Яки сөзі қандай мағынада қолданылады?
Anonymous Quiz
42%
Қосымша түсінік беру үшін
36%
Таңдау немесе баламалы түрде
21%
Себеп-салдар көрсету үшін
1%
Қолдау немесе келісу үшін
❤4🔥2👏1
Қазақ есімдерінің дұрыс жазылмауы әлі де өзекті мәселе
Қазақстанда құжат рәсімдеу кезінде қазақ есімдерінің қате жазылуы жиі кездеседі. Бұл әсіресе қ–к, ұ–ү, і–и сияқты әріптердің шатасуынан байқалады.
Көп адамның аты-жөні құжаттарда әртүрлі нұсқада кездеседі. Мысалы, «Дәурен» аты кей құжатта «Даурен», ал әке аты «Серікұлы» орнына «Сериқұлы» болып жазылып кетеді. Мұндай жағдайлар мектеп куәліктері мен грамоталарда да жиі қайталанады.
Аты-жөн — тек формальды жазба емес, адамның жеке дерегі. Сондықтан оны дұрыс көрсету — әр мекеме үшін қалыпты міндет болуы тиіс.

🔥12
Forwarded from Қазақ Бабыл
пипл плизерлердің өмірі қысқа болады.
сондықтан «қазақша бола ма», «қазақша жаза аласыз ба 🙏», «қазақ тілінде жауап керек еді» деп бипаздап сызылмай, «по-русски пишите» деп төтесінен қойып қалатындар сияқты біз де «қазақша жазыңыз» деп бетке былш еткізе білуіміз керек.

❤24💯10⚡1👍1👎1
Forwarded from ULYSMEDIA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымбұлақтағы дау: мейрамхана әкімшілігі қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан
Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасының әкімшілігі қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан.
Бұл туралы Бақытжанов есімді әлеуметтік желі қолданушысы жазған.
- “Бұл жерде ешкімнің қазақ тілінде сөйлемеуі проблема ма не? Осы сөзді мен Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасының әкімшілігінен естідім. Әкімшісінің есімі — Елена. Мен өте сабырлы түрде бір ғана сұрақ қойдым: мейрамханада қазақ тілінде сөйлейтін даяшы бар ма деп. Жауап ретінде — боқтық, қорлау жәнеде кейін артынан мынадай да сөздер айтылды: — «Мен КСРО-да туғанмын және қазақ тілінде сөйлеп, қызмет етуге міндетті емеспін. Маған қазақ тілі керек емес”, – дейді автор.
Оның сөзінше, Елена мәселені шешудің орнына арандатып, жанжалды ушықтыра түскен.
- Осы арандатулардан кейін мен болған жағдайды телефонға түсіре бастадым.Тіпті мені қуып шығаруға тырысып, физикалық әрекетке дейін барды.Одан кейін полиция шақырылды. Соның салдарынан мен шамамен 3 сағат уақытымды жоғалттым, ал туристерім суықта мені күтіп қалды, – дейді жазба авторы.
Оның айтуынша, оқиғаны растайтын видео бар, сондай-ақ бәрін растай алатын басқа куәгер де бар.
- Бұл жағдай кез келген жерде емес, еліміздің имиджі қалыптасатын туристік аймақта болды.Мемлекеттік тілді қорлау — бұл жеке пікір де, ұсақ мәселе де емес. Мұндай жағдайға көз жұма қарауға болмайды, – дейді автор.
ПІКІР
Мейрамхана бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде ресми түсініктеме берген болар деген оймен парақшаларын шолдық. Алайда олар желідегі парақшаларын жауып тастаған. Сондықтан мейрамхананың өзімен тікелей байланысуды жөн керек, Whatsapp арқылы байланыстық. Материал жарияланған уақытта ресми пікір әлі берілмеген еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡11❤3😱1
Forwarded from .
2GIS-тің ресейшіл екенін ескерейік, бәрін өшіртіп тастау мүмкін!
Gusto-ның гуглдағы парақшасына пікір боратыңдар, туристер тек гуглға қарайды

❤2👎1🤝1
Forwarded from Maqsache Arzaman
Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz
https://maps.app.goo.gl/rd3P9KJqewt1Abku6?g_st=ic
Видеодан скрин жасап қоссаңыз болады. Түрін көрсетпей-ақ қойыңыз
👍8⚡2
Шымбұлақтағы кейс жайлы
Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқандарға, қазақша ақпараты жоқ компанияларға айыппұл салу тетігін заңға енгізу керек.
Бірінші рет - ескерту айтып, бірден 30 мың теңге, екінші рет қайталанса, 300 мың теңге төлесін, үшінші рет болса, 3 млн теңге айыппұл.
Сол кезде ертесіне-ақ кез келген қызмет көрсету орны қазақша қуана-қуана қызмет көрсете бастайды. Ал қазір әкімдік ондай компанияға тек ескерту айтумен шектеледі.
Мемлекеттік тілін қорғай алмайтын биліктің болашағы - бұлыңғыр!
// Zhalgas Yertay

👍19💯14🙏2⚡1❤1
Forwarded from Қазақ Бабыл
Meta компаниясы қазақша сөйлейтін қызметкер іздестіруде 👀
Қазақстан нарығына жауапты Market Specialist міндетіне Meta өнімдеріндегі контент пен аккаунт мәселелерін тексеру, қауіпті материалдарға шара қолдану, жарнамадағы қауіп-қатерді бақылау және аймақтық командалармен бірге жұмыс істеу және т.б. кіреді.
сонда бір жақсы адам жұмысқа тұрып, Meta өнімдерін қазақшалауға атсалысса екен 🤲😌
толығырақ мінеки мына сілтемеде:
👉 https://www.metacareers.com/profile/job_details/1733252057368760

❤9🙏1
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі
Атазаңда тіл туралы бап өзгере ме?
Кеше мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ҚР Парламенті бір палаталы болатынын, ресми түрде "Құрылтай" деп аталатынын мәлімдеді
Одан бөлек, вице-президент лауазымы қайтарылатынын да айтты. Тағы бір маңызды мәселе – Конституцияның мемлекеттік тілдегі нұсқасында жіберілген қателерді түзету керегін де атап өтті
Негізгі заңымызға осындай маңызды өзгерістер енгізілейін деп жатқанда халық арасында ұзақ талқыланып жүрген сауал қайта туындайды – қазақ тілі Конституцияда жазылған жалғыз тіл боп қала ма, яғни орыс тілінің мәртебесі жойыла ма?
Бұл мәселені жылдар бойы айтып жүрген біз ғана емес. Түрлі қоғам қайраткерлері, ұлт белсенділері, тіпті Мәжіліс депуттары да орыс тілінің мәртебесі алынып тасталсын деп талап қойған еді. Желіде тіпті осы жаңа Конституцияның жобасы жүрген: онда тек қазақ тілі жазылғанын байқауға болады
Пост-кеңестік елдерден тек Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанда орыс тілінің қандай да бір статусы ресми бекітілген. Қазақстанды бұл тізімнен алып тастайтын кез келген шығар?

❤10👍2💯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциядағы тіл жайлы 7-бапты түзету ұсынысын EGov арқылы билікке жолдайық. Видеода қалай жолдауға болатынын көрсетіп қойдым, 2 минут уақытыңызды алады.
1. Мәтінді дайындап алыңыз.
2. EGov платформасына кіріңіз.
3. Сол жақ жоғары жағында “Конституциялық реформа” деген баннерді басыңыз.
4. Ұсынысыңызды сонда орналастырыңыз.
5. Жолдаңыз.
Жолдауға болатын мәтін 👇
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабын төмендегідей жаңа редакцияда бекітуді ұсынамын:
7-бап
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тек мемлекеттік тіл қолданылады, қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының өзге тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасайды.
Бұл редакция мемлекеттік тілдің нақты басымдығын бекітіп, азаматтардың тілдік құқықтарын сақтайды.

👍11❤5🔥1
“Қазақ тілі - мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.
“Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады.
Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды.
Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де - қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады.
Сол кезде ғана қазақ тілі нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде ғана мемлекеттік бюрократиялық аппарат қазақша іс-қағаз жүргізуге көшеді.
Конституцияда қазақ тілінен басқа тіл аталмауы керек.

💯19❤5👾2