Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz
1.01K subscribers
316 photos
38 videos
10 files
622 links
Желіде қазақша ақпарат сұрайтын топ.

⚪️Арна: https://t.me/qazaqshajaz
⚪️ Қазақша Telegram: https://t.me/setlanguage/kk
⚪️Инста: https://www.instagram.com/qazaqshajaz/
⚪️Ереже: https://telegra.ph/Qazaqsha-Jaz-erezhes%D1%96-10-06
Download Telegram
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Аты-жөніңізді қазақшалаңыз ☝️
👍13❤5⚡1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциядағы тіл жайлы 7-бапты түзету ұсынысын EGov арқылы билікке жолдайық. Видеода қалай жолдауға болатынын көрсетіп қойдым, 2 минут уақытыңызды алады.

1. Мәтінді дайындап алыңыз.
2. EGov платформасына кіріңіз.
3. Сол жақ жоғары жағында “Конституциялық реформа” деген баннерді басыңыз.
4. Ұсынысыңызды сонда орналастырыңыз.
5. Жолдаңыз.

Жолдауға болатын мәтін 👇

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабын төмендегідей жаңа редакцияда бекітуді ұсынамын:

7-бап
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тек мемлекеттік тіл қолданылады, қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының өзге тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасайды.

Бұл редакция мемлекеттік тілдің нақты басымдығын бекітіп, азаматтардың тілдік құқықтарын сақтайды.
👍11❤5🔥1
Құрметті достар!

Жаңа конституцияның жобасы шығыпты. Тіл жайлы бап сол күйі өзгермеген екен. Әлі жоба сияқты, өзгеріс енгізуге әлі мүмкіндігіміз бар.

Сондықтан осы скринді әлеуметтік желіде таратайық.

Кеттік ✊
👍6👾3🤣2
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Қазақ тілі орыс тілінің құрсауынан шыға алмай жүргеніне 1 ғасырдан асты...

Жазбаны оқып шығыңыз
💔14❤2
“Қазақ тілі - мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

“Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады.

Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды.

Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де - қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады.

Сол кезде ғана қазақ тілі нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде ғана мемлекеттік бюрократиялық аппарат қазақша іс-қағаз жүргізуге көшеді.

Конституцияда қазақ тілінен басқа тіл аталмауы керек.
💯19❤5👾2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған.

Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр.

Кеттік ✊

👇
❤‍🔥5👍3
Қазақша жаз | Qazaqsha Jaz
Жаңа конституция жобасынан орыс тілінің “ресми” статусын алып тастауға атсалысыңыздар. Видеода қалай үлес қоса алатыныңыз жазылған. Е-өтініш порталы арқылы жолдауға болатын ұсыныстың мәтін үлгісі төменде тұр. Кеттік ✊ 👇
Өтініштің үлгісі:

Мен Жаңа Конституцияның 9-бабының 2-тармағында көзделген:
«мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген нормасына өз қарсылығымды білдіремін.

Аталған норма қоғамда орыс тіліне қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылатын екінші ресми мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп отыр деген түсініктің қалыптасуына әкеліп, мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесіне қатысты қоғамдық даулардың туындауына себепші болып отыр.

Осыған байланысты, қабылданбақ Конституцияның 9-бабының 2-тармағын толық алып тастауды талап етемін.

Егер бұл талап қанағаттандырылмаса, аталған норманың мәтінінен «ресми түрде» және «тең қолданылады» деген сөз тіркестерін алып тастауды талап етемін.

Осы өтінішімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарап, нәтижесі туралы e-Otinish порталы арқылы жазбаша жауап беруді сұраймын.
👍10❤3❤‍🔥2👾1
Forwarded from JanaSozdik (18+)
Қазлайтиң

@JanaSozdik
⚡15🔥3❤1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
ІІМ: Қазақстанда тұрақты тұрғысы келетіндерден қазақ тілін В2 деңгейінде білу талап етіледі
"Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен бұйрық жобасына өзгеріс енгізіп, тілді білу деңгейін ортадан жоғары – В2 деңгейі шеңберінде кемінде 70% көлемінде белгілеуді ұсынды. Бұл бұйрық жобасы қабылданды", –

деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Азаттыққа.

Қазақстан аумағында тұрақты тұруға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау туралы ереже 2026 жылғы 1 ақпанда енгізілген. Пилоттық жобада көшіп келушілер үшін қазақ тілін қарапайым - A1 деңгейінде білу жеткілікті болған.
👏12👍4❤3💯1
Forwarded from Qazaq Lab (Hadisha Q.)
Менің жиенім біз айтпайтын сөздерді де қазақша айтады. "Кухня" емес, "ас бөлме" дейді. "Коляска" емес, "арба" дейді. Тіпті Мұстафа деген досын "Мұстапа" дейді. Ешкім әдейі үйретпеген, қазақша ортада өскендіктен тілі солай шықты. Табиғи.

