Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🚙Қытай көліктеріне жаңа талап: Қазақстан автонарығына әсері
Қытайда көліктің тұтқасын жасыруға тыйым салынбақ.

⚽️«Ордабасы» футбол клубы жекенің қолына өтті

Клуб президенті болып тәжірибелі спорт менеджері Дархан Қызайбаев тағайындалды.

🔝Олимпиадада 30-ға жуық рекорд тіркелді
Бразиялия тарихта алғаш рет Олимпиададан алтын алды.

🏭Елімізде баламасы жоқ ерекше зауыт ашылды
Кәсіпорын жасымық, зығыр, асбұршақ, жүгері және қарақұмық секілді өнімдерді өңдейді.

❌Атырау облысында 5 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға тыйым салынды
Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр.

🚖Елімізге мамыр айында робот таксилер келеді
Жоба әуелі Астана және Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 15-25 ақпан аралығында қабылданады.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
❤3
✈️Әуе билеттеріндегі екі әріпке дейінгі қате енді тегін түзетіледі

2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді. Бұл шешім азаматтардың шағымдарын талдау нәтижесінде қабылданды.

«Азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұл салынғаны анықталды. 2025 жылы «Qazaq Air» АҚ (қазіргі атауы — Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының деректерін түзеткен, олардың басым бөлігі — екі әріпке дейінгі қателер»,-деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.


Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясымен кездесу өткізіп, нәтижесінде жаңа тәртіп енгізілді.
🤝11❤1
«Бозжыра» шатқалында батпаққа батқан 6 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Бозжыра» шатқалы аумағында балшыққа батып қалған жолаушыларға көмек көрсетті.

Алты адам мінген көлік батпаққа батып қалған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техниканың көмегімен автокөлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.

Жолаушылар сапарларын әрі қарай жалғастырып, медициналық көмек қажет болмаған.
❤8⚡1
✉️Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.


Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.
❤6⚡1
Burger King-тегі жағдай министрлік бақылауында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдай ведомствоның бақылауында екенін мәлімдеді.

Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратай қызметкердің отбасымен байланысқа шығып, еңбек заңнамасындағы кепілдіктер мен өтініш беру тәртібін түсіндірді.

«Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес («QSR» ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды»,-делінген министрлік хабарламасында.
👍6
🇰🇿🇻🇳Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Михаил Шайдоров: Алғашқы құттықтау Президенттен келді

Арнамызға Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел қоржынына тарихи алтын медаль сыйлаған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сұхбат берді.

Олимпиада чемпионының айтуынша, жеңістен кейінгі алғашқы құттықтау Мемлекет басшысынан келген.

Миланда жүрген тілшіміз Азамат Бейбітұлы чемпионнан сұхбат алды.
❤13
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Халық пікірі: Заң баптары түсінікті жазылған

Конституциядағы өзгерістер шын мәнінде қоғамдық пікір мен талқылауларға негізделгені байқалады,-дейді тұрғындар.

Сондай-ақ ел тұрғындары адамның жеке деректері мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс деп есептейді. Қандай мекеме пайдаланса да жеке мәліметтер сыртқа шықпауға тиіс деген ұстанымда.
❤1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚬 Түркістан облысында қауіпті темекі өнімдерін өндіретін 3 жасырын цех анықталды

Келес және Ордабасы аудандарында қауіпті темекі өнімдерін шығаратын үш заңсыз цех әшкереленді.

Күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылып отырған. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылған.

Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім және 30 тонна темекі тәркіленді.
⚡1
Олжас Бектенов қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды

Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика және өнеркәсіп министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп отандық компанияларға полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Өнеркәсіп министрлігіне полимер өнімдерін өңдеуге арналған жобалардың нақты пулын ұсыну міндеттелді.

Премьер-министр еліміздегі мұнай-газ химиясы өнімдерін өңдеу деңгейін көтеру өнеркәсіптің жаңа бағыттарын дамытуға негіз болатынын атап өтті.
⚡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, өрт шықты

Оқиға Еңбекші ауданына қарасты «Базарқақпа» тұрғын алабында болған.

ТЖМ мәліметінше, көлік газ реттегіш пунктіне соғылып, салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Артынша өрт тұтанған.
Өрт сөндірушілер жалынның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
❤4😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Импортты азайтуға септесетін нақты бағыттар айқындалды

Қазақстанда импортқа тәуелділікті төмендету үшін нақты жоспар әзірленіп жатыр.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннын айтуынша, азық-түлік саласында 12 бағытты дамытуға басымдық берілмек.

Олардың қатарында ет, сүт, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, сақтау инфрақұрылымын күшейту бар.
❤3⚡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ораза кімге парыз? Кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етіледі?

Пітір садақасын кімдер береді?

Осы және өзге де сұрақтарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Бас тақырып» бағдарламасында жауап береді.

«Бас тақырып» бағдарламасы 18 ақпан 14:15-те көрсетіледі.
❤12👍4
Forwarded from QAZSPORTTV
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

⏰ 13:50 - 17:35 - Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров

⏰ 14:40 - Фристайл-акробатика. Әйелдер: Аяна Жолдас

⏰ 17:25 - Фристайл-акробатика. Ерлер: Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан

⏰ 22:40 - Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшы пікір білдірді

Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы еуропалық сарапшылардың да назарында.

Брюссельдегі «EUalive» медиа порталының редакторы Георгий Готевтің айтуынша, ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға көшу және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау – әділетті мемлекет құрудың маңызды тетігі.

Болгарлық журналист бір палаталы парламенттік жүйені енгізуді қолдап, жаңа жобада заң үстемдігін күшейту мен азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық берілгенін жоғары бағалады.
❤8😁3⚡1