болды! Әлі де болса қалыпты нәрсеге айналдыра алмай келеміз.
Жамыраған тобыр болмай, мықты ұлт болайық! Қазақша дубляжды көрейік!

🔥15💯12❤4⚡2
Жаңа “Өрмекші-Адамға” өзің бар, балаларыңды ертіп апар. Достарыңды қинап апар. Туыстарыңды сүйреп апар. Бәріміз жапа-тармағай қазақ дубляжына барайық.
Біз болмасақ, кім? Қазір болмаса, қашан?
Дубляж сапасы нашар болса да бар. Құлағыңнан қаның ақса да бар. Себебі бүгін барсаң, ертең сапасы жақсарады.

❤37🔥11👍4
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Тілдер мерекесі дейді. Содан?
Біріншіден, тілдер күні емес, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КҮНІ деп аталуы тиіс. Нүкте.
Екіншіден, мемлекеттің өзі қазақ тіліне немқұрайлы қараса, дамытуға тырыспаса, керісінше кедергі келтіріп жатса, қазақтілділердің құқығы тапталып, кемсітушілікке ұшырап жатса, қайдағы мереке? Шынымен мереке болуы үшін мемлекеттік тілдің толыққанды мемлекеттік тіл болуын бәріміз талап етуіміз керек.

💯14❤6👍2
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Maqsache Arzaman)
Президент Тоқаев тіл туралы тағы бір пікір айтты ғой: тілге қарсы шығу ол құдайға қарсы шығу дегендей (көбіне орыс тіліне қарсы шығу туралы айтып тұр деп түсініп тұрмын)
Сонда президенттің тілге қатысты кез келген концепциясы қазақ тілі мен орыс тілін теңестіріп қою боп тұр емес пе? Бұл әу бастан қате екенін әр қазақ біледі. Өйткені мұндай жағдайда қазақ тілінің таралуына жүйелік кедергі туындайды.
Жүйелік кедергі деген жеке адамдардың пиғылы арқылы жасалатын қасақана қарсылық емес, жүйелік деген мемлекет, қоғам, институттардың құрылымы арқылы жасалатын дискриминацияның бір түрі. Жеке адам қанша тырысса да жүйелік кедергіден аттап өте алмайды.
Қазақ тілін қатысты мынандай жүйелік кедергілер бар:
1. Заңнамадағы саңылау
Конституциядағы орыс тілінің ресми мәртебесі қазақ тілін білудің абсолютті қажеттілігіне кедергі жасап тұр. Тілді білмегені үшін ешқандай заңдық шектеу немесе жауапкершілік жоқ. Қазақстанда қазақ тілінсіз-ақ мансап құрып, жайлы өмір сүруге болады.
2. Мемлекеттік аппараттағы инерция
Заңдар мен құжаттар әлі де алдымен орыс тілінде жазылып, кейін қазақшаға аударылады. Тіл дербес басқару және ойлау құралы емес, жасанды «аударма тілі» деңгейінде қалып қойған. Саяси элитаның жұмыс тілі әлі де өзгерген жоқ. Керісінше екенін дәлелдеп беріңізші ал?
3. Экономика мен бизнестің диктаты
Банк, IT, мұнай-газ, өндірістер негізінен орыс тілінде жұмыс істейді. Жас маман үшін жоғары табыс пен мансап қазақ тіліне емес, орыс және ағылшын тілдеріне байланысты болып тұр. Бұл масқара нәрсе емес пе?
Яғни екі тілді теңестіріп қойып, қазақтардың саны көбейгендіктен қазақ тілі дамып кетеді деп ойлау нағыз аңғалдық.
Екі тілді теңестіріп қойсақ, орыстілді қазақтардың саны ғана көбейе береді.
Беларус пен Ирландияның жағдайына қараңыз. Екеуі де импершіл тілдің инерциясымен кетіп қалды, бірақ жергілікті этнос саны 80-90%, яғни моноэтник дерлік елдер.

👍8❤7💯5
Қазақстанда қазақша кино көру - біртүрлі нәрсе емес, ол қалыпты жағдай, құқығымыз.
Кино прокатқа шығатын шетел фильмдерінің қазақша дубляжын міндеттеу жайлы петиция бастадық.
Қазақша дубляжға сұраныс бар. Енді соған сай ұсыныс та болуы керек.
Қол қойыңыз 👇
https://epetition.kz/petition/b0391b09-f277-4f17-8eda-c9fb04685c40
Бөлісіңіздер. Таратыңыздар.
Ескерту: тек компьютер арқылы қол қоя алады екенсіз. Телефоннан NCAlayer іске қосылмайды.

❤23❤🔥1👍1💯1