Бұл ата-анасының күнделікті еңбегі. Неше тіл білсе де, үйде екеуі баламен қазақша сөйлейді. Қосатын ютубы да, мультиктері де қазақша.

"Баламның тілі қазақ болсыншы" деп тырысып жүрген барлық ата-анаға алғысымды да, қолдауымды да білдіремін. "Оның несі жетістік?" дейтін шығар біреулер. Қаладағы кез келген аулаға, кез келген бақшаға, мектепке барып көрсеңіз, түсінесіз.

Қоғамдық жерде бала басқа тілді естиді. Қызығады. Кейде қайталап, бірдеңе айтып қалады. Басында қатты қынжылатынмын. Жиенімді бүкіл орыси нәрседен "қорғағым" келіп тұратын. Қазір уайымнан гөрі зор сенім бар.

Тілі қазақша шыққан адам одан ешқашан бас тартпас деген сенім. Кейін неше тіл үйренсе де, өз тіліне, өзіне адал болар деген үміт. Тіпті одан безіп кетсе де, ақыры қайтып оралады, табады деген пиғыл.

2000 жылдары "Казахский не нужен" немесе "Керек болса, кейін өзі үйреніп алады" деген адамдардың балалары - қазір "Кто я?" деп жүрген ересектер. Онсыз да беймәлім, сұрақ көп әлемде адам ең болмаса түп-тамыры мен тілін білсе, жүрген жолында сүйенер тірегі болар...

@qazaqlab
👍11❤7
Отыз бес жылда екі ауыз қазақша білмейтін азаматы бар ел болмасақ дейтінмін. Оның көрсеткіші - көшедегі ақпарат, жарнама, маңдайша атаулы екі тілде емес, бір-ақ тілде, мемлекеттік тілде жазылғаны. Қазақшасы бірінші тұрсын, қарпі үлкенірек болсын, анау-мынау деген алдамшы басымдық емес, шын мәнінде, жай ғана бір-ақ тілде ақпарат тұратын күнге жетсек дейтінмін. Оған анау айтқандай бір зоооор жағдайдың керегі жоқ. Бар керегі - ерік пен жігер. Сондай жігерлі брендтер шыға ма деп жүруші едім, шықты. Мына баннердің ар жақ бер жағын айналып көп жүрдім. Орысшасын таппадым. Таппадым да қуандым.
Ұзағынан болсын. Көбейсін.
🔥25❤8👍5
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
EURONEWS ҚАЗАҚША! 🇰🇿🇪🇺

Қазақ тілі Euronews'тің жаһандық желісіндегі 14-ші негізгі тілі болыпты.

Біздің тіл – Орталық Азия бойынша аталған арнаға енген алғашқы тіл.

Астанада Еуроньюстің штаб пәтері жай ғана тілшілер пункті емес, бүкіл Орталық Азияның ақпараттық хабы атанды.

"Біз қазақ тілін халықаралық тіл деп танимыз" депті арна басшысы.

https://www.youtube.com/live/iW7mGG9GXTU?si=zuJLeDdQ0Kfi599d
❤9👍4
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Maqsache Arzaman)
“Ойыншықтар хикаясы 5” мультфильмінің 8 шілде күнгі Қазақстандағы жалпы табысы 696 784 585 тг болды (орысша+қазақша дубляж).

Ал нақты қазақша дубляжының табысы 66 755 910 тг.

Әдетте қазақша дубляж жалпы табыстың 10%-ға жуығын ғана алып отыратынын байқаған боларсыз.

Осы көрсеткішті 50%-ға дейін көтеруіміз керек!
❤11🔥3👍2🫡2👏1
“Өрмекші-адам: Жаңа күн” қазақша шығып жатыр. Бәріміз жабылып барайық. Пресейлде 10 мың билетке жеткізе алмасақ, қазақ тілі деп бөскеніміз - көк тиын.

Сілтеме: https://kino.kz/kk/movie/12137?date=2026-08-06

Кеттік ✊
👍14❤6⚡3
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Қазақ тіліне қатысты дау туындаса, сол компанияны, мекемені 2GIS’те жамандап, рейтингін түсіріп, cancel жасап шығамыз. Бірақ қазақ тіліне дубляждалған кино шықса, тым-тырыс: “ой, қазақшасы онша емес, сапасыз, дубляждай алмайды, дауыстары келіспейді, түсініксіз” деп мың сылтау айтамыз.

Қазақша дубляж кеше ғана шыққан жоқ. 2011 жылдан бері бар, 15 жыл болды! Әлі де болса қалыпты нәрсеге айналдыра алмай келеміз.

Жамыраған тобыр болмай, мықты ұлт болайық! Қазақша дубляжды көрейік!
🔥15💯12❤4⚡2