Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🔵Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға вице-министрлер, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Алқа отырысын ашқан Аида Балаева Негізгі заңға енгізілген ауқымды өзгерістерге ерекше тоқталды. Ол ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің іргелі даму қағидаттарының қатарына енгізілгенін атап өтті.

📌Кездесу барысында министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша жаңа тәсілдер мен заманауи даму үрдістері жан-жақты қаралды. Салаларды уақыт талабына және өзекті сын-қатерлерге сай жүйелі жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡3❤1
❌Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге тыйым салынуы мүмкін

Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Жуырда Мәжіліс тиісті заң жобасын қарауға кіріседі. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

✅Ата-аналар немесе мектеп басшылығы педагогтерді жұмыстан тыс уақытта ватсап желісі арқылы жауап беруге, рилс түсіруге міндеттей алмайды. Сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырту алдағы уақытта заңсыз деп саналмақ.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

Түркістан қалалық балалар ауруханасында 15 жастағы қызға сирек кездесетін күрделі хирургиялық ота сәтті жасалды.

2 сағат 50 минутқа созылған операция барысында оның асқазанынан 900 грамм шаш түйіні алынған.

Мамандар мұндай жағдай медицинада өте сирек кездесетінін және көмек көрсетілмесе, асқынатынын ескертті.
😱12❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда жаңа жылдық гала-шоуда роботтар өнер көрсетті

Қытайда «Көктем» мерекесіне арналған гала-шоуда Unitree Robotics компаниясының заманауи гуманоид роботтары өнер көрсетті.

Шарада роботтар балалармен бірге синхронды жекпе-жек өнері қойылымдарын орындап шықты.
🤝7👎2
🖥Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
Бір ғана фото арқылы бет әлпет пен дауысты айнытпай келтіріп алдаудың жаңа тәсілі пайда болды.

👩🏻‍🏫Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге
тыйым салынуы мүмкін
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

🏭Экологиялық автомобиль мен
авиация отынын өндіретін зауыт салынады
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

📉Елімізде жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеген
Былтыр 434 бала буллингке ұшыраған.

📌«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 4 басым бағыттан тұрады
Құжатта қандай мәселелер қамтылған?

🌊Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
Ал теңізге тіршілігі байланған жергілікті жұрт байыпты бастамадан үлкен үміт күтіп отыр.

🥇Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
Осылайша «Алтыналмас» кәсіпорнының Қарағанды облысындағы кен орындары жылына 6 млн тоннаға жуық кен өңдей бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👌4❤‍🔥1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Михаил Шайдоровтың гала-концерттегі образы белгілі болды

⛸ Бұл туралы Олимпиада чемпионы «Qazsport» телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында айтты.

🐼 Отандасымыз 21 ақпан күні Миланда үздіктердің қатысуымен өтетін кеште панданың образымен өнер көрсетеді.

📺 Жуырда «Qazsport» телеарнасынан Михаил Шайдоровтың эксклюзивті сұхбаты шығады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝8👍4❤2🎉1
Ұлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді

🔐 Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады. «Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды.

❗️Есіңізде болсын:
* Банктер SMS-код сұрамайды;
* Карта деректерін беруге болмайды;
* Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.
Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.

Алаяқтық дерегіне тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
❤3⚡3
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында үш бірдей жүлдені жеңіп алды

Астанада өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалінде алматылық барлық команда жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан намысын әлемдік финалда - Хьюстон қаласында (АҚШ) қорғайтын болды.

FIRST LEGO League Challenge санатында «ALASH» командасы ІІ орынға ие болып, Грекияның Софико қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Ал «KAZBOTS» командасы Core Value Award номинациясының жүлдегері атанып, Қазақстан атынан Бейжіңде (Қытай) өтетін жарысқа қатысады.

Айта кетейік, ауқымды додаға 7 елден 3 мыңнан астам оқушы қатысты.
❤6👍6
💰Жыл басынан бері қазақстандықтарға 395 млн теңге зейнетақы төленді

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 263,9 млн теңге. Қазір елде 2 млн 538 мың зейнетке бар.

2026 жылғы 1 ақпандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады.
🔥2
🕌2026 жылғы Ораза кестесі

Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

📌Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🙏1