Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺 Қазақ радиосы «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосының «Ойтұма» бағдарламасы «Үздік радиожоба» номинациясы бойынша «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді.
📌Жобада қазақ ойшылдарының еңбегі мен көзқарасы туралы айтылып, адамгершілік құндылықтар, тәрбие және рухани даму мәселелері сөз болады.
🎙Бағдарламаны журналист Мұхамедәлі Болатұлы жүргізеді.
Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook

🔥4❤1👏1🎉1🙏1
Жобада еліміздің әр өңірінде салынып жатқан тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы көрсетіледі.
Сондай-ақ Петропавл, Қызылорда және Зерендідегі тұрғын үй құрылысы, Маңғыстау, Қостанай және Өскемендегі жаңа өндіріс орындарының жұмысы қамтылды.
🎙Бағдарлама жүргізушілері – Нұрбек Бекбау, Назерке Өтеген және Карима Садуақас.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1🔥1👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында жоғалған 7 жастағы бала табылды
Абай облысының Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар бала егістік алқабынан табылды.
🔺Баланың туыстары полицияға хабарласып, оның даму ерекшеліктері бар екенін айтқан.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер баланы ауылдан төрт шақырым жердегі егістік алқабынан сағат 16:00 шамасында тапты.

👍8❤5👏2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎤Димашты Польшада жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
Әнші Димаш Құдайберген жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясында Польшаның Краков қаласына барды. Әуежайда оны жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды.
Айта кетейік, турдың алғашқы концерті 18 қазанда Краков қаласында өтеді.
Видео: dimash_fc_poland

🔥12❤10👏2⚡1🥰1🙏1
😍Бүгінгі күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!
⛸Астанада ерекше мұз айдыны ашылады
Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын ерекше мұз айдыны ашылады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мұз жабынының жалпы ауданы 6 мың шаршы метр.
🏆«Қазақстан» телерадиокорпорациясының екі жобасы «Qazaqstan Media Awards» жүлделеріне ие болды
«Qazaqstan» телеарнасының «Қарқынды құрылыс» бағдарламасы «Үздік телевизиялық материал» аталымы бойынша «Тұмар» ұлттық сыйлығын иеленді. Ал Қазақ радиосының «Ойтұма» бағдарламасы «Үздік радиожоба» аталымында «Үркер» ұлттық сыйлығын жеңіп алды.
🥉Шұғыла Өмірбек U23 Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан халықаралық додада әйелдер күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде салынды.
💸Қазақстандықтардың депозиті рекордтық деңгейге жетті
Ұлттық банк тұрғындар мен компаниялардың салымдары туралы ақпаратты жариялады. Жалпы депозит көлемі 51,5 триллион теңге. Қазір азаматтарымыздың депозитте 28,6 триллион теңгесі бар.
⚽️Темірлан Анарбеков – Конференция лигасының үздік үш қақпашысының қатарында
«Қайрат» клубының қақпашысы «Ригаға» қарсы алғашқы матчта пенальтиді қайтарып, командасының ұтылуына жол бермеді. Бұған дейін де айып добын қайтарудағы шеберлігімен көзге түсіп жүрген голкипер осылайша мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

❤4
☀️+25 градусқа дейін күн жылынады: Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлгінде жаңбыр, қар жауып, түнде үсік жүруі мүмкін. Алайда кей өңірлерде ауа температурасы +25 градусқа дейін жылынады.
Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.
Алматы қаласында 1-3, Алматы облысында 1-6, Жетісу облысында 3-8, Жамбыл облысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
🌫Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және өзге де бірқатар өңірде тұман түседі.
💨Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Жетісу мен Жамбыл облыстарында жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.
🌡Ауа температурасы қандай болады?
🔹Батыста күндіз +18-ден +25 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік батыста түнде температура -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +15...+20 градусты құрайды.
🔹Солтүстікте түнде 0-ден +5 градусқа дейін жылы болып, кейін -1...-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз температура +6...+12-ден +12...+17 градус аралығында құбылады.
🔹Орталық өңірлерде күндізгі температура +10...+20 градус болады.
🔹Шығыста түнде 0-ден +5 градусқа дейін жылы болып, кейін -1...-6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
🔹Оңтүстікте түнде +2...+7 градус, күндіз +18-ден +25 градусқа дейін болады деп болжанады. Оңтүстік шығыста күндіз +10...+18 градус, таулы аймақтарда +3...+8 градус жылы болады.
💬 @qazaqstantv

❤8
😍Аптадағы жағымды жаңалықтар!
⚽️Темірлан Анарбеков – Конференция лигасының үздік үш қақпашысының қатарында
🎵Димашты Польшада жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
🥹Англияда Дастанның кішкентай жанкүйері көпті сүйсінтті
💪Астаналық балуан әлем чемпионы атанды
🧑🎨Елордалық оқушы 1500 бөтелке қақпағынан Мұқағали Мақатаевтың портретін жасады
🌐Король Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға келді
Толығырақ оқу үшін

❤10🥰1
📌Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп те ала алады
Енді аналар баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа шықса да бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақысы сақталады. Ол белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлене береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

«Әйел жұмысқа оралу мен әлеуметтік төлемді сақтап қалудың бірін таңдамағаны жөн. Жүктілікке және босануға байланысты төлем отбасының санатына қарамастан бұрынғы тәртіппен сақталады», – деді А. Ертаев.
❤4🔥1
Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасына жол ашатынын айтты.
Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты. Сонымен қатар келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылатынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤝1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚘✈️ Ұшатын машина жайлы естіп пе едіңіз?
Tesla компаниясы жаңа Roadster спорткөлігін таныстырды.
🚀 Көлік таныстырылым кезінде әуеге көтеріліп, ауада айналып, жерге қонды. Тіпті қатар тұрған бес автомобильдің үстінен секіріп өтті.
Толығырақ видеодан көріңіз.

👏4🔥1
🎉Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
25 қазан – Республика күніне орай елордада концерттер, спектакльдер, көрмелер, спорттық жарыстар мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
🎭20 қазанда «Жастар» сарайында «Елім деп соққан жүрегім» патриоттық кеші өтеді. 21-23 қазан аралығында музейлер мен кітапханаларда кездесулер, конференциялар және концерттер жоспарланған. Ал 25 қазанда елордалық театрларда «Жас Абай», «Абай – Тоғжан» және «Ер-Төстік туралы аңыз» қойылымдары көрсетіледі.
🎤24 қазанда қаланың алты ауданында мерекелік концерттер өтеді.
🍞24-25 қазанда «Қазанат» ипподромының автотұрағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
🪁Спорттық бағдарлама аясында жүзу, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. 24 қазанда «Барыс Аренада» күрес түрлерінен әлем чемпионаты ұйымдастырылады.
🏛Сонымен қатар 25 қазанда әлеуметтік осал санаттағы балаларға Ұлттық музей мен «Бәйтерек» монументіне экскурсиялар өткізіледі.
Өзге іс-шаралар жайында Астана қаласы әкімдігінің сайтынан толығырақ ақпарат білуге болады.

👍6🔥1