Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🖥Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
Бір ғана фото арқылы бет әлпет пен дауысты айнытпай келтіріп алдаудың жаңа тәсілі пайда болды.

👩🏻‍🏫Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге
тыйым салынуы мүмкін
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

🏭Экологиялық автомобиль мен
авиация отынын өндіретін зауыт салынады
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

📉Елімізде жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеген
Былтыр 434 бала буллингке ұшыраған.

📌«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 4 басым бағыттан тұрады
Құжатта қандай мәселелер қамтылған?

🌊Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
Ал теңізге тіршілігі байланған жергілікті жұрт байыпты бастамадан үлкен үміт күтіп отыр.

🥇Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
Осылайша «Алтыналмас» кәсіпорнының Қарағанды облысындағы кен орындары жылына 6 млн тоннаға жуық кен өңдей бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👌4❤‍🔥1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Михаил Шайдоровтың гала-концерттегі образы белгілі болды

⛸ Бұл туралы Олимпиада чемпионы «Qazsport» телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында айтты.

🐼 Отандасымыз 21 ақпан күні Миланда үздіктердің қатысуымен өтетін кеште панданың образымен өнер көрсетеді.

📺 Жуырда «Qazsport» телеарнасынан Михаил Шайдоровтың эксклюзивті сұхбаты шығады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝8👍4❤2🎉1
Ұлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді

🔐 Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады. «Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды.

❗️Есіңізде болсын:
* Банктер SMS-код сұрамайды;
* Карта деректерін беруге болмайды;
* Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.
Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.

Алаяқтық дерегіне тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
❤3⚡3
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында үш бірдей жүлдені жеңіп алды

Астанада өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалінде алматылық барлық команда жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан намысын әлемдік финалда - Хьюстон қаласында (АҚШ) қорғайтын болды.

FIRST LEGO League Challenge санатында «ALASH» командасы ІІ орынға ие болып, Грекияның Софико қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Ал «KAZBOTS» командасы Core Value Award номинациясының жүлдегері атанып, Қазақстан атынан Бейжіңде (Қытай) өтетін жарысқа қатысады.

Айта кетейік, ауқымды додаға 7 елден 3 мыңнан астам оқушы қатысты.
❤6👍6
💰Жыл басынан бері қазақстандықтарға 395 млн теңге зейнетақы төленді

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 263,9 млн теңге. Қазір елде 2 млн 538 мың зейнетке бар.

2026 жылғы 1 ақпандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады.
🔥2
🕌2026 жылғы Ораза кестесі

Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

📌Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🙏